Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет144/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

9
10


223
қОС
ым
ША
л
АР
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящую тему для 1-го абзаца. 
1) Денсаулықты күту
2) Денсаулық – зор байлық
3) Денсаулықты сақтау жолдары
4) Денсаулықты күту – әркімнің өз міндеті 
7-мәтін
Ұлттық атауларда үлкен мән бар
Ел еңсесін көтеріп, рухын асқақтататын мәдени құндылықтардың бірі әрі 
бірегейі – ұлттық атаулар. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан ұлттық 
ономастикалық жүйесі бар. Егер тереңірек ойлап қарасақ, ономастикалық 
атаулар – осы жердің иесі қазақ екенін білдірумен қатар, тіл тәуелсіздігін де
жалпақ жұртқа паш ететін ұлттық дүние. Ұлттық дүние бір ұлтқа тиесілі 
болғанымен, ол жалпыадамзаттық құндылық. Мысалы, Отырар, Тараз, 
Түркістан, Арал, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Астана атауларында қаншама 
тарих, терең сыр, мән-маңыз, мағына жатыр десеңізші. Ежелгі әрі жаңа 
Қазақстанды бүкіл әлем осы қазақи ұлттық атаулар арқылы танып келеді. 
Шынында, қазақтың терең мағыналы бір сөзі арқылы тіліңді, жеріңді, еліңді, 
мәдениетің мен тарихыңды дүниежүзі танып жатса, одан артық қандай 
идеология керек?!
Алда қабылданатын 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен 
дамыту бағдарламасында осы үрдіс жалғасын тауып жатса, құба-құп. Жалпы, 
туған өлкеміздегі жер-су, елді мекен атауларын қалпына келтіру – тарихи 
әділеттілікті орнату деген сөз. Елімізде ономастика мәселесіне үлкен мән 
беріледі. Республика бойынша бүгінгі таңда бір мыңнан астам елді мекеннің 
атауы өзгертілді. Бұндай көрсеткішке зиялы қауым мен түрлі қоғамдық 
бірлестіктердің және жергілікті ономастика комиссиялары тарапынан ұзақ 
жылдар бойы тынымсыз жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қол 
жеткізілді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Вставьте нужные слова вместо многоточия.
1. Ұлттық атауларда үлкен ... бар 2. Республика бойынша бүгінгі таңда 
бір мыңнан астам елді мекеннің … өзгертілді. 3. Қазақ халқының ежелден 
қалыптасқан ұлттық ономастикалық … бар. 4. Ұлттық ... бір ұлтқа тиесілі 
болғанымен, ол жалпыадамзаттық құндылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет