Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіруге қойылатын Талаптар



бет177/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіруге қойылатын Талаптар

Қағидаты


Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру тиісті өндірістік практика стандартының I және II бөліктерінде келтірілген қағидаттарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы қосымша радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіруге тән ережелерді белгілейді.


Осы қосымша радионуклидті генераторларды және заңнамаға сәйкес реагенттер жиынтығын пайдалана отырып, мамандандырылған дәріханаларда (ауруханалық немесе өз бетінше жұмыс істейтін) радиофармацевтикалық дәрілік заттарды дайындауға қолданылмайды.


Осы қосымша радионуклидті генераторларды және заңнамаға сәйкес реагенттер жиынтығын пайдалана отырып, мамандандырылған дәріханаларда (ауруханалық немесе өз бетінше жұмыс істейтін) радиофармацевтикалық дәрілік заттарды дайындауға қолданылмайды.


Радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес радиацияны медициналық мақсатта қолдану үшін жауапкершілік медицина қызметкерлеріне жүктеледі. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды диагностикалық және терапевтік мақсаттарда қолдану кезінде, қажет болған жағдайда, медициналық физика бойынша маманның болуы қамтамасыз етілуге тиіс.


Осы қосымша клиникалық зерттеулерде пайдаланылатын радиофармацевтикалық дәрілік заттарға да қолданылады.


Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды тасымалдау Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі талаптарына және заңнама талаптарына сәйкес орындалады.


Осы қосымшада келтірілгеннен өзгеше, бірақ өнім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауға мүмкіндік беретін әдістер пайдаланылуы мүмкін. Өзге әдістер валидациялануы және кем дегенде осы қосымшаның талаптарына баламалы сапа деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.


Кіріспе


1. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру және олармен жұмыс істеу ықтимал қауіп төндіреді. Тәуекелдер деңгейі, атап айтқанда, иондаушы сәулелену түріне, сәулелену энергиясына және радионуклидтердің жартылай шығарылу кезеңіне байланысты. Айқаспалы контаминацияның алдын алуға, радиоактивті материалдардың қалдықтарын сақтауға және қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару керек.


2. Кейбір радионуклидтердің сақтау мерзімі қысқа болғандықтан, олардың құрамында радиофармацевтикалық дәрілік заттарды сапаны бақылау сынақтары аяқталғанға дейін айналымға шығаруға жол беріледі. Бұл жағдайда арнайы рәсімде персоналдың жауапкершілігін және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін үздіксіз бағалауды қоса алғанда, шығаруға рұқсат беру тәртібі нақты және егжей-тегжейлі айқындалуға тиіс.


3. Осы қосымшаның қолданылу саласы өнеркәсіп өндірістерінің, ядролық орталықтардың, мынадай өнім түрлерін өндіру және сапасын бақылау жөніндегі институттар мен ПЭТ-орталықтардың қызметі болып табылады:


радиофармацевтикалық дәрілік заттар;


ПЭТ үшін радиофармацевтикалық дәрілік заттар (позитронды-эмиссиялық томография); радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру үшін радиоактивті прекурсорлар;


радионуклидті генераторлар.



Өндіріс түрі



Әрекет қолданылмайды*



Тиісті өндірістік практика стандартының II және III бөліктерінің талаптарын орындау қажет (өндіріс сатысы дайын өнімге жақындаған сайын талаптар күшейтіледі), оның ішінде жауап беретін қосымшалар



Радиофармацевтикалық дәрілік заттар;


ПЭТ арналған радиофармацевтикалық дәрілік заттар;



реакторлар мен циклотрондар өнімдері**



химиялық синтез



тазалау кезеңдері



өңдеу, дайындау, мөлшерлеу



асептикалық өндіріс немесе соңғы зарарсыздандыру



Радионуклидті генераторлар



реакторлар мен циклотрондардың өнімі2



технологиялық процесс (колонканы, генераторды құрастыру,


генераторды зарядтау және т. б.)



* Циклотроннан синтез қондырғысына берілу нысаны мен жүйесін белсенді фармацевтикалық субстанцияларды өндірудің бірінші кезеңі ретінде қарастыруға болады.


** Радионуклидтің сәулеленген радиоактивті нысанадан радиохимиялық бөлінуі нәтижесінде алынған өнім.


.


*** Сәулеленген радиоактивті нысанадан аналық радионуклидтің радиохимиялық бөлінуі нәтижесінде алынған өнім.


4. Дайын радиофармацевтикалық дәрілік затты өндірушінің белсенді фармацевтикалық субстанцияны, дайын радиофармацевтикалық дәрілік затты өндірудің технологиялық процесінің сипаттамасы болуы және тиісті өндірістік практика стандартының (I немесе II бөлім) әртүрлі технологиялық операцияларға (сатыларға) қандай талаптары қолданылатынын көрсетуі тиіс.


5. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру радиациялық қауіпсіздік нормаларының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.


6. Парентералдық енгізуге арналған радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру тиісті жағдайларда тиісті өндірістік практика стандартының № 1 қосымшасына сәйкес өндірістің асептикалық шарттарын сақтай отырып, осындай дәрілік заттардың стерильділігіне қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.


7. Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын бақылаудың ерекшеліктері мен әдістері Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопеясында не ұлттық фармакопеяларда немесе осы дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасында белгіленеді.


Клиникалық зерттеулер


8. Клиникалық зерттеулерге арналған радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіруге тиісті өндірістік практика стандартының № 13 қосымшасының талаптары да қолданылады.


Сапаны қамтамасыз ету


9. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру кезінде сапаны қамтамасыз ету олардың ерекше ерекшеліктеріне, сериялардың аз көлеміне және кейбір жағдайларда сапаны бақылау аяқталғанға дейін оларды медициналық қолдану қажеттілігіне байланысты ерекше мәнге ие.


10. Өнімді контаминациядан және айқаспалы контаминациядан қорғау кез келген дәрілік заттарды өндіру кезіндегідей қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ бұл жағдайда өндірістік орта мен персоналды иондаушы сәулеленуден қорғау үшін қосымша талап қойылады. Бұл сапаны қамтамасыз ету жүйесі өте маңызды екенін білдіреді.


11. Үй-жайлар мен процестерді бақылау деректерін мұқият тіркеу өте маңызды. Бұл деректерді бағалау серияларды айналымға шығару процесінің бөлігі болып табылады.


12. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру кезінде қажетті көлемде біліктілік пен валидация жүргізу керек. Біліктілік және валидация бойынша жұмыс көлемін анықтау үшін тиісті өндірістік практика және радиациялық қауіпсіздік стандарты талаптарының комбинациясына ерекше назар аудара отырып, тәуекелдерді басқаруға негізделген тәсіл қолданылуы тиіс.


Персонал


13. Барлық технологиялық операцияларды радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындығы бар персонал орындауы тиіс. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндірумен, сапасын бақылаумен және шығарумен айналысатын Персонал радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты тиісті оқудан өтуі тиіс. Уәкілетті тұлға радиофармацевтикалық дәрілік заттарды шығаруға толық жауапты болады.


14. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру аймақтарында жұмыс істейтін Персонал (жинаумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатындарды қоса алғанда) процестер мен өнімдердің ерекшелігіне байланысты қосымша оқудан өтуі тиіс.


15. Егер өндірістік үй-жайлар мен жабдықтар зерттеу жүргізу үшін де пайдаланылса, онда зерттеу персоналы тиісті өндірістік практика стандартын оқытудан өтуі тиіс. Сапаны қамтамасыз ету қызметі олардың өндіріске қауіпті әсерін болдырмау үшін зерттеуге байланысты жұмыстарды қарауға және жүргізуге рұқсат беруі тиіс.


Үй-жайлар мен жабдықтар


Жалпы ережелер


16. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіру өндірістік ортаға және радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар орындалатын бақыланатын аймақтарда жүргізілуі тиіс. Барлық технологиялық операциялар радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіруге арналған үй-жайларда және жабдықтарда орындалуы тиіс.


17. Персоналдан, бастапқы шикізат пен материалдардан, радионуклидтерден және т.б. айқаспалы контаминацияны болдырмау жөнінде шаралар қабылдау керек. Ашық түрдегі жабдықты пайдалану кезінде немесе Жабдықты ашу кезінде контаминация қаупін барынша азайту бойынша шаралар қабылдау керек. Тәуекелдерді бағалау кезінде өндірістік ортаның тазалығы өнім түріне қойылатын талаптарды қанағаттандыратындығын көрсету керек.


18. Өндірістік аймақтарға кіру киім ауыстыруға арналған үй-жайлар (санөткізгіштер) арқылы жүзеге асырылуы тиіс және оларға кіруге құқығы бар персонал үшін ғана рұқсат етілуі тиіс.


19. Радиация деңгейіне, бөлшектер мен микроорганизмдердің концентрациясына қатысты жұмыс орындары мен өндірістік ортаға мониторинг жүргізу керек. Мониторинг жүргізу тәртібі пайдалану біліктілігі (PQ) кезінде белгіленеді.


20. Пайдаланылатын үй-жайлар мен жабдықтардың тиісті және біліктіліктен өткеніне кепілдік беру үшін профилактикалық техникалық қызмет көрсету, калибрлеу және біліктілік жүргізу қажет. Бұл жұмыстарды дайындалған персонал орындауы керек, ал оларды жүзеге асыру фактісі мен нәтижелері жазбаша құжат түрінде жасалуы керек.


21. Өндірістік аймақты радиоактивті ластанудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау керек. Радиоактивті ластануларды дозиметрлердің көмегімен тікелей әдіспен немесе жанама түрде – белгіленген тәртіппен шайындылар әдісімен тиісті бақылауды ұйымдастыру керек.


22. Өніммен жанасатын жабдықтың беттері онымен реакцияға түспеуі, ештеңе бөлмеуі және радиофармацевтикалық дәрілік заттың сапасын өзгертпейтіндей етіп өнімді сіңірмеуі тиіс.


23. Радиофармацевтикалық дәрілік заттармен жұмыс орындалатын үй-жайлардан ауаны рециркуляциялау, рециркуляцияны қолдану негізделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. Сору жүйелерінде қоршаған ортаны радиоактивті бөлшектермен және газдармен ластанудан қорғау көзделуі тиіс. Бақыланатын аймақтарда бөлшектермен және микроорганизмдермен контаминациядан қорғау көзделуі тиіс.


24. Радиоактивті бөлшектердің таралуына жол бермеу мақсатында Ашық өнім орналасқан аймақтарда қоршаған аймақтарға қатысты теріс қысымды ұстап тұру қажет. Сонымен қатар, өнімді өндірістік ортадан ластанудан қорғау керек. Бұған қысым каскады қағидаты бойынша жұмыс істейтін тосқауыл технологиясы мен әуе шлюздерін қолдану арқылы қол жеткізуге болады.


Стерильді өнім өндіру


25. Стерильді радиофармацевтикалық дәрілік заттар екі топқа бөлінеді: асептикалық жағдайларда шығарылатын дәрілік препараттар және мәрелік стерильдеуге жататын дәрілік препараттар. Өндірісте орындалатын операциялардың түріне сәйкес келетін өндірістік ортаның тазалық деңгейі сақталуы керек. Тиісті өндірістік практика стандартының № 1 қосымшасында келтірілген өнім немесе бастапқы (ішкі) қаптама қоршаған ауамен байланыста болуы мүмкін жұмыс аймақтарының тазалығына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.


26. Қысымның өзгеруіне, ауа ағынының бағытына және оның сапасына қойылатын талаптарды анықтау үшін тәуекелдерді бағалау әдістерін қолдануға болады.


27. Әдетте, химиялық синтез қондырғыларын, тазарту жүйелерін, "желіде" зарарсыздандыратын сүзгілеуді орналастыратын ыстық камералар болып табылатын жабық автоматтандырылған жүйелерде тазалық сыныбын қамтамасыз ету жеткілікті. Асептикалық операциялар А сыныбының үй-жайында (аймағында) орындалуы тиіс.


28. Өндіріс басталғанға дейін стерильді жабдықтар мен компоненттерді (түтіктерді, стерильдеу сүзгілерін) құрастыру, сұйықтықтарды беру желілерін тығындалған герметикалық стерильді сауыттарға қосу асептикалық жағдайларда орындалуы тиіс.


Құжаттама


29. Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды өндіруге қатысты барлық құжаттар жазбаша құжат нысанында қабылданған рәсімге сәйкес әзірленуі, келісілуі, бекітілуі және берілуі тиіс.


30. Бастапқы шикізатқа, өлшеп-оралған материалдарына, таңбалауға арналған материалдарға, сапасы үшін сыни аралық материалдарға және дайын радиофармацевтикалық дәрілік заттарға қойылатын талаптар спецификацияларда көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын және өнім сапасына сыни әсер етуге қабілетті сапаға арналған сыни материалдар мен компоненттерге (қосалқы материалдар, тығыздағыштар, стерильдеулайтын сүзуге арналған жиынтықтар және т.б.) ерекшеліктер болуы тиіс.


31. Радиофармацевтикалық дәрілік заттар үшін шығарылу сәтіндегі және жарамдылық мерзімі кезеңіндегі ерекшеліктерді қоса алғанда (мысалы, радиохимиялық тазалық, көлемдік белсенділік, радионуклидтік тазалық және меншікті белсенділік үшін) қолайлылық өлшемдерін белгілеу керек.


32. Негізгі жабдықты пайдалану, тазалау, дезинфекциялау немесе стерильдеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі жазбаларда операцияны орындау күні мен уақыты көрсетілуі тиіс, жұмысты орындаған адамның қолы қойылуы тиіс және қажет болған жағдайда өнімнің атауы мен серия нөмірі көрсетілуі тиіс.


33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, жазбалар кемінде 3 жыл сақталуы керек.


Өндіріс


34. Радиоактивті заттармен айқаспалы ластану немесе материалдарды араластыру қаупін барынша азайту мақсатында бір жұмыс аймағында (ыстық камерада, ламинарлық аймақта немесе шкафта) әртүрлі радиофармацевтикалық дәрілік заттарды бір мезгілде өндіруге жол берілмейді.


35. Тиісті өндірістік практика Стандартының № 11 қосымшасына сәйкес компьютерлендірілген жүйелердің валидациясын қоса валидацияға ерекше назар аудару керек. Жаңа процестер перспективалық валидациядан өтуі тиіс.


36. Критикалық параметрлерді, әдетте, валидация жүргізілгенге дейін немесе жүргізу процесінде анықтау керек. Бұл жағдайда тұрақты өндіріс үшін қажетті параметрлердің өзгеруінің рұқсат етілген шекті мәндерін анықтау керек.


37. Асептикалық жағдайларда толтырылатын өнімдер үшін Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сүзгілердің стерильділігін сақтау қажеттілігін ескере отырып, мембраналық сүзгілердің бүтіндігіне бақылау жүргізу керек.


38. Дайын өнімнің радиациялық белсенділігін ескере отырып, өндіріс басталғанға дейін бастапқы қаптамаға таңба салуға жол беріледі. Стерильді бос жабық құтыларға толтыру операциясына дейін ішінара ақпараты бар таңба салынуы мүмкін, бұл ретте стерильділік бұзылмауы тиіс және толтырылған құтыларды көзбен шолып бақылау үшін кедергі болмауы тиіс.


Сапаны бақылау


39. Кейбір радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектер барлық химиялық және микробиологиялық сынақтар аяқталғанға дейін серияға арналған құжаттаманы бағалау негізінде шығарылуы және пайдаланылуы мүмкін.


Радиофармацевтикалық дәрілік заттарды шығаруға рұқсатты ресімдеу талдамалық бақылау толық көлемде аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін 2 және одан да көп кезеңде орындалуы мүмкін:


а) тағайындалған тұлғаның серияны өндіру бойынша жазбаларды бағалауы, ол өндіріс жағдайын және радиофармацевтикалық дәрілік заттарды "карантин" дәрежесінде клиникалық бөлімшелерге тасымалдауға рұқсат беруге дейін өткізілген талдамалық бақылауды қамтиды;


b) уәкілетті тұлға құжатта рәсімделетін, негізделетін және бекітілетін талдамалық бақылаудың соңғы нәтижелерін, қалыпты үдерістен барлық ауытқуларды саралағаннан кейін шығаруға рұқсат береді. Егер бақылаудың кейбір нәтижелерін дәрілік затты қолданғанға дейін алу мүмкін болмаса, онда дәрілік затты қолданғанға дейін Уәкілетті тұлға оны шығаруға шартты түрде рұқсат береді және бақылаудың барлық нәтижелері алынғаннан кейін дәрілік затты шығаруға рұқсатты толық ресімдейді.


40. Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың көпшілігі қысқа мерзімде қолданылады, бұл радионуклидтердің жартылай ыдырауының қысқа мерзімділігіне байланысты, сондықтан олардың пайдалану мерзімі нақты көрсетіледі.


41. Құрамында ұзақ мерзімде жартылай ыдырайтын радионуклидтері бар радиофармацевтикалық дәрілік заттардың барлық талаптарға сәйкес келуін Уәкілетті тұлға оны шығаруға рұқсат беруді ресімдегенге дейін бақылайды.


42. Активтілік деңгейін қажетті төмендетуді қамтамасыз ету үшін, сынаманы бақылау оны алғаннан кейін бірден жасалмайды. Бақылаудың барлық түрлері, стерильділігін бақылауды қоса, мейлінше жылдам жүргізіледі.


43. Өнімді және бақылау нәтижелерін бағалау тәртібін өнімді жібергенге дейін жазбаша түрде белгілейді.


44. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнім қабылданбайды. Егер материалды қайта өңдеу қарастырылса, ол алдын ала бекітілген шара бойынша орындалады. Дайын өнім бекітілген талаптарға сәйкес келеді, бұл ол шыққанға дейін дәлелденеді. Қайтарылған өнімді қайта өңдеуге жол берілмейді, ол тек радиациялық қалдық ретінде қаралады.


45. Өнім түсірілгеннен кейін пайдалану мерзімі өтпей тұрып оның спецификациясының талаптарына сәйкес келмеуі анықталса, Уәкілетті тұлғаның әрекет ету тәртібі арнайы рәсімде анықталады. Мұндай жағдайлар тексеріледі, келешекте ұқсас жағдайларды болдырмау үшін қажетті алдын алу және түзету шаралары атқарылады. Бұл үдеріс құжатпен ресімделеді.


46. Қажет болған жағдайда медициналық мекеменің жауапты қызметкерін хабардар ету қажет. Бұған қолдау көрсету үшін радиофармацевтикалық дәрілік заттардың қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі.


47. Бастапқы шикізат пен материалдарды бақылау тәртібі бекітіледі. Жеткізушіні таңдаған және бекіткен кезде оның жеткізетін бастапқы шикізаты мен материалдары спецификация талаптарына тұрақты түрде сәйкес келетіндігіне көз жеткізу қажет. Сыни үдерістерге арналған бастапқы шикізат, қапталған материалдар мен қосымша материалдар тек қана бекітілген жеткізушілерден алынады.


Бақыланатын және архивтік үлгілер


48. Ашылмаған радиофармацевтикалық дәрілік заттардың әр сериясынан саны жеткілікті үлгілер алынады, егер қауіпті басқару үдерісінде басқасы белгіленбесе, олар дайын өнімнің жарамдылық мерзімі өткеннен кейінгі алты айдан кем емес уақыт бойы сақталады.


49. Өндірісте қолданылатын бастапқы шикізаттың үлгілері, еріткіштер, газдар мен сулардан басқасы, өнім шығарылғаннан кейін екі жылдан кем емес уақыт сақталады. Бұл мерзім, егер шикізат өзіндік ерекшелігінде тұрақтылықтың өте қысқа мерзімі көрсетілсе, қысқартылуы мүмкін.


50. Жеке тапсырыс бойынша немесе аз мөлшерде шығарылған немесе оны сақтау ерекше қиындық тудыратын болса, бастапқы шикізаттың, материалдар мен өнімнің сынамасын алу мен сақтаудың басқа тәртібі уәкілетті органмен келісіліп анықталады.


Өткізу


51. Радиофармацевтикалық дәрілік заттар үшін дайын өнімді барлық қажетті зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бақыланатын жағдайда жеткізу мүмкіндігі бар. Осы қосымшаның 39-тармағына сәйкес бұл кезде сынақтың оң нәтижелері алынғанға және олар уәкілетті тұлғамен бағаланғанға дейін дәрілік зат медициналық мекемеде қолданылмайтынына кепілдік беріледі.


Терминдер мен анықтамалар


"Ыстық камера (hot-cell)" – радиоактивті материалдарды шығаруға және олармен жұмыс жасауға арналған экрандалған жұмыс орны. Ыстық камераның изолятор болуы міндетті емес;


"Дайындау (preparation)" – оған генератордан элюрленген радионуклидті енгізу арқылы, немесе бастапқы радиоактивті ізашарлардың көмегімен медициналық мекемеде жиынтық дайындау. Жиынтықтар, генераторлар және радиоактивті ізашарлар белгіленген тәртіпте тіркелген;


"Радиофармацевтикалық дәрілік заттар" – құрамында пайдалануға дайын түрдегі бір радионуклид немесе бірнеше радионуклидтер (радиоактивтік изотоптар) бар дәрілік заттар;


"Радиоактивті ізашарлар" (radiopharmaceutical precursor) – басқа затты қолданар алдында оған радионуклидтік белгіні енгізуге арналған радиоактивті зат;


"Уәкілетті тұлға" (Qualified Person) – дәрілік заттарды өндіруші тағайындаған тұлға, ол дәрілік заттардың мемлекеттік тіркеу кезінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін қадағалайды және дәрілік заттардың Тиісті өндірістік практика стандартының талаптарына сәйкес өндірілуіне кепілдік береді. Уәкілетті тұлғаның міндеттері осы Қағиданың І бөлімінің 2 тарауында және 16-қосымшасында толық сипатталған.



Тиісті өндірістік практика
(GMP) стандартына
№ 6-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет