Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет48/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Жинақтық сан есімдер
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге 
-ау/-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, 
жетеу. Олар нешеу? сұрағына жауап беріп, заттың санын жинақтап көрсетеді: дəптер 
үшеу, қыздар алтау т.б. 
Жинақтық сан есімдерге тəуелдік жалғауы семантикалық ерекшеліктеріне қарай 
ғана жалғанады. Олар: екеуіміз, екеуің, екеуіңіз, екеуі болып түрінде тəуелденеді.
Жинақтық сан есімдердің жіктелуі:
Біз үшеуміз
Сендер үшеусіңдер
Сіздер үшеусіздер
Олар үшеу
♦ Жинақтау мағынасындағы сан атауын көрсетіңіз.
Укажите предложение с собирательным числительным
A) Ел құлағы – елу.
B) Жігітке жеті өнер де аз.
С) Ақыл – алтау, ой – жетеу.
D) Бірінші байлық – денсаулық.
1) елу сөзі заттың санын білдіреді, жинақтау мəнінде 
жұмсалмаған;
2) жеті сөзі заттың санын білдіреді, жинақтап 
көрсетпейді;
3) алтау, жетеу сөздері заттың санын жинақтап 
көрсетіп тұр;
4) бірінші сөзі заттың ретін білдіреді, жинақтау мəнін 
білдірмейді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті санды жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное число.
Ол ... Қапшағай көліне шомылуға кетті. 
А) екеуі
В) біреуі
С) үшеуі
D) бесеуі
1) екеуі сөзі жинақтау мағынасында жұмсалып тұр
сөйлем мағынасына сəйкес келеді;
2) біреуі сөзі сөйлемнің мағынасына сəйкес келмейді;
3) үшеуі сөзі сөйлемді мағыналық жақтан толықтыра 
алмайды
4) бесеуі сөзі сөйлемнің мағынасына үйлеспейді.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Үстелде отырған ... өзгелерге сөз берер емес.
А) төрт 
В) төртеу
С) төрттей 
D) төртінші
1) төрт сөзі заттың санын білдіреді, сөйлем 
мағынасына үйлеспейді;
2) төртеу сөзі адамның санын білдіріп, сөйлемнің 
мағынасына сəйкес келеді;
3) төрттей сөзі заттың санын шамалап білдіреді
сөйлем мағынасына сəйкес келмейді;
4) төртінші сөзі заттың ретін білдіреді, іс-əрекет 
иелерінің санын көрсетпейді.
Жинақтау мəнді сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
Укажите предложение с собирательным числительным.
A) Ел құлағы елу.
B) Ерінген екі істейді.
С) Ердің екі сөйлегені – өлгені.
D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет