Тығыз талшықты дәнекер тіндер барлық тіндерге ортақ белгіге ие - жасушааралық заты көп. Сондықтан талшықты дәнекер тіндерді өзіндік дәнекер тіндер деп те атайды. Талшықтар мен жасушалар арасындағы бос кеңістіктер жасушааралық заттардың екінші құрамдасы- негізгі аморфты затпен толтырылған. ЖАЗ – тіндердің басты компоненті болып табылатын жасушалық элементтердің өнімі.
Талшықты дәнекер тін функциялары: 1) Трофикалық 2) Биомеханикалық 3) Қорғаныш 4) Регуляторлық және морфогенездік 5) Пластикалық
Тығыз дәнекер тіні көптеген тығыз орналасқан талшықтардан біршама клеткалардан және аморфты заттан тұрады.Талшықтардың тығыз орналасуына байланысты тығыз қалыптасқан және тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы болып бөлінеді.Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында талшықтар ретсіз орналасқан.Коллагенді талшықтар беріктік үшін жуан шоқтарды құрып, тармақталған эластинді талшықтармен бірігіп тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасының механикалық негізін түзеді. Онда клеткадан фиброциттер басым болады.Бұл ұлпа терінің торлы қабатын құрайды.Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасына ретпен орналасқан талшықтар тән.
Бұл ұлпа сіңірде,байламдарда,фиброзды мембраналарда кездеседі.Сіңірде коллагенді талшықтар сіңірдің бойымен бір біріне параллель орналасқан шоқтарға жиналған. Тығыз жатқан шоқтар арасында сіңір клеткалары-тендиноциттер,біршама тендинобластар және негізгі аморфты зат орналасады. Сіңір мүше ретінде тығыз дәнекер ұлпасымен қатар борпылдақ дәнекер ұлпасымен тұрады.Борпылдақ дәнекер ұлпасының қабаттары тығыз дәнекр ұлпасыныңшоқтарын бөліп тұрады.
Тығыз талшықты дәнекер тін
Ерекшелігі: Жасушалары аз болады,талшықтары көп болады.Аморфты заты аздау болып келеді.
Талшықтары көбіне-коллагенді.Коллаген талшықтары өзара қалың байламдарға біріктірілген.Сол себепті,олар тығыз болып келеді.Коллагенді талшықтардың көптілігінен бұларда жасуша ішілік оксифилия айқын байқалады.Оксифилия-қышқылдық бояумен бояу үдерісі.Оларға:орэндж G,эритрозин.пикрин қышқылы,эозин жатады.
Олар сіңірлік жасушалар немесе тендиноциттерден тұрады.Бойлық кесінділерде бұл жасушалардың пішіні параллелограмды,ромб немесе трапеция тәріздес,ал көлденең кесінділерде-жұлдызша пішінді.
Бірінші ретті будалар –эндотенониймен қоршалған(Нәзік дәнекертінді қабат).
Эндотенонийда қан мен лимфа тамырлары,нерв тармақтары өтеді.Олар сіңірдің тартылу күйі туралы сигнал береді.
Екінші ретті будалар-перитенониймен қоршалған(қалыңдау дәнекертінді қабат).Қан,лимфа тамырлары,нервтер өтеді.
Байламдар:
Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын, сіңірлерге ұқсас құрылған анатомиялық құрылымдар. Бірақ байламдарда коллагенді талшықтардың кеңістіктік орналасуы ретсіздеу болып келеді. Кейбір байламдардың құрамында эластикалық талшықты будалардың мөлшері көп болады. Мысалы: желке байламында, дауыс және омыртқаның сары байламдарында.
Қорытынды: ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ТІНІ тығыз талшықты дәнекер тіні дәл борпылдақ талшықты дәнекер тінді құрайтын құрамдастардан тұрады, бірақ мұнда олардың сандық арақатынасы өзгеше болады. Тығыз талшықты дәнекер тінде талщықты құрылымдардың массасы және алатын көлемі жасушалар мен негізгі аморфты заттан басым болады. Коллагенді талшықтар арасында арнайы бояулар қолданғанда эластикалықталшықтардың нәзік торы айқындалады. Коллагенді талшықтардың реттелу дәрежесіне байланысты пішімделмеген және пішімделгентығыз талшықты дәнекер тіндер болып бөлінеді.Тығыз талшықты дәнекер тініСаусақ терісі