Тұңғыш президент



Дата06.01.2022
өлшемі12,71 Kb.
#12296

Тұңғыш президент

Қазақстан елінің дамып жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға ˗ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев ˗ өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдап басатын айбарлы адам. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді, оны халық әрдайым қолдап отырды. Әрине, Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы түрлі қиындықтарға мойымай, қазақ халқының құлаған іргесін қайта көтеруге бар күшін жұмсады. Елбасымыздың осындай күш-жігерінің арқасында еліміз көп жетістіктерге жетіп жатыр. Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне мен сенемін. Елбасының елең еңбегінің арқасында біз ел болып қалыптасып, басқа елдермен тереземізді тең ұстадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік алып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Мен халқымның осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін. Нұрсұлтан Назарбаевтай ұлы тұлғаның есімі тарихта алтын әріптермен жазылатынына мен кәміл сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет