Биыл Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағанына 30 жыл толып отыр.Осы жылдар ішінде Қазақстан басқа мемлекеттер үшін ғасырларға созылған қиын жолдан өтті. Бұл халқымыздың қолдауының арқасында мүмкін болды. Онсыз біз бүгінгі Қазақстанды құра алмас едік. Кейінгі болашақ енді жастарымыздың қолында. Жастар әрқашан мемлекетте болып жатқан барлық өзгерістерге қатыгездікпен және сезімталдықпен қарайтын қоғамның ең белсенді және прогрессивті бөлігі болып саналды. 30 жыл ішінде мемлекетіміз айтарлықтай саяси және экономикалық биіктерге жетті. Ал мұның бәрі тәуелсіздік алған кезде болды. Бүгінде еліміз әлемнің дамыған елдерінің қатарына сенімді түрде қосылып келеді.
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді.1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
Қазақ жерінің шекаралық аумағы бекітілгеніне-101 жыл.1920 жылы 26 тамызда Қырғыз АССР-ін құру және оның территориясын белгілеу туралы декрет жарық көрді. Қазақ шекарасын анықтау ісіне Алаш зиялылары қыруар еңбек сіңірді.
Ұлт жанашырлары жайлы:
XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
ХХ ғ. басындағы алдыңы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресті.Олардың ішінде әсіресе Мағжан Жұмабаев өз өлеңдері арқылы туған жерге деген махаббатын білдірген.Ол– поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.Солар секілді зиялы ұрпақ тәрбиелеу қазіргі заманның басты мақсаты деп есептеймін.«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік.
Біз тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағымыз, ал болашағымыз біздікі. Тұрақты алға басып келе жатқан еліміздің жетістіктеріне қуанамын.
Егемендік құрдастарымыздың әрқайсысы өз иығымызға түсетін ерекше мақтаныш пен жауапкершілікті сезінетініне сенімдімін. Демократиялық және еркін елде өмір сүріп жатқан жастарымыздың болашағы жарқын. Біз өз елімізде ғана емес, шетелде де білім ала аламыз. Қазақстанның дамуы үшін маңызды көптеген қызықты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар.