Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері Білім теңіз, түбі де, шегі де жоқ



Дата27.11.2022
өлшемі16,58 Kb.
#52994
Байланысты:
эссе


Эссе
Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері
Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ
Жүсіп Баласағұни
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап тәуелсіз еліміздің алдына білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсаты қойылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылып, тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді. Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған тәуелсіз елді әлем таныды. Әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ­стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық­­аралық озық тәжірибеге негіз­дел­ген білім беру бағдарламаларын ен­­гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт­та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. 
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойды. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты талаптардың бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту – бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту – «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» – деген болатын. Сондықтан, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырып отыруы тиіс.
Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептеймін. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады.
Бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі қоғамның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – әрбір жас ұрпақтың бойына бәсекеге қабілетті құндылық қасиеттерді қалыптастырып, дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралылығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Сондықтан, оқушылардың оқу–тәрбие үрдісінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мұғалімнің шеберлігімен байланысты. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзіреттілік тұрғыда дамыта отырып, нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – біздің қолымызд
Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу ұстаздардың үлесінде.
Ғұлама ғалым әл Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең. Олай болса, осы жолда білек түре еңбек ету, біздің парызымыз. Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын бәсекеге қабілетті ету жолында аянбай еңбек етейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет