Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет117/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

мәтін бөліктері
Негізгі ой
жоспар
Мәдениет (латын. Cultura –
 өңдеу, егу
деген 
сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның 
әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде 
адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-
әрекетімен байланыстылығы, адамның және 
оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен 
«мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, 
адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. 
Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, 
түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған 
«екінші табиғат». 
Мәдениет, 
адамның әрекеті 
арқылы жасалатын 
өзгерістер, 
адам еңбегі, адам 
іс-әрекеті, оның 
қызметінің бірлігі, 
жалпылық маңыз, 
жасағанның 
бәрін, мазмұнды 
белгілері, «екінші 
табиғат» 
Мәдениет – 
«екінші табиғат»
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты 
мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген 
ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-
қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше 
құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның 
әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, 
өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. 
Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, 
ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
Өмір сүру 
мақсаты, құндылық 
жүйесі, қарым-
қатынас негізінде 
қалыптасады, 
қоршаған 
ортаға әсер 
етеді, мақсатқа 
пайдалану, ұрпаққа 
мұра етіп қалдыру
Мәдениет пен 
адам тығыз 
байланысты
Мәдениет 
әртүрлі 
әлеуметтік 
құрылымдардың, 
топтардың, 
таптардың, 
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір 
сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда 
болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек 
құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, 
жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, 
ортамен қатынаста болу және т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге 
тікелей байланысты, әр қоғамдық кезеңде 
жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс 
құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде 
жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде 
фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің 
қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. 
Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы 
пайда болды. Информатика дамыды, оларды 
микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру 
арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет 
әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның 
тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда 
адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. 
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның 
қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды 
ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен 
қоғам талабы тікелей байланысты. Мәдениет – 
адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі.
Әлеуметтік 
құрылым, тап, 
жіктердің, 
ұлттардың, жеке 
адамдардың, өмір 
сүру жағдайына, 
мәдениет 
байланысты, әр 
қоғамда жаңа 
тілек-арман 
болады, дамиды, 
жаңалық пайда 
болады, өндіріс 
құралы дамиды, 
адам тілегінен тыс 
болмайды
Мәдениет – 
адамның өмір 
сүру мақсаты 
мен құндылық 
жүйесі.
Мәдениет – 
адамның өмір 
сүру мақсаты 
мен құндылық 
жүйесі.


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет