TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова
76
ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басындағы
қазақ прозасы тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің әлем өркениетіндегі
классикалық үрдістер көрсеткіштерімен деңгейлес сипатымен
бағалана алады. Қазақ әдебиеті шығармаларының ұлттық
негізділігін сақтай отырып, әлем әдебиеті арналарымен бірге
көркемдік дамудың жаңа жетістіктеріне жетуі жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан мәдениетінің мәңгілік тұғырын нығайта түседі.
Бұл – қазақ сөз өнері дамуының мәңгілік шығармашылық
қозғалыстағы жолы.
Достарыңызбен бөлісу: