Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет19/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Дағдыландырыу. Сан есіміне «лық» («лік», «дық», «дік», «тық», «тік») жұрнақтарды жалғатыу.
2) «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақ сан есіміне ылғый сол санмен есебтеу үшін жалғанады; мәселен: «жыйырма» деген сөзге «ла» жұрнағын жалғаб, «жыйырмала» дейміз: (ылғый жыйырма мен есебтеу үшін); «екі» деген сөзге «ле» жұрнағын қосыб, «екіле» дейміз: (ылғый екі мен есебтеу үшін); «тоғыз» деген сөзге «да» жұрнағын жалғаб, «тоғызда» дейміз: (ылғый тоғыз бен есебтеу үшін); «қырық» деген сөзге «та» жұрнағын жалғаб, «қырықта» дейміз (ылғый қырық бен есебтеу үшін); «сегіз» деген сөзге «де» жұрнағын жалғаб, «сегізде» дейміз: (ылғый сегіз бен есебтеу үшін); «үш» деген сөзге «те» жұрнағын жалғаб, үште дейміз: (кілең үш бен есебтеу үшін) жана басқа сондай сөздер.
1) Ескертіу. «ла» («ле») жұрнақ жадағай сан есіміне жалғанса, сол санда болыб, іс етіуді көрсетеді, мәселен, «екеу» деген сөзге «ле» жұрнағын жалғаб, «екеуле» десек, екеу болыб істеген мағанада болады; «алтау» деген сөзге «ла» жұрнағын жалғаб, «алтаула» десек, алтау болыб істе деген мағанада.
2) Ескертіу. «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақ орнына «дан» («ден»), «нан» («нен») жалғауларда айтылады; мәселен: «алтыла» дегеннің орнына «алтыдан» есебте дейміз, «жетіле» дегеннің орнына «жетеуден» есебтейміз.


4. Есімдік.

§20) Есімдік дегеніміз есімдердің, зат-есімнің, сын-есімнің, сан-есімнің орнына жүретүн сөздер: мәселен, «мұғалім» дегеннің орнына «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына «сен» деймін, анау баланың атын атау орнына «ол» деймін. «Мен», «сен», «ол» деген сөздер зат-есімнің орнына жүрген себебтен есімдік болады.


§21) Есімдік қазақ тілінде бес тарау болады: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) шектеу есімдігі, 5) танықтау есімдігі.


1. Жіктеу есімдігі.

§22) Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының жана бөгдедегінің жігін ашатұн сөздер.


Жіктеу екі түрлі болғандықтан жіктеу есімдігі де екіге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет