Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет25/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Дағдыландырыу. Қыйрағат кітәбінен бір мақала алыб, сондағы дүркінді етістерді көрсеткізіу.


10) Өсіңкі етіс.


Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі. Мыйсалы: ат жүріңкіреді; сұу тасыңқырады; бала ұйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» дегенде жүріу күшейгені көрінеді; «тасыңқырады» дегенде тасқын күшейгені көрінеді. «Жүріңкіреді», «тасыңқырады», «ұйықтаңқырады» деген сыйақты сөздерді өсіңкі етіс дейміз.
Дағдыландырыу. Бала басына бірнеше өсіңкі істерді көрсететүн сөздерді табқызыу.


Ырайлар.

Етіс түрлі ырай мен сөйленеді. Ол ырайлардың көбінесе жұмсалатұн түрлері мыналар: 1) тұйық ырай, 2) бійлік ырай, 3) ашық ырай, 4) шартты ырай, 5) ереуіл ырай, 6) іреніш ырай, 7) қалау ырай, 8) сенімді ырай, 9) сенімсіз ырай, 10) мұң ырай, 11) көніс ырай, 12) қайрау ырай, 13) ызалы ырай, 14) теріс ырай, 15) болжал ырай.




1) Тұйық ырай.

Істің беті белгісіз тұйық күйінде тұрғандағы айтылатұн сөздің тұйық түрін тұйық ырай дейміз; мәселен: жазбақ, жыламақ, күресбек, жұуынбақ, жатқызбақ, қаздырмақ, жегілмек, атыстырмақ, шабқыламақ, алыңқырамақ (болымды істі етістікте), жазбасқа, жыламасқа, күресбеске, жұуынбасқа, қаздырмасқа, жатқызбасқа, жегілмеске, атыстырмасқа, шабқыламасқа, алыңқырамасқа (болымсыз істі етістіктер). Мұнда етіс түрлері сезілседе, ырай түрі тұйық, ырай өңі бүркеулі, ашық сезілмейді.


Тұйық ырай етістің бій тараб, жалпы түрі. Сондықтан жалпы етістің жайынан сөйлегенде осы тұйық ырайын тұтынамыз. Басқа ырайлардың әр қайсысын өз орнына тұтынамыз; сондықтан әр ырайдың жалғаулары өзінше басқа-басқа болады.
Етістіктер ырайлармен өзгергенде екі түрлі айтылады: 1) дара түрде, 2) қосар түрде; қосар түрде сөйленгенде көмекші етістіктер қосыла айтылады. Көмекші етістіктер дегеніміз: тұрмақ, жүрмек, отырмақ, жатбақ, бармақ, болмақ, алмақ, бермек, келмек, кетбек, көрмек, өтбек, тастамақ, қоймақ, қалмақ, емек. Бұлардан басқа етістіктер жай етістік болады.
Қосар түрде сөйленгенде жай етістіктер мағана беріуші болыб, алда жүреді; көмекші етістіктер өзгеріуші болыб, соңында жүреді. Қосар түрін қойа тұрыб, қазірде дара түрін көрсетеміз. Қосар түрі етістіктің көсемше мен есімше жайынан сөйлегенде көрсетілмекші.
Етістіктің түбкі түрі сабақты етіс бен салт етіс; өзгелері тұуынды етістер. Сондықтан – бастабқы екеуі екі-ақ мүшелі: 1) түбір, 2) жалғау; басқа етістер үш мүшелі: 1) түбір, 2) жұрнақ, 3) жалғау, түбір мен жұрнақ екеуін жалғаудан айырыб сөйлегенде тұқыл дейміз. Сүйтіб, жалғау түбкі етістердің түбіріне жалғанады; тұуынды етістердің тұқылына жалғанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет