Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі.Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.
Көрсетілім:
Судың және топырақтың құрамында йод жетіспейтін аймақта тұратын, қалқанша бездері ұлғайған бірнеше әйелдің суреттерін көрсету (Рубенс бойынша).
1
11.
Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.
1
12.
Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі . Қантты диабет . Бүйрек үсті бездері, гипофиз,қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.
1
Ш бөлім. Жүйке жүйесі(5 сағат).
13.
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейронның құрылысы: нейрон денесі, дендриттер, аксон, рецептор, синапс. Қозу және тежелу. Рефлекс және рефлекстік доға. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.
№2 зертханалық жұмыс.
Тізе рефлексін зерттеу.
1
14.
Жұлын. Жұлынның ақ және сұр заттары, орталық өзегі. Жұлыннан шығатын жүйкелер. Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметі.
1
15.
Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі: сопақша ми, көпір, мишық, ортанғы және аралық ми, үлкен ми сыңарлары.
Көрсетілім:
Сопақша мидың рефлекстері: көзді жыпылықтату, жұтыну. Мишықтың қызметі: қимылды үйлестіру (саусақмұрын байқауы), тепе-теңдікті сақтау.
1
16.
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу. Еркін қозғалысты қамтамасыз етуде маңдай бөлігінің рөлі. Ми қыртысының сөз сөйлеу орталықтары.
№3 зертханалық жұмыс.
Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі.
1
17.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.
№4 зертханалық жұмыс.
Терінің штрихті тітіркенуі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырларының тарылуы байқалады (теріде ақ жолақтар көрінеді), ал одан кейін парасимпатикалық бөлімнің әсеріне байланысты қан тамырларының кеңейуі жүреді (теріде қызыл жолақтар пайда болады).