ТӘУКЕ ХАН
Тәуке болып ханымыз ,
Рахат тауып жанымыз ,
Он сан алаш бірігіп
Ойран болды жауымыз .
( Халық өлеңі )
Елді елдікке , ынтымаққа , бірлікке бастайтын және сол жолда жанын
сала күрескен ерлерді туғызатын заман . Қазақ халқы өзінің , бұрынғы - соңғы
тарихында басынан небір замандарды өткізген . Олай болса талайлы тағдыр
Қилы өмірден із - түзсіз өте шығуы мүмкін емес . Тарихтың терең - терең
қатпарларына көз жіберер болсақ , елдiң есiмен санасында ұзақ уақыттан бері
сақталып келе жатқан небір орасан салиқалы оқиғалардың сокпақтарынан
аңғарамыз.Сол сокпактардың бойында еліне елеулi енбек сіңіріп ,
қаһарманның кызыметін аткарған ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта
қалдырған іздері әлі күнге сайрап жатыр . Солардын бірі Тәуке хан .
1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандыктардың билігі Жәңгірдің баласы
Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардын, ел
силаған билердің колдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын
жоғары ұстады.
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат
жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға
қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар
қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату- тәтті, жақсы қарым-
қатынас орнатуға және Қазақ жерлерін сырттан төнген қауіп қатерден
қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия
хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген
міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту
болды.Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі
жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді.
Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен
қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын
бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында "Жеті жарғы"
деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы
кұрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік
кұрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдін бірлігін,
ынтымағын ойлап, халыкты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен
әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ
мемлекетінің саяси- құқық жүйесін белгілеп, халыкты бірлікке, ынтымаққа
шақырды. Тауке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз
дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде кызметке тартты.
Сөйтіп, казак халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның
халыкка кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға
сай құқықтық құжат емес, сонымен катар көшпелі қазақ халқының этникалык,
шаруашылықты ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктеріне сай
келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті
қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген.
"Жеті жарғы" көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның
негізгі баптарының мазмұны:
- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердін құнын төлеу (ер
адамға- 1000 қой, әйелге-500);
- ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны
ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
- денеге закым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармак - 100 қой,
шынашақ - 20 қой);
- егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады. Мұндай кылмысты екіқабат
әйел жасаса, жазадан босатылады);
- төре мен кожаның құны қарашадан 7 есе артык төленеді;
-егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді: ата-анасы өз баласының
өлімі үшін жауапка тартылмайды, ал апасы баласын қасақана өлтірсе, өлім
жазасына кесіледі;
- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;
-егер екікабат әйелді атты кісі кағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлык
бала үшін бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға әр айына 1 түйеден (анықтама
үшін 100 түйе - 300 атқа немесе 1000 койға тең);
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай
қылмыс үшін еріне, немесе кыздын ата- анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт
өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;
- егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге қақылы, бірақ
қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп
күмәнданған еркектін сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп
табылып, жазадан босатылады;
-біреудін әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге
бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе,
күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы
үшін айып салынады;
- кан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген
жазаға бұйырылады;
-кұдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
- кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
- құл өмірі кұнсыз, ол қожайынның билігінде;
-ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі кара
сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал
кыз қол-аяғы байланып анасынын билігіне беріледі;
- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс; -ерінін ұрлығын біле
тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің
үстінен шағым айту әбестік саналады;
- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
-барымтадан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс;
- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
- куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
-билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
-егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басынын рұқсаты арқылы
барымтамен алуға болады;
-ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
-егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал
мүлкі әкесіне тиесілі. (Жеті жарғы бөлімдері Ч.Мусин Қазақстан тарихы,
Алматы.2005, 151-беттен алынды)
Тауке хан заң баптарынын орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған
барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін
талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген.
Халык
жиналысына
бірде-бір
қазақтың
қару-жараксыз
келуіне
болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап
көрсетілген. Сондай-ақ қару ұстап жүре алатын кез- келген адам хан мен
билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп
отыруға тиісті болған.
Тәуке ханныц "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманнын
талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, кылмысты істер, азаматтық құқық
өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, күн дауы туралы
ережелер енгізіліп, ол қазақ коғамы өмірінің барлық жағын түгел камтыды.
Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте казак қоғамында зандылықты,
тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.
Қорытынды. Тәуке хан қайтыс болар алдында «Халық тіршілігі –
бірлікте» деген өсиет қалдырды . Содан бері талай ғасыр өтті , бірақ бұл сөз
әлі өз мән - мағынасын жоғалтқан жоқ . Тәуке хан ұлан байтақ қазақ жері мен
қазақ елінің азатығы үшін күрескен ұлы тұлға . Оның ұлт жадынан өшуі
мүмкін емес . Тарих уақыт өткен сайын тереңдей түспек . Сонымен қатар
ондағы тұлғалардың бет - пердесі айқындала түспек . Тәукеде сондай
тұлғалардың бірі . Оның өмір жолы мен еңбектері әлі де зертеулерді қажет
етеді .
Достарыңызбен бөлісу: |