16-оқушы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
Жүргізуші-2: Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Ерлікпенен атырып әрбір таңды
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
Хор. «Атамекен» орындайтын 8 «Ә» сынып оқушылары
1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман!
2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте!
1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін! Той тойға ұлассын!
1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты тәрбие сағаты аяқталды! Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |