Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-бөлім. Басқа тұлғаның орындауына берілетін қызметті басқару (аутсорсинг)



бет187/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

3-бөлім. Басқа тұлғаның орындауына берілетін қызметті басқару (аутсорсинг)

12. Сапа жүйесінде басқа тұлғаның орындауына берілген және сатып алуға, сақтауға, тасымалдау, жеткізу немесе экспорттауға қатысты кез келген қызметті бақылау мен талдау қамтылады. Аутсорсинг бойынша қызмет сапаға байланысты болжамды қауіптерді есепке алады және мыналарды қамтиды:


1) орындаушының шарт бойынша міндеттерін талапқа сәйкес орындау жарамдылығын және құзіреттілігін бағалау, сонымен қатар орындаушыда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат беретін құжаттарының бар-жоғын тексеру;


2) тараптардың жауапкершілігін, өзара әрекеттестігін және сапаға қатысты рәсімдер аясындағы әрекеттерге қатысты ақпарат алмасуды айқындау;


3) орындаушы қызметіне мониторинг және талдау жасау, сонымен бірге жақсартуға қажетті шараларды жүйелі негізде айқындау және енгізу.

4-бөлім. Басшылық тарапынан мониторинг және талдау жасау

13. Ұйым басшылығы сапа жүйесіне мерзім сайын шолу жасаудың қалыптасқан процесін айқындайды, онда мыналар қамтылады:


1) сапа жүйесінің мақсатқа қол жеткізу дәрежесін бағалау;


2) шағымдар саны, белгіленген нормалардан ауытқулар, түзету және сақтандыру әрекеттерінің тиімділігі, процестердегі өзгерістер, аутсорсингке берілген қызмет туралы пікірлер, қауіптерді талдау мен аудиттерді қоса алғанда, дербес тексеру процестері және инспекциялар мен аудиттерді, анықталған сәйкессіздіктерді, клиенттер аудиттерін қоса алғанда, сыртқы бақылау нәтижелері сияқты сапа жүйесі процестерінің тиімділігіне мониторинг жүргізуде пайдаланылатын тиімділік көрсеткіштерін бағалау;


3) нормативтік құқықтық актілердегі, нұсқаулардағы өзгерістер, сонымен қатар сапаны басқару жүйесіне ықпалын тигізетін сапаға байланысты жаңа жағдайлардың туындауы;


4) сапа жүйесінің тиімділігін арттыратын инновациялар;


5) іскерлік ортадағы және алға қойылған мақсаттардағы өзгерістер.


14. Сапа жүйесіне жасалған шолу нәтижелері басшылық тарапынан өз уақтылы құжатпен ресімделеді және персоналға мәлімет үшін жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет