5-параграф. ҚМЕ әрбір бөлімінің мазмұнына қойылатын талаптар 293. Кіріспеде келесі ақпарат болуы тиіс: 1) халықаралық тіркеу күні, есеп беру кезеңі және есеп берудің рет нөмірі; 2) дәрілік препараттың атауы, фармакотерапиялық класы, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетілімі, шығарылу түрі, дозасы, енгізу тәсілдері; 3) дәрілік препараттың тағайындалуымен ем қабылдап жүрген немесе клиникалық зерттеулерге енгізілген популяцияға қысқаша сипаттама; 4) ұсынылатын ҚМЕ-ге енгізілмеген ҚМЕ-дегі талап етілетін ақпаратқа қатысы бар кез келген қысқа сипаттама және түсініктеме. 294. ҚМЕ "Әлемдегі тіркеу статусы" бөлімі. ҚМЕ-нің осы бөлімінде әлем елдерінде алғашқы тіркелген күні, қолдануға мақұлданған көрсетілімдері, тіркелген шығарылу күні және дозалары қамтылатын қысқа шолу ақпараты, ҚМЕ дайындауына тіркелген күнін көрсетіп ұсынылуы тиіс. 295. ҚМЕ "Қауіпсіздігі жөніндегі деректермен байланысты есеп беру кезеңі ішіндегі шаралар" бөлімде есеп беру кезеңі ішінде әрі қарай созылған клиникалық зерттеулерге немесе сынақтарға да, сондай-ақ тіркеуден кейінгі қолданылуына да уәкілетті органдар, тіркеу куәлігін ұстаушы, клиникалық зерттеудің демеушісі немесе тапсырыс берушісі, деректерді мониторингілеу/бағалау жөніндегі комитет, қауіпсіздігі жөніндегі деректер негізіндегі этика бойынша комитет тарапынан қабылданған елеулі шаралар ұсынылады, олар: 1) тіркелген дәрілік препараттың пайда-қаупі арақатынасына елеулі ықпалын тигізген; және (немесе) 2) нақты клиникалық зерттеу(лер) жүргізуге немесе жалпы дәрілік препаратты клиникалық жасау бағдарламасына ықпалын тигізген. Бөлімде осы шараларды қолдану үшін негіздер және қажет болғанда, егер мұндайлар бар болса, қосымша ақпарат көрсетілуі тиіс. 1. зерттелетін дәрілік препаратқа қатысты қолданылатын шараларға мыналар енгізілуі мүмкін: 1) қауіпсіздік аспектілері немесе этикалық мәселелері бойынша клиникалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуге рұқсат беруден бас тарту; 2) қауіпсіздігі немесе емдік тиімділігінің жеткіліксіздігі жөнінде деректердің байқалу себебінен клиникалық зерттеулерді/сынақтарды ішінара немесе толық тоқтату немесе клиникалық зерттеулерді/сынақтарды жоспарланған мерзімнен ерте толық тоқтату; 3) зерттелетін дәрілік препаратты немесе салыстыру препаратын кері қайтару; 4) клиникалық зерттеулер барысында зерттелетін көрсетілімдері бойынша қолдануға рұқсат алудан бас тарту, тіркеуге өтініш беруді ерікті түрде кері қайтаруды қоса; 5) қауіпті барынша төмендету шараларын енгізу, мыналарды қоса: зерттеулер (сынақтар) хаттамасында қауіпсіздігі немесе тиімділігі бойынша деректер себеп болатын өзгерулер (дозалау режимінің өзгеруі, енгізу/енгізбеу өлшемшарттарының өзгерулері, зерттеу субъектілеріне мониторинг жөнінде қосымша шаралар енгізу, зерттеулер (сынақтар) ұзақтығын шектеу); зерттелетін популяцияны және қолдану көрсетілімдерін шектеу: қауіпсіздігі бейінінің аспектілерімен байланысты ақпараттық келісімдердің өзгерулері; құрамының өзгерулері; дәрілік препараттың қауіпсіздігі бойынша ақпаратты ұсынудың ерекше тәртібі бойынша уәкілетті органдардың қосымша талаптары; зерттеуші дәрігерлерді немесе медицина персоналын арнайы хабардар ету; және қауіпсіздік бейінінің аспектілері бойынша жаңа зерттеулер жүргізуді жоспарлау. 2. Тіркелген дәрілік препаратқа қатысты қолданылатын шараларға мыналар қамтылады: 1) тіркеу куәлігінің қолданылысын ұзартудан бас тарту; 2) тіркеу куәлігін тоқтату немесе кері қайтару; 3. Қауіпті барынша төмендету жоспарын енгізу, мыналарды қоса: 1) қауіпті барынша төмендетудың өзге шараларының таратылуына немесе енгізілуіне елеулі шектеулер; 2) тағайындау көрсетілімдерін немесе дәрілік препарат тағайындалатын емделушілер тобын шектеуді қоса, өндіру бағдарламасына ықпалын тигізуі мүмкін медициналық қолданылуы жөніндегі бұрыннан бар өзгерулер; 3) медициналық персоналды арнайы хабарландыру; 4) тіркеуден кейін зерттеулер жүргізуге уәкілетті органдар тарапынан қойылатын талаптар. 296. ҚМЕ "Дәрілік препараттың қауіпсіздігі бойынша анықтамалық ақпаратқа енгізілген өзгерулер" бөліміде есеп беру кезеңі ішінде дәрілік препараттың қауіпсіздігі бойынша анықтамалық ақпаратқа енгізілген бұрыннан бар барлық өзгерулер жөніндегі ақпарат көрсетіледі. Осы елеулі өзгерулерге қолдануға болмайтын жағдайлар, сақтандырулар, айрықша нұсқаулар, күрделі жағымсыз реакциялар жөніндегі ақпаратпен толықтыру, ерекше көңіл аударатын жағымсыз реакциялар, өзара әрекеттесуі реакциялары; әрі қарай жалғастырылған және аяқталған клиникалық зерттеулер/сынақтардың маңызды деректер; клиникаға дейінгі зерттеудің маңызды деректері (мысалы, канцерогенділігін білу) бөлімдеріндегі өзгерістер қамтылады. Осы өзгерістер деректері бойынша ақпарат ҚМЕ-нің тиісті бөлімдерінде көрсетілуі тиіс. ҚМЕ-ге қосымшаларда тиісті өзгерістерімен дәрілік препараттың қауіпсіздігі жөніндегі анықтамалық ақпарат версиясы қоса ұсынылуы тиіс. Тіркеу куәлігін ұстаушы, қауіпсіздігі жөніндегі негізгі ақпараттың жаңартылған версиясын тіркеу куәлігін ұстаушының оны қосымшада көрсетуі негізінде, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген және енгізу сатысындағы өзгерістер туралы ақпаратты да ұсынады. 297. ҚМЕ "Әсерге ұшыраған емделушілер санына баға беру" бөлімі ҚМЕ-де дәрілік препараттың әсеріне ұшыраған емделушілер санының, сату ауқымына және тағайындалу санынан қатысты барлық деректерді қоса, нақты бағасы бар. Осы баға, тіркеу куәлігін ұстаушыдағы қолжетімді барлық деректерге және дәрілік препаратты пайдалануға баға беру жөнінде бақыланатын зерттеулер нәтижелеріне негізделіп мақұлданған қолданудан қалайша ерекшеленуі мүмкіндігін көрсете отырып, нақты медициналық іс-тәжірибеде қолданудың сапалық және сандық талдауымен қоса беріледі. Осы бөлімде дәрілік препараттың ықпалына тап болған популяцияның көлемін және сипаттамасын, баға беру үшін пайдаланылатын қысқаша сипаттамасын және пайдаланылатын әдістің кемшілігін көрсетуді қоса, бағалау ұсынылады. Субъектіге немесе емделушіге әсерін бағалаудың үйлесімді әдістері ҚМЕ барлық бөлімдерінде бір дәрілік препарат үшін пайдаланылады. Егер бағалаудың пайдаланылып жүрген әдісін алмастыру орынды болып табылса, екі әдіс те және олар бойынша есеп-қисаптардың ҚМЕ-ге ауыстырылуы түсіндіріле отырып, көрсетіледі. 298. ҚМЕ "Клиникалық зерттеулерде әсерге ұшыраған емделушілердің жалпы саны" бөлімшесінде клиникалық зерттеулерге/сынақтарға енгізілген емделушілер жөнінде келесі ақпарат бар (кесте форматы ұсынылады): 1) әріқарай созылатын және аяқталған клиникалық зерттеулер/сынақтар қамтылған және зерттелетін дәрілік препараттың, плацебо және/немесе белсенді препараттың әсеріне ұшыраған зерттеу субъектілерінің жасалатын дәрілік препаратты халықаралық мақұлдау күнінен бастап салыстырғандағы кумулятивті саны. Айналымда ұзақ уақыт болған дәрілік препараттар үшін толық ақпарат жеткілікті емес екендігін мойындалуы мүмкін; 2) ықпалға іліккен зерттеу субъектілері бойынша өте толық кумулятивті ақпарат, мыналар болғанда (мысалы, зерттеудің барлық бағдарламасы бойынша жасы, жынысы, нәсілі топтастырылған); 3) тағайындалған дозаларға, енгізілу жолдарына, емделушілердің қосалқы топтарына қатысты зерттеулер/сынақтар арасындағы маңызды айырмашылықтар; 4) егер клиникалық зерттеулер/сынақтар емделушілердің ерекше топтарында (мысалы, жүкті әйелдер, бүйрек, бауыр функцияларының, жүрек-қантамыр жүйелерінің бұзылулары бар емделушілер; клиникалық тұрғыдан маңызды генетикалық полиморфизмі бар емделушілер) жүргізілсе, ықпалы бойынша деректер ұсынылады; 5) зерттелетін дәрілік препарат немесе салыстыру препаратын(тарын) алуға рандомизирлерген субъектілер арасында әсер ету уақыты бойынша елеулі айырмашылықтар бар болғанда, немесе клиникалық зерттеулер/сынақтар арасында әсер ету ұзақтығы бойынша сәйкессіздіктерде субъект-уақыт (емделушіл-күндер, -айлар немесе – жылдар) көріністерінде әсерлеріне баға берген жөн; 6) зерттелетін препараттың дені сау еріктілерге әсер етуі бойынша деректердің, жалпы алғанда, бақыланатын жағымсыз реакциялар типіне байланысты, әсіресе емделушілер бірлі-жарым дозаның әсеріне ұшыраған кезде қауіпсіздігі бейініне баға беру үшін маңыздылығы аз болуы мүмкін. Осындай деректер қажет болған жағдайда түсініктерімен бірге жекелей ұсынылады; 7) клиникалық зерттеулер/сынақтар барысында байқалған жағымсыз реакциялар бойынша талдап жинақталған ақпараттарда күрделі жағымсыз реакциялар көрсетілген, бұл мүмкін болған кезде емделушіге әсер етуін бағалау бойынша тиісті көрсетілім жасалады; 8) белгілі бір аса маңызды клиникалық зерттеулер/сынақтар үшін емделушілерді демографиялық сипаттау бөлек ұсынылады. 299. ҚМЕ "Нарықта қолдану деректері бойынша, әсер етуге ұшыраған емделушілердің жалпы саны" бөлімшесі. Бұл мүмкін болған жағдайларда, кумулятивті әсері бойынша (халықаралық тіркелген күнінен бастап) және белгілі бір аралық ішіндегі (бұдан бұрынғы ҚМЕ бойынша деректерді жинаудың аяқталған күнінен бастап) әсері бойынша жекелей бағалау ұсынылады. Бөлімде әсеріне және әдісіне (-теріне) ұшыраған, олардың жәрдемімен анықтау және бағалау жүргізілген емделушілер саны бойынша бағалау ұсынылуы тиіс. Егер әсеріне іліккен емделушілер санының есеп-қисабын жасауды жүзеге асыру мүмкін болмаса, негіздеме ұсынылуы тиіс. Егер емделушілер санына баға беруді орындау мүмкін болмаса, оларды орындау әдіс(тер)і көрсетілетін бағалаудың баламалы нұсқаулары ұсынылуы тиіс. Әсерін бағалаудың баламалы көрсеткішінің мысалы емделуші-күн және тағайындалғаны (есептен шығарылған) күні көрсеткіші болып табылады. Тек осы көрсеткіштер жеткіліксіз болған жағдайларда ғана салмақ бірлігімен немесе дозалармен берілген сату көлемін бағалау пайдаланылуы мүмкін. Емделушілерге әсер етуі жөнінде деректер алу үшін белгіленген тәуліктік дозаның (DDD) концепциясы қолдануға болады. Әсер етуі бойынша деректер дәрілік препаратты пайдаланудың келесі санаттары бойынша берілуі тиіс: 1. тіркеуден кейінгі қолданылуы (клиникалық зерттеулер немесе сынақтарды қоспағанда): Жалпы бағалау ұсынылуы тиіс. Деректерге қосымша жынысы, жасы, көрсетілімі, дозалары, шығарылу түрлері және бұл қолданылуға болатын аумақ бойынша бөлініп ұсынылуы тиіс. Дәрілік препаратқа байланысты, өзге ауытқулар маңызды ретінде, мысалы, жасалған вакцинациялар саны, енгізілу тәсілі және емдеу ұзақтығы берілуі мүмкін. Егер жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелер сериясы, дабылдың шамамен бар болуы байқалған жағдайда, егер бұл мүмкін болса, тиісті қосалқы топ ішінде әсері жөніндегі деректер ұсынылуы тиіс. 2. тіркеуден кейін ерекше популяциялық топтарда қолданылуы: Егер тіркеуден кейінгі сатыда препарат ерекше популяциялық топтарда пайдаланылған жағдайда, әсеріне ұшыраған емделушілердің кумулятивті санына қатысты жеткілікті ақпарат, және пайдаланылатын есеп-қисап әдісі ұсынылуы тиіс. Осы дереккөздерге регистрлерді қоса, ерекше популяциялық қосалқы топ бойынша деректер алу үшін тікелей жасалған интервенциялық емес зерттеулер қамтылуы мүмкін. Осы бөлім бойынша баға беру қамтылатын популяцияларға мыналар қамтылады, бірақ мұнымен шектелмейді: 1) педиатриялық популяция; 2) егде жастағы популяция; 3) жүктілік және бала емізу кезеңіндегі әйелдер; 4) бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған емделушілер; 5) қатар жүретін өзге патологиясы бар емделушілер; 6) ауруының ауырлық дәрежесі клиникалық зерттеулер барысында зерттелетін дәрежедегіден айырмашылығы бар емделушілер; 7) генетикалық полиморфизмін (дерін) тарататын қосалқы популяциялар; 8) өзге нәсілге және этникаға жататын емделушілер. 3. Дәрілік препаратты қолдану ерекшеліктері Егер тіркеу куәлігін ұстаушыға дәрілік препаратты қолданудың белгілі бір ерекшеліктері жөнінде ақпарат белгілі болса, осы ерекшеліктердің сипаттамасы берілуі және қауіпсіздігі деректеріне қатысты бағалау және интерпретация жасалуы тиіс. Мұндай ерекшеліктердің қатарына, атап айтқанда, медициналық іс-тәжірибеде мақұлданғандар қатарына енгізілмеген көрсетілімдері бойынша қолдану жатады. Егер тиісті деректер бар болса, тіркеу куәлігін ұстаушы осы қолдану қаншалықты клиникалық хаттамалармен, клиникалық зерттеулердің дәлелді базасымен қуатталатынына қатысты немесе жалпы тіркелген баламалардың жоқтығының себеп болуына түсініктеме жасай алады. Осы қолданудың сандық бағасы, егер осындай деректер бар болса, ұсынылуы тиіс. 300. ҚМЕ "Талдап жинақталған кестелік деректер" бөлімі. ҚМЕ осы бөлімінің мақсаты талдап жинақталған кестелік деректер формасындағы клиникалық зерттеулер барысында анықталған жағымсыз реакциялар/құбылыстар бойынша деректерді ұсыну болып табылады. Тіркеу куәлігін ұстаушының қарап шешуіне ұғыну мен түсінуді жеңілдету мақсатында білгілі бір деректер аспектілерінің үлгілік көрінісі берілуі мүмкін. Талдап жинақталған кестелік деректерде күрделі жағымсыз реакциялар санына жатқызу заңнамамен белгіленген ауырлық өлшемшарттарын пайдалана отырып, жағымсыз реакциялар жөнінде жекелеген мәлімдемелерге баға беру бойынша жасалғандарға сәйкес келуі тиіс. Ауырлығын бағалау ҚМЕ-ге енгізу үшін деректерді дайындаанда өзгермеуі тиіс. 301. ҚМЕ "Анықтамалақ ақпарат" бөлімшесі қосалқы топта жағымсыз құбылыстарды/реакцияларды талдау үшін пайдаланылатын терминологиялық классификатор версиясы көрсетіледі. 302. ҚМЕ "Клиникалық зерттеулер немесе сынақтар барысында байқалған күрделі құбылыстар бойынша талдап жинақталған деректер" бөлімшесінде тіркеу куәлігін ұстаушының ұйымдастыруымен жүргізілген клиникалық зерттеулер/сынақтар барысында жасалған дәрілік препаратты халықаралық мақұлданған күннен бастап ағымдағы ҚМЕ бойынша деректерді жинау аяқталған күнге дейін байқалатын күрделі жағымсыз құбылыстары бойынша талдап жинақталған кумулятивті кестелік деректер енгізілетін қосымша негіздеме берілуі тиіс. Тіркеу куәлігін ұстаушы істен шығарылған деректерге (мысалы, клиникалық зерттеулер (сынақтар) нәтижелері бойынша деректер бірнеше жылдар бойы түсініксіз болуы мүмкін) түсінік жасауы тиіс. Кестелік формада берілген деректер зерттелетін дәрілік препарат үшін, сондай-ақ сарыстырма (белсенді және плацебо) препараттар үшін ағзалық-жүйелік класс бойынша жағымсыз реакцияларына жіктеліп жатқызылуына сәйкес топтастырылуы тиіс. Бұл мақсатқа сай болған кезде, деректер клиникалық зерттеулер (сынақтар), көрсетілімдері, енгізу жолдары және өзге де ауытқымалары бойынша топтастырылған түрде ұсынылуы тиіс. Келесі аспектілер қаралуы тиіс: 1) сирек жағымсыз реакциялары бойынша себеп-салдарлық байланысына берілген баға ұсынылады. Зерттелетін дәрілік препараттың да, және салыстырма және плацебо препараттардың да барлық күрделі жағымсыз құбылыстары жөніндегі, топтық салыстырма, соның ішінде жиілігіне қатысты деректерді ұсынған жөн. Тағайындалатын доза мен жиілігінің өзара байланысы көрсетілген деректерді ұсыну пайдалы болып табылады; 2) талдап жинақталған кестелік деректерге клиникалық зерттеулерде күрделі жағымсыз құбылыстар бойынша көрінбейтін де, сондай-ақ көрінетін де деректер қамтылуы тиіс. Көрінетін деректер аяқталған клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша және белгілі бір себептерден көрінетін, жекелеген жағдайларда, мысалы, қауіпсіздік аспектілері немесе шұғыл жарияланым қажеттіліктерінің орындалуы бойынша ұсынылуы мүмкін. Клиникалық зерттеулердің демеушілері/тапсырыс берушілері және тіркеу куәлігін ұстаушы ҚМЕ-ны дайындаумен байланысты тікелей көрінетін етіп жасамайды; 3) белгілі бір жағымсыз реакциялар талдап жинақталған ақпараттан шығарылуы мүмкін, бірақ барлық ұқсас шығарылып тасталғандар есеп беруде негізделуі тиіс. Мысалы, хаттамада шұғыл жарияланым шараларынан шығарылып тасталған ретінде белгілі болған жағымсыз реакциялар және мақсаттық популяцияға тән болып табылуы, немесе соңғы нүктеге сәйкес келуі себепті деректердің жалпы базасына енгізілетіндері ғана. 303. ҚМЕ "Тіркеуден кейінгі қолданылу деректері бойынша талдап жинақталған деректер" бөлімшесінде бүкіл есеп беру кезеңінде және дәрілік препараттың халықаралық тіркелген күнінен бастап деректерді жинау аяқталғанға дейінгі кумулятивті жағымсыз реакциялар бойынша талдап жинақталған деректер кестелік түрде енгізілетін қосымша бойынша негіздемесі ұсынылады. Медициналық персоналынан, тұтынушылардан, емделушілерден, уәкілетті органдардан деректерді және медициналық әдебиетте жарияланған деректерді қоса, интервенциялық емес зерттеулер және кездейсоқ жарияланым барысында алынған жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелер енгізіледі. Күрделі және күрделі емес жағымсыз реакциялар бөлек кестелерде ұсынылуы тиіс. Кестеде деректер ағзалық-функциональді класс бойынша жіктемеге сәйкес орналастырылуы тиіс. Қауіпсіздік бейінінің маңызды аспектілері бойынша көрсетілімі, енгізу тәсілі және өзге параметрлері бойынша деректері тостастырылған жағымсыз реакциялардың бөлек жеке кестелері ұсынылуы мүмкін. 304. ҚМЕ "Есеп беру кезеңі ішінде клиникалық зерттеулер (сынақтар) барысында алынған маңызды деректер түйіндемесі" бөлімі. Тіркеу куәлігін ұстаушы қосымшаға олардың ұйымдастыруымен дәрілік препараттың қауіп деңгейлерін идентификациялау, сипаттау және мөлшерін бағалау, қауіпсіздігі бейінін айғақтау немесе есеп беру кезеңі ішінде аяқталған немесе әріқарай жалғастырылатын қауіпті барынша төмендету шараларының тиімділігін бағалау мақсатында атап өтілген интервенциялық клиникалық зерттеулерді ұсынады. Егер бұл мүмкін болып табылса, деректерді жыныстық және жас шамасы белгілері (әсіресе ересектерде балалар популяциясымен салыстырғанда), көрсетілімдері, дозалау режимі және аймақтар бойынша санатқа бөлген жөн. Клиникалық зерттеулер барысында анықталған дабылдар ҚМЕ-нің 15 бөлімінде ("Дабылдарға шолу жасау: жаңа, қаралатын және аяқталған") кестелік түрде ұсынылуы тиіс. Дабылдар үшін осы дабылдардың потенциальді немесе идентификацияланған қауіптер болып табылатын-табылмайтындығына баға беріледі, қауіп сәйкесінше ҚМЕ-нің 16 бөлімінде ("Қауіптерді және жаңа ақпаратты бағалау", "Қауіптер сипаттамасы") бағаланады және сипатталады. ҚМЕ-нің осы бөлімінде есеп беру кезеңі ішінде келесі дереккөздерден алынған тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде клиникалық тұрғыдан маңызды деректер бойынша талдап жинақталған ақпарат берілуі мүмкін: 305. "Тыйым салынған клиникалық зерттеулер" бөлімшесі есеп беру кезеңі ішінде аяқталған клиникалық зерттеулер/сынақтар нәтижесінде алынған қысқа ақпаратты ұсынады. Осы ақпарат қысып жинақталған түрде немесе синопсис формасында ұсынылады. Ол қауіпсіздік бойынша бұрын идентификацияланған дабылдарды айғақтайтын немесе жоққа шығаратын ақпаратты, сондай-ақ қауіпсіздік жөніндегі жаңа дабылдар бойынша айғақтамаларды қамтиды. 306. ҚМЕ "Жалғасатын клиникалық зерттеулер/сынақтар" бөлімшесі егер тіркеу куәлігін ұстаушыға әрі қарай созылған клиникалық зерттеулер/сынақтар барысында алынған (мысалы, қауіпсіздігін аралаық талдау барысында, немесе айқындалған күрделі жағымсыз құбылыстардың разослеплениясы нәтижесінде байқалған) клиникалық тұрғыдан маңызды ақпарат белгілі болған жағдайда, осы бөлімде қауіпсіздік бойынша айқындалған жаңа ақпарат жөніндегі ақпарат қысқаша мазмұндалуы тиіс. Бұл бөлім қауіпсіздік бойынша бұрын идентификацияланған дабылдарды айғақтайтын немесе жоққа шығаратын ақпаратты, сондай-ақ қауіпсіздік жөніндегі жаңа дабылдар бойынша айғақтамаларды қамтуы мүмкін. 307. ҚМЕ "Кейіннен ұзақ бақылау" бөлімшесі. Клиникалық зерттеулер/сынақтарға енгізілген емделушілерді кейіннен ұзақ бақылау жөнінде деректер бар болған жағдайларда, бөлімде қауіпсіздік бейіні деректері көзқарасы тұрғысынан маңызды кейіннен ұзақ бақылау нәтижесінде алынған ақпарат беріледі. 308. ҚМЕ "Дәрілік препараттардың өзгеше емдік қолданылуы" бөлімшесі. ҚМЕ-нің осы қосалқы бөлімі тіркеу куәлігін ұстаушы арнайы хаттама (мысалы, кеңейтілген мүмкіндігі бар бағдарлама, зардап шегудің ерекше жағдайларымен байланысты пайдаланылатын, жекелей мүмкіндік және басқа бағдарлама) бойынша жүргізген басқа бағдарламалар нәтижесінде алынған клиникалық тұрғыдан маңызды ақпаратты қамтиды. 309. ҚМЕ қосалқы "Бекітілген біріктірілімдерді тағайындауға қатысты қауіпсіздігі жөніндегі жаңа деректер" бөлімі. Егер ұлттық уәкілетті органдармен басқаша берілмесе, келесі деректер біріктірілген емге қатысты ұсынылуы тиіс: 1) егер дәрілік препарат бекітілген дәрілік ем компоненті немесе дәрілік емнің көп компонентті режимі ретінде тағайындау үшін мақұлданса, бөлімде біріктірілген емді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде маңызды деректер жинақтап қорытылуы тиіс; 2) егер дәрілік препарат біріктірілген дәрілік препарат болып табылса, осы бөлім әрбір жекелеген компонент бойынша қауіпсіздігі жөнінде маңызды ақпаратты жинап қорытады. 310. ҚМЕ "Интервенциялық емес зерттеулер деректері" бөлімі. Осы бөлімде есеп беру кезеңі ішінде қол жетімді болған қауіпсіздігі жөніндегі тиісті ақпарат немесе, тіркеу куәлігін ұстаушының ұйымдастыруымен жүргізілген интервенциялық клиникалық зерттеулер/сынақтар нәтижелері бойынша алынған олардың пайда-қаупі арақатынасына баға беруге ықпалы жөнінде деректер (мысалы, обсервациялық зерттеулер, эпидемиологиялық зерттеулер, белсенді мониторинг бағдарламалары) жинап қорытылады. Бөлімге дәрілік препараттың пайдаланылуын бағалау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерінен алынған қауіпсіздігі бейіні аспектілеріне қатысы бар деректер енгізіледі. Тіркеу куәлігін ұстаушы есеп беру қосымшасына қауіпсіздігі бейінінің қауіп төндіретін аспектілерін анықтау, сипаттау және сандық баға беру, дәрілік препараттың қауіпсіздік бейінін айғақтау немесе есеп беру кезеңі ішінде жасалған немесе жасалып жатқан қауіпті барынша төмендету шараларының тиімділігіне баға беру мақсатында тіркеу куәлігін ұстаушы ұйымдастырған барлық интервенциялық емес зерттеулердің/сынақтардың тізімі (мысалы, тіркеуден кейін қауіпсіздігіне жүргізілетін зерттеулер) енгізіледі. Есеп беру кезеңі бойы орындалу сатылары жөніндегі есептер немесе дайындалған қорытынды есептер ҚМЕ қосымшасына енгізіледі. 311. ҚМЕ "Басқа клиникалық зерттеулер және басқа дереккөздерден алынған деректер" бөлімде дәрілік препараттың пайда-қаупі арақатынасын бағалауға қатысты және басқа клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған немесе есеп беру кезеңі ішінде тіркеу куәлігін ұстаушыға қол жетімді болған басқа дереккөздерден алынған (мысалы, рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді мета-талдау нәтижелері, дәрілік препаратты жасау бойынша серіктестердегі қауіпсіздік жөніндегі және өзге де деректер) ақпарат жинап қорытылуы тиіс. 312. ҚМЕ "Клиникаға дейінгі зерттеу деректері" бөлімде есеп беру кезеңі ішінде атқарылған немесе аяқталған клиникаға дейінгі in vivo және in vitro зерттеулер (мысалы, канцерогенділігін, репродуктивтік уыттылығын немесе иммуноуыттылығын зерттеулер) нәтижесінде алынған қауіпсіздік бейініне қатысты маңызды деректерге қатысты талдап жиналған ақпарат ұсынылады. Алынған деректердің қауіпсіздік бейініне ықпал етуін бағалау ҚМЕ 16 бөлімінде ("Дабыл және қауіпті бағалау") және 18 бөлімінде ("Мақұлданған көрсетілімдері бойынша пайда-қауіп арақатынасына интеграцияланған талдау") берілуі тиіс. 313. ҚМЕ "Әдебиет" бөлімге бұдан бұрынғы ғылыми әдебиетте сараптамалық бағалау жарияланған, немесе жарияланбаған монографиялардан алынған, дәрілік препаратқа қатысы бар және есеп беру кезеңінде тіркеу куәлігін ұстаушыға қол жетімді болған, қауіпсіздік жөніндегі жаңа және маңызды деректер енгізіледі. ҚМЕ дайындау үшін әдебиеттік ізденіс жағымсыз реакциялар жөніндегі жекелеген мәлімдемелерді іздеу мақсатында жүзеге асырылған шаралған қарағанда ауқымдырақ, өйткені ол зерттеу субъектілері тобында қауіпсіздігі көзқарасы тұрғысынан аяқталуы бағаланған зерттеулерді де қамтиды. Іздеуге енгізілетін, бірақ олар жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары бойынша деректер алу мақсатында жүзеге асырғанда әрдайым байқала бермейтін қауіпсіздік бейінінің ерекше аспектілері мыналарды қамтиды: 1) жағымсыз зардаптармен қатар жүрмейтін жүктілік соңы (үзілуін қоса); 2) педиатриялық популяцияда қолданылуы; 3) зардап шегушілердің ерекше жағдайларымен байланысты бағдарлама бойынша, тағайындауды дербес бағдарламалары бойынша қолдану; 4) тиімділігінің болмауы; 5) асимптоматикалық артық дозалану, сәйкес келмейтін және дұрыс емес қолдану; 6) жағымсыз зардаптармен қатар жүрмейтін медициналық қателер; 7) клиникаға дейінгі зерттеулердің маңызды нәтижелері. Егер қолдануға жарамды болса, бөлімде осы топтың белсенді басқа заттары бойынша ақпарат қарастырылады. 314. ҚМЕ бөлімі "Басқа да мерзімдік есеп берулер" ҚМЕ-нің бұл бөлімі уәкілетті ұйыммен уағдаластық бойынша тіркеу куәлігін ұстаушы дәрілік препаратқа біреуден көп ҚМЕ дайындаған белгілі бір жағдайларда ғана қолданылады: көптеген көрсетілімдері және/немесе шығарылу түрі бар дәрілік препараттың белгіленген біріктірілімі жағдайында. Жалпы, тіркеу куәлігін ұстаушы бір әсер етуші затқа бір ҚМЕ дайындайды (егер уәкілетті органдар өзгеруді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда); бір дәрілік препарат үшін бірнеше ҚМЕ дайындалған жағдайда, бұл бөлімде, басқа ҚМЕ-ден алынған қауіпсіздігі жөніндегі маңызды деректер, егер ол осы ҚМЕ-нің өзге бөлімдерінде ұсынылмаса, талдап қорытылуы тиіс. Келісімшарт уағдаластығы негізінде қолжетімді болған жағдайда. Тіркеу куәлігін ұстаушы басқа тараптың (мысалы, демеушілердің немесе өзге де серіктерстердің) есеп беру кезеңі ішінде ҚМЕ-де ұснылғандардан алынған қауіпсіздік жөніндегі маңызды деректерді талдап жинақталған түрде ұсынады. 315. ҚМЕ "Бақыланатын клиникалық зерттеулердегі емдік тиімділіктің жеткіліксіздігі" бөлімі Клиникалық зерттеулер кезінде алынған деректер күрделі және өмірге қауіп төндіретін ауруларды емдеу және профилактика үшін емдік тиімділігінің жеткіліксіздігін, немесе қолданылған емге емдік тиімділігінің жеткіліксіздігін айғақтауы мүмкін, бұл деректер мақсаттық популяция үшін елеулі қаупін айғақтауы мүмкін және ҚМЕ-ні осы бөлімінде талдануы және жинақтап қорытылуы тиіс. Егер бұл пайда-қаупіне баға беруге қолдануға келсе, өмірге қауіп төндіретін патологияны емдеу үшін арналмаған дәрілік препараттардың емдік тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсететін клиникалық зерттеу деректеріне де осы бөлімде талдау жасалуы тиіс. 316. ҚМЕ "ҚМЕ дайындауды аяқтағаннан кейін алынған маңызды ақпарат" бөлімде деректерді жинау аяқталғаннан күннен кейін, бірақ ҚМЕ дайындау кезеңінде алынған қауіпсіздік және тиімділік жөніндегі әлеуетті маңызды деректер талдап қорытылады. Мысалға клиникалық маңызды жаңа жарияланымдар деректері, кейіннен бақылаудың маңызды деректері, клиникалық тұрғыдан маңызды токсикологиялық деректер, сондай-ақ тіркеу куәлігін ұстаушының, деректерді бағалау комитеттерінің, уәкілетті органдардың қауіпсіздік бейіні аспектілерімен байланысты алдын ала қабылдаған барлық әрекеттері қамтылады. Жағымсыз реакциялар жөніндегі жаңа жекелей мәлімдемелер бөлімге, олар маңызды көрсеткіш жағдайлары (мысалы, маңызды жағымсыз құбылыстың алғашқы даму жағдайы) немесе қауіпсіздік бойынша маңызды дабыл болып табылатын жағдайлардан басқасында, енгізілмеуі тиіс. Бөлімнің деректері қауіпке және жаңа ақпаратқа баға берген кезде ескерілуі тиіс. 317. ҚМЕ "Дабылдарға шолу жасау: жаңа, қаралатын және аяқталған" бөлімі. Осы бөлімнің мақсаты есеп беру кезеңі ішінде байқалған дабылдарға, бағалау сатысындағы дабылдарға және бұрынғы бағалауға жасалған толық шолуды ұсыну. Тіркеу куәлігінің ұстаушысы дабылдарды анықтау үшін пайдаланылатын әдісті, сондай-ақ дабылдарды анықтауға арналған дереккөздердің қысқаша сипаттамасын ұсынады. Байқалған жаңа дабылдарға есеп беру кезеңінде анықталған дабылдар жатады. Қаралатын дабылдарға деректерді жинауды аяқтаған күнге баға беру сатысында болған дабылдар жатады. Аяқталған дабылдарға есеп беру кезеңінде аяқталған дабылдар жатады. Есеп беру кезеңі ішінде бір мезгілде жаңа да және аяқталған да дабылдар аяқталған дабылдар бөліміне жатады. Бөлімге есеп беру кезеңінде қарастырылған және аяқталған дабылдар бойынша, кестелік формада берілген деректер енгізіледі. Кесте есепке қосымшалар түрінде қоса беріледі. Тіркеу куәлігін ұстаушының қарауына бұл ақпарат, бұрын аяқталған дабылдарды қоса, дабылдардың кумулятивті деректері енгізілуі мүмкін, мұндайда дабылдар бойынша талдап қорытылған күн көрсетіледі. Дабылдарға толық баға беру ҚМЕ-нің "Дабылдарға баға беру" және "Қауіптерге және жаңа ақпаратқа баға беру" бөліміне енгізіледі. 318. ҚМЕ "Дабылдарға және қауіпке баға беру" бөлімі. 319. ҚМЕ "Қауіпсіздігі жөніндегі мәселелер бойынша қорытынды ақпарат" бөлімшесі. Қосалқы бөлімнің мақсаты қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді көрсететін қауіпсіздік бейінінің маңызды аспектілері бойынша негізгі талдап қорытылған ақпаратты қауіпсізді жөнінде әрбір мәселе бойынша, осы аспект бойынша қандай жаңа ақпарат және бағалау жасалғанын көрсетіп ұсыну болып табылады. Қауіп аспектілерінің әрқайсысының маңыздылығын анықтағанда келесі факторларды қарастырған жөн: 1) емделушілердің жекелей жағдайына ықпалын қоса, медициналық көзқарасы тарапынан қауіптің ауырлығы; 2) жиілігі, болжануы, жол берілмеуі және қайтымдылығы; 3) қоғамдық денсаулыққа потенциальді ықпалы (популяциядағы жиілік; әсеріне іліккен популяция ауқымы); және 4) қоғамның денсаулығына ықпал етуі мүмкін жағдайларда көпшіліктің қауіпті (мысалы, вакцинация бағдарламасынан бас тарту). Қорытынды ақпарат ҚМЕ есеп беру кезеңінің басынан бастап дәрілік препарат жөнінде қолда бар мәліметтерді ұсынуы және мыналарды көрсетуі тиіс: 1) маңызды сәйкестендірілген қауіптер; 2) маңызды әлеуетті қауіптер; 3) жоқ маңызды ақпарат. Қауіпсіздігі бойынша спецификациясы бар дәрілік препараттар үшін бұл бөлімшеге қосылған ақпарат ҚМЕ есептік кезеңінің басталар сәтінің қауіпсіздігі бойынша берілген ағымдағы спецификация нұсқасында біріктірілген ақпаратқа сәйкес келуі тиіс. Қауіпсіздігі бойынша спецификациясы жоқ дәрілік препараттар үшін бұл бөлімше дәрілік препараттарды қолдануға байланысты тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі кезеңнің деректері негізінде маңызды сәйкестендірілген, потенциалды қаупі және маңызды ақпараттың болмауы бойынша ақпарат көрсетеді. Мысалдарға төмендегі ақпараттар жатады: 1) маңызды жағымсыз реакциялар; 2) басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері; 3) жағымсыз реакциялар дамуымен қатар жүрмейтін жағдайларда анықталған медициналық қателер немесе мүлт кетулер; 4) азық-түлік өнімдері немесе басқа заттармен өзара әрекеттесулері; 5) кәсіби қызмет орындағандағы әрекеттесулер нәтижелері; 6) кластық фармакологиялық әсерлер. Маңызды ақпараттың болмауы бойынша біріктірілім мақсатты популяция үшін қауіпсіздік профилінің белгілі аспектілері бойынша өзінде бар білімнің кемістігінің қатер шегін бағалауы тиіс. 320. ҚМЕ "Дабылды бағалау" бөлімшесі. Бөлімшелерде келтірілген ақпарат есептік кезеңде аяқталған сигналдардың қауіпсіздігі бойынша бағалау нәтижелерін жинақтауы тиіс; екі негізгі санаты болады: 1. бағалау нәтижелері бойынша емдік әсері жоқтығын қоса, потенциалды немесе сәйкестендірілетін қауіп категориясына жатқызылуы мүмкін сигналдар. Аяқталған дабыл деректері 16 ҚМЕ бөлімінде талқыланады ("Қауіпті және жаңа ақпаратты бағалау"). 2. дабылдарды бағалау нәтижелері бойынша ресім жүргізілу сәтінде қолда бар ақпараттың ғылыми негізінде жалған сигналдар ретінде қабылданбаған. Дабылдар берілген категорияда оның сигнал категориясынан ауытқуын негіздеу мақсатында әрбір сигналдың сипаттамасы берілуі тиіс. Берілген сипаттамалар ҚМЕ негізгі мәтініне немесе есептің қосымшасына енгізілуі мүмкін. Есептік кезеңіндегі бағалау рәсімі аяқталған дабылдар үшін дабылдарды бағалау бойынша деректердің жіктеу және көлем аралық сәйкестігін және қоғам денсаулығы үшін қауіпсіздік бейінінің бұл аспектілерінің мәнділігін, сондай-ақ дәлелдеу базасының жеткіліктілігінің дәрежесін бақылау ұсынылады. Бұл ақпаратқа төмендегі аспектілер қосылуы тиіс: 1) дабыл пайда болуының дереккөзі немесе қозғау салатын сәт; 2) бағалауға қатысы бар негіздеу; 3) деректер көзін, іздеу критерийін, немесе аналитикалық тәсілдерді қоса бағалау әдісі; 4) нәтижелер: дабылды бағалауда қарастырылатын деректердің аумалы талдамасы бойынша жиынтықталған ақпарат; 5) талқылау; 6) ұсынылатын әрекеттерді қоса, қорытынды. 321. ҚМЕ "Қауіпті және жаңа ақпаратты бағалау" бөлімшесі. Тіркеу куәлігінің ұстаушысы жаңа және бұрын анықталған қауіптерге (маңызды немесе басқаша) қатысты есептік кезең үшін жаңа ақпараттың қатер шегіндегі бағасын көрсетеді. ҚМЕ аталған бөлімшесі құрамында есептік кезең үшін анықталған барлық қауіптің сипаттамасы және бағасы бар, сондай-ақ бұрын анықталған қауіптерге жаңа деректерге әсерін бағалау. Бөлімге ҚМЕ басқа бөлімдеріне қосылған жиынтықтайтын немесе қайталанатын ақпарат қосылмайды, бірақ интерпретация беріледі және қауіп бейінінің сипатына қолданылатын жаңа ақпараттың бағасы. Жаңа ақпарат төмендегі бөлімдер бойынша беріледі: 1) жаңа әлеуетті қауіптер; 2) жаңа сәйкестендірілген қауіптер; 3) бұрын анықталған қауіптерге қатысты (әлеуетті және сәйкестендірілген); 4) маңызды, жоқ операцияға қатысты жаңарту. Маңызды қауіптердің қысқаша сипаттамасы беріледі. "Маңызды" қауіптерге жатпайтын және есептік кезең үшін жаңа ақпарат алынған оларға қатысы бар қауіптер үшін жіктеу деңгейі осы қауіп бойынша және оның әсерінің қоғам денсаулығына мәні қолда бар дәлелді базаға сәйкес келеді. Дәрілік препараттың популяцияға әсері бойынша барлық жаңа ақпараттар болмаса бұрын ақпараттың болмауы бойынша деректер қатер шегінде бағаланады. Күдік тудыратын қауіпсіздік бейінінің аспектілерінің және қауіпсіздік бейінінің түсініксіз аспектілерінің қандайы түсініксіз қалғаны көрсетіледі. 322. ҚМЕ "Қауіптер сипаттамасы" бөлімшеде жинақталатын (оның ішінде есептік кезеңмен шектелмейтін) деректер негізінде маңызды сәйкестендірілген қауіптің және маңызды потенциалды қауіптің сипаттамасы беріледі және ақпараттың болмауы сипатталады. Дереккөздер бастауын назарда ұстай отырып, қолдануға болатын жағдайларда қауіп бойынша ақпараттарда мыналар болуы тиіс: 1) жиілігі; 2) анықталған жағдайлар саны (нумератор); деректер көзін ескере отырып, бағалау дәлдігі; 3) тағайындау көлемі (деноминатор), емделуші саны, емделуші-ай (-жас) және с.с. ретінде берілген; баға беру дәлдігі; 4) салыстырмалы қаупін және баға беру дәлдігін бағалау; 5) абсолюттік қаупін бағалау және бағалау дәлдігін бағалау; 6) емделушіге әсері (симптомдарына, өмір сапасына әсері); 7) қоғамдық денсаулыққа әсері; 8) қауіп факторы (мысалы, қауіптің жеке факторы (жасы, жүктілік/лактация, бауыр /бүйрек функциясының бұзылуы, елеулі қатар жүретін патология, аурудың ауырлық дәрежесі, генетикалық полиморфизм, нәсілдік және/немесе этникалық тегі қарастырылады), доза); 9) ем ұзақтығы, қауіп кезеңі; 10) қайтымдылығы (алдын алу мүмкіндігі бағаланады, индикаторлық симптомдар немесе зертханалық параметрлер бойынша жай-күйін мониторингтеу мүмкіндігі); 11) қайтымдылығы; 12) потенциалды механизмі; 13) айғақтық және белгісіздік деңгейі, олар болған жағдайда қарама қарсы фактілердің талдауы. Бірнеше көрсетілімі, шығару түрі немесе енгізу тәсілі бар дәрілік препараттар үшін ҚМЕ дайындауда сәйкестендірілген және потенциалды қаупі бойынша елеулі айырмашылығы болған жағдайда көрсетілімі, шығару түрі немесе енгізу тәсілі бойынша қаупінің деректерін бөлек-бөлек беру негізді болуы мүмкін. Төмендегі бөлімдер берілуі мүмкін: 1) әсер етуші затқа тән қауіптер; 2) шығарудың немесе енгізу түрінің белгілі бір түрлеріне тән қауіп (кәсіби қызметін орындаудағы әсерін қоса); 3) белгілі бір популяцияға тән қауіптер; 4) дәрігер тағайындауынсыз қолдануға байланысты қауіп (рецепт арқылы және рецептісіз босатылатын түрлерде берілетін әсер етуші заттар үшін); 5) болмайтын ақпараттарға байланысты қауіпсіздік мәселелер. 323. ҚМЕ "Қауіпті ең төмен төмендету шарасының тиімділігі" бөлімшесі (егер қолдануға болса). Қауіпті ең төмен төмендету шараларына дәрілік препараттың әсеріне байланысты жағымсыз реакцияларды болдырмау үшін болмаса олар туындағанда ауырлық дәрежесін төмендетуге бағытталған әрекеттер жатады. Қауіпті ең төмен төмендету бойынша қызметтің мақсаты жағымсыз дәрілік реакциялардың даму ықтималдығының немесе ауырлық дәрежесі төмендеуі болып табылады. Қауіпті ең төмен төмендету шараларына қауіпті ең төмен төмендетудың дағдылы шаралары жатады (мысалы медицинада қолданылуы бойынша нұсқаулықтағы өзгеріс) немесе қауіпті ең төмен төмендетудың қосымша шаралары (мысалы, денсаулық сақтау жүйесінің мамандарын тікелей ақпараттандыру/білім беру материалдары). Бөлімшеде қауіпті ең төмен төмендету шараларының тиімділігін бағалау нәтижелері көрсетілуі тиіс. Жиынтықталған түрде маңызды сәйкестендірілген қауіп бойынша қауіпті ең төмен төмендету шараларының тиімділігі және/немесе нақты шектелуіне тиісті ақпарат беріледі, ол есептілік кезең үшін алынған. Есептілік кезең үшін бағалау нәтижесі есепке қосымшада беріледі. 324. ҚМЕ "Пайдасын бағалау" бөлімі. 325. ҚМЕ "Клиникалық сынақтар және медициналық практикада қолдану барысында тиімділігі бойынша маңызды базистік ақпарат" бөлімшесі. Бөлімшеде дәрілік препараттың клиникалық зерттеулер барысында және тиімділігі есептік кезеңнің басынан медициналық практикада қолдану кезінде көріністелген тиімділігі бойынша негізгі ақпарат жинақталып беріледі. Осы ақпараттың қолдануға мақұлданған көрсетілімдерге қатысты болуы тиіс. Бірнеше көрсетілімдері, мақсатты популяцияларсы және (немесе) енгізу тәсілдері бар дәрілік препараттар үшін пайдасы әрбір фактор бойынша бөлек сипатталады. Есепті кезең бойына қауіпсіздік немесе тиімділік бейінінде елеулі өзгерістер анықталған дәрілік препараттар үшін, бұл бөлімше ҚМЕ бөлімшесінде ("Пайда сипаттамасы") көріністелген дәрілік препарат пайдасының жаңартылған сипаттамасын негіздеу бойынша жеткілікті ақпарат қамтылады. Бөлімде берілген, ақпараттың мазмұны және бөліп көрсетілуінің дәрежесі төмендегі аспектілер қолданылатын жағдайларды қоса, әртүрлі дәрілік препараттар бойынша ауытқиды: 1) эпидемиология және аурудың шығу тегі; 2) пайдасының сипаттамасы (мысалы, диагностикалық, профилактикалық, симптоматикалық, ауру-модификациялайтын); 3) пайдасын растайтын маңызды ақырғы нүктелер (мысалы, өлімге, симптоматикасына, аяқталуына әсері); 4) клиникалық зерттеулер және медициналық практикада тиімділігінің дәлелін салыстыру препаратымен салыстыру (мысалы, салыстырмалы белсенді бақылауы, мета-талдауы, обсервациялық зерттеулері бар клиникалық зерттеулер); және 5) үрдістер және/немесе маңызды популяциялық қосалқы топтар бойынша пайдасының дәлелі (мысалы, жасына, жынысына, этникалық тегіне, ауру ауырлығы дәрежесі бойынша, генетикалық полиморфизмге), егер бұның пайда-қауіп арақатынасын бағалауға қатысы болған жағдайда. 326. ҚМЕ "Клиникалық зерттеулер және медициналық практикада қолдану барысында тиімділігі бойынша жаңа анықталған ақпарат" бөлімшесі. Кейбір дәрілік препараттардың есептік кезеңі үшін клиникалық зерттеулер және медициналық практиканың тиімділігі бойынша жаңа ақпарат алынуы мүмкін, ол бөлімшеде берілуі тиіс. Қолданудың мақұлданбаған көрсетіліміне қатысты дәлелді база бойынша жеке ақпараттар бөлімге қосылмайды, бұның пайда-қауіп арақатынасын бағалауға қатысы бар жағдайларды қоспағанда. Бөлімшеде вакциналарға, антиинфекциялық және басқа да препараттарға ерекше назар аударылады, олар үшін емдік ортаның өзгерісі уақытқа қарай пайда/қауіп арақатынасына әсер етуі мүмкін. Бұл бөлімде берілген ақпараттың мазмұны және бөлек-бөлек қараудың дәрежесі дәрілік препаратқа қарай ауытқуы мүмкін; есептік кезеңде жаңа ақпарат болмаған жағдайда 17 бөліміне сілтеме жасалуы мүмкін ("Клиникалық зерттеулер және медициналық практикадағы тиімділігі бойынша маңызды базистік ақпарат"). 327. ҚМЕ "Пайда сипаттамасы" бөлімшесі. Бөлімшеде базистік және емдік пайдасы бойынша базистік және жаңа деректердің біріктірілген ақпараты беріледі, олар мақұлданған көрсетілімі бойынша есептік кезеңде белгілі болды. Пайда бейіні бойынша жаңа деректердің болмауы және қауіпсіздік бейінінің елеулі өзгерістері болмауы жағдайында, берілген бөлімше құрамында 17 бөлімшесіне ("Клиникалық зерттеулердегі маңызды базистік тиімділік және медициналық практикадағы тиімділігі туралы ақпарат") сілтеме болады. Егер есептілік кезеңінде емдік пайдасы бойынша жаңа ақпарат алынған жағдайда және қауіпсіздік бейінінде елеулі өзгерістер болмаса, бөлімде базистік және жаңа ақпарат бойынша біріктірілген деректер қысқаша келтіріледі. Қауіпсіздік профилінің елеулі өзгерістері бар болған жағдайда, болмаса басында көрсетілгенмен салыстырғанда емдік пайдасының деңгейі елеулі аздығын болжайтын жаңа деректер алу бөлімде клиникалық зерттеулер барысында қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша дәлелді базасының қысқаша, бірақ қатер шегіндегі бағасы келтірілуі тиіс және медициналық практикада төмендегі аспектілері бойынша деректер келтірілген: 1) емдік пайдасы бойынша деректердің дәлелді деңгейінің қысқаша сипаттамасы тиімділігінің салыстырмалы аспектісі, әсердің айқындық дәрежесі, статистикалық өңдеудің дұрыстығы, методологияның әлсіз және күшті аспектілері, әртүрлі зерттеулер/сынақтардағы деректер сәйкестігі қарастырылады; 2) егер ондайлар пайдаланылса, суррогаттық ақырғы нүктелерге күмән туғызған жаңа ақпарат; 3) емдік әсерінің айқындығының клиникалық мәні; 4) мақсатты қосалқы топтар арасындағы емдік әсердің жинақталымы (мысалы, қандай да бір популяциялық қосалқы топ бойынша емдік әсерінің жеткіліксіздігі туралы ақпарат); 5) доза сипатының талапқа сәйкестігі – емдік жауап; 6) әсерінің ұзақтығы; 7) салыстырмалы тиімділігі; және 8) дәрілік препаратты медициналық практикада қолданатын популяциямен жалпы қорытылған клиникалық зерттеулерде алынған тиімділігі бойынша деректердегі дәрежесінің анықтамасы. 328. ҚМЕ "Мақұлданған көрсетілім бойынша пайда-қауіп арақатынасының интеграцияланған талдауы" бөлімшеде тіркеу куәлігінің ұстаушысы дәрілік препараттың оны клиникалық практикада қолдану кезіндегі пайдасы мен қаупінің жалпылама бағасын көрсетуі тиіс. Алдыңғы бөлімдер бойынша қауіп және пайда тұрғысынан сыни талдау және біріккен ақпарат "Қауіп және жаңа ақпараттар бағасы" және "Пайда сипаттамасы" бөлімдеріндегі ақпараттан көшірмесіз беріледі. 329. ҚМЕ бөлімшесі "Пайда-қауіп арақатынасының мәні – дәрілік препаратқа медициналық талап және маңызды баламалары". Мақұлданған көрсетілім және баламасында жиынтықтау бойынша дәрілік препаратқа медициналық талаптың қысқаша сипаттамасы бөлімшесінде беріледі (дәрі-дәрмектік, хирургиялық немесе басқаша; емнің болмауын қоса). 330. ҚМЕ "Пайда-қауіп арақатынасының талдау рәсімін бағалау" бөлімшесі. Пайда-қауіп арақатынасы көрсетілімдерге және мақсатты популяцияға қарай әртүрлі мәнде болады. Тиісінше, бірнеше көрсетілім бойынша тіркелген дәрілік препараттар үшін пайда-қауіп арақатынасы әрбір көрсетілім бойынша жеке бағалануы тиіс. Бір көрсетілім аясындағы қосалқы топтар арасында пайда-қауіп арақатынасының елеулі айырмашылығы болған жағдайда және егер ол мүмкін болса, популяциялық қосалқы топ үшін жеке-дара берілуі тиіс. 1) пайда және қауіп арақатынасындағы негізгі мәселелер: пайда және қауіп бойынша алдыңғы бөлімдерінде берілген шешуші ақпарат олардың арақатынасын бағалау мақсатында біріктірілуі тиіс; дәрілік препаратты қолданудың мәнмәтінінде бағаланады: емдеп жазу, профилактика, диагностика; аурудың ауырлық дәрежесі және күрделілігі; мақсатты популяция (салыстырмалы дені сау, созылмалы аурулар); пайдасына қатысты оның сипаты, клиникалық мәні, әсер ұзақтығы, біріктірілуі, жалпы қорытылуы, баламалы емге жауап бермейтін емделушілердегі тиімділігінің дәлелі, әсер айқындылығы, пайдасының жекеше элементтері бағаланады; қаупіне қатысты клиникалық мәні (мысалы, уыттылық сипаты, күрделілігі, жиілігі, жорамалдануы, тойтарылуы, қайтымдылығы, емделушіге ықпалы), сондай-ақ мақұлданбаған көрсетілімдер, жаңа көрсетілімдер бойынша қолдануға, дұрыс қолданбауға байланысты қауіп аспектілері бағаланады; пайда және қауіп арақатынасының бағасын тұжырымдағанда әлсіз және күшті тараптары, сондай-ақ оларды бағалауға әсерінің сипаттамасымен дәлелдеу базасының белгісіздігі қарастырылады. Орындалған бағаның шектелу сипаттамасы келтіріледі. 2) пайда-қауіп арақатынасын бағалауға пайдаланылатын әдістемесінің сипаттамасы мен дәйектемесі беріледі: пайда-қауіп арақатынасын бағалау бойынша жасалған қорытындыны растайтын болжамдар, қарастыру, салыстыру; берілген түрінде және оларды салыстырғанда пайда және қауіпті көріністеу мүмкіндігіне қатысты түсіндірмелер; егер арақатынасының сандық бағалануы берілсе, бағалау әдісінің жалпылама сипаттамасы қамтылады; экономикалық бағасы (мысалы, құны - тиімділігі) пайда-қауіп арақатынасын бағалағанда қарастырылмауы тиіс. 331. ҚМЕ "Қорытынды және әрекет" бөлімі. ҚМӘ қорытынды бөлімі құрамында әрбір мақұлданған көрсетілім бойынша пайда-қауіп арақатынасының жалпы бағасына, сондай-ақ қосалқы топтағы емделушілерге қолдануға мүмкін болғанда есептік мерзімде анықталған барлық жаңа ақпараттың әсері туралы қорытынды бар. Қауіпсіздік және пайда-қауіп арақатынасының талдауы бойынша жинақталатын деректер бағасын негізге ала отырып тіркеу куәлігінің ұстаушысы дәрілік препарат туралы ақпаратқа өзгеріс енгізу қажеттігін бағалайды және тиісті өзгерістердің контекстін ұсынады. Қорытындыға оларды кейін тиісті уәкілетті органдармен талқылау мақсатында оңтайлау және пайда-қауіп арақатынасын одан әрі бағалау бойынша алдын ала ұсыныс кіреді. Бұл ұсыныста қаупін өте аз ету шаралары бар. Фармакологиялық қадағалау бойынша жоспары бар дәрілік препараттар үшін және қаупін өте аз ету үшін ұсыныс фармакологиялық қадағалау бойынша жоспарға және қаупін өте аз ету жоспарына қосылады. 332. ҚМЕ "ҚМЕ қосымша" бөлімі мына қосымшалары қамтылады: 1) анықтамалық ақпарат; 2) клиникалық зерттеулер/сынақтар барысында анықталған күрделі жағымсыз құбылыстар бойынша жинақталатын қорытындылайтын кестелік деректер; 3) күрделі және күрделі емес жағымсыз реакциялардың тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша жинақталған және аралықтық қорытындыланған кестелік деректері; 4) дабылдар бойынша кестелік деректер; 5) егер қолданылса, дабылдар бағасы; 6) қауіпсіздік бойынша барлық тіркеуден кейінгі зерттеулердің тізбесі.