Тіл білімі теориясының күрделі мәселелерінің бірі тіл мен ойлаудың арақатынасы екендігі тіл зерттеушілерінің барлығы дерлік мойындаған заңдылық



Дата15.04.2023
өлшемі20,38 Kb.
#83149

ӘӨЖ
Ыдрышева С.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ АТАЛЫМЫНЫҢ ОНОМАСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ


Тіл білімі теориясының күрделі мәселелерінің бірі – тіл мен ойлаудың арақатынасы екендігі тіл зерттеушілерінің барлығы дерлік мойындаған заңдылық.Терминология жүйесі жалпы тіл жүйесінің белгілі бір бөлігі ретінде ғылыми ойды білдірудің құралы.Яғни, терминологияны ономасиологиялық аспектіде қарастырғанда, терминнің ұғымдарды белгілеуі мен бір-бірінен ажыратып көрсете алуына байланысты диакретикалық таңба ретінде қабылданады, яғни ономасиологияда туынды термин семантикасы функционалдық тұрғыдан зерттеледі.


Түйін сөздер: терминология, ономасиология, терминжасам, аталым, диакретикалық таңба, лексика-семантикалық топ, аффикстер, терминжүйені кодификациялау

ОНОМАСИОЛОГИЧЕСКИЙ АСПЕКТ КАЗАХСКОЙ ТЕРМИНОЛОГИИ


Одна из сложных проблем теории лингвистики заключается в том, что соотношение языка и мышления является закономерностью, признанной почти всеми исследователями языка.Система терминологии является средством выражения научной мысли как определенной части общей языковой системы.Т. е. при рассмотрении терминологии в ономасиологическом аспекте термин воспринимается как диакретический символ в связи с тем, что термин может обозначать и отличать понятия друг от друга, т. В ономасиологии семантика производного термина изучается с функциональной точки зрения.


Ключевые слова: терминология, ономасиология, терминообразование, именование, диакретический символ, лексико-семантическая группа, аффиксы, терминкодификация системы

ONOMASIOLOGICAL ASPECT OF THE KAZAKH TERMINOLOGICAL CATEGORY


One of the difficult problems of the theory of linguistics is that the relationship between language and thinking is a pattern recognized by almost all language researchers.The system of terminology is a means of expressing scientific thought as a certain part of the general language system.That is, when considering terminology in the onomasiological aspect, the term is perceived as a diacretic symbol due to the fact that the term can denote and distinguish concepts from each other, i.e. in onomasiology, the semantics of a derived term is studied from a functional point of view.


Keywords: terminology, onomasiology, term formation, naming, diacretic symbol, lexico-semantic group, affixes, term codification of the system

Қазіргі таңда заманауи жеке тұлға ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени ортада өмір сүреді. Бұл орта аса күрделі құбылыс ретінде адамға байқалмай ықпал етіп, оның дүниетанымы, іс-әрекеттері мен ойлау, қабылдау жүйесінің қалыптасуына тікелей қатысты болатыны сөзсіз. Өркениет дамуының нәтижесі, оның қалыптасу құралының бірі, тарихының тіркелу амалы, мәдени орта компоненттерінің бірегейі тіл болып саналады және атап айтқанда, ең алдымен, бұл – арнаулы лексика. Яғни, арнаулы білім салаларының лексикалық бірліктер (терминдер) жиынтығы. Олар мақсатты түрде реттелу мен басқарылуға бейім келетін лексиканың ерекше бір қабатын құрайды. Дәл осы арнаулы лексикада тіл дамуы мен халықтың материалдық және рухани мәдениетінің тарихи байланысы көрнекі түрде айқындалады. Осы жағдай Еуропалық кеңестің терминологияны ХХI ғасырдың жетекші саласы ретінде тануына әкелді. Қазіргі кезде ғылымитехникалық білімнің қарқынды дамуы заманауи тілдерде пайда болып жатқан жаңа сөздердің 90 %-ынан астамы осы арнаулы лексика екенін анық көрсетіп отыр.


Оның үстіне соңғы кездері терминдердің басым көпшілігі жалпықолданыстық тілге өтіп, ал терминологиялық мәселелер жалпы ұлттық тілге айтарлықтай ықпал етуде. Сондықтан да арнаулы лексика саласының қалып-күйін зерттеу тіл дамуы үшін аса маңыздылыққа ие болып отыр. Арнаулы лексика саласында ғана адамның тілге саналы түрде ықпал етуі жүзеге асырылады. Сондай-ақ қазіргі кезде білімнің жекелеген лексика салаларын реттеуден бүкіл тілдің арнаулы лексика қабатын жоспарлы түрде бірізділендіруге көшу мүмкіндігі туындап отыр. Кез келген терминжасам тәсілдері терминологиялық жүйе қалыптасуының кезеңіне тәуелді болып келеді. Бұл ретте, ең алдымен, термин белгілі бір ғылым саласының элементі екенін ескеру қажет. Осыған байланысты әрбір тілдің терминжасам үдерісі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Яғни терминдер тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады да, осыған сәйкес терминдер қатарында сол тілге тән әртүрлі құрылымдық түрлері кездеседі: термин-түбір сөз, терминтуынды сөз, термин-күрделі сөз, терминологиялық сөз тіркесі, терминологиялық сөйлем және т.б.
Қазіргі қазақ терминологиясының синхронды сипаты оның қалыптасуының дереккөздері, жеке терминдер мен терминологиялық жүйелердің жасалу уақыты, аталым әдіс-тәсілдері оның қаншалықты күрделі және сан алуан түрлі ерекшелігін көрсетеді. Кез келген ұлттық тілдің терминологиясы сол ұлт өкілінің танымдық және практикалық іс-әрекетінің нәтижесі, қоғамның кәсіби қызметінің барлыұ салаларындағы арнаулы ұғымдар атауларынан көрініс береді. Осы ретте арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына ғылымның кәсіби тіл аталымдары жатқызылады. Қазіргі таңда жалпы аталым теориясы тиісті дәрежеде зерттелгенмен, арнаулы лексика саласындағы аталым мәселелері ілә күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Өйткені аталым саласындағы барлық жаңа болып табылған, мейлі ол ұлттық тілдің өзінің техникалық мүмкіндіктері болсын, немесе ұлттық тілден тыс, өзге халықтан қабылданған болсын, ең алдымен кәсіби лексикада көрініс табады. Себебі арнаулы лексика үнемі толықтырып отыруды талап етеді. Бұл өз кезегінде аталымның амал-тәсілдері және жаңа жолдарын үнемі іздестіруге алып келеді[1, 97 б.].
Қазіргі таңда терминологияны зерттеудің маңызын академик Ә.Қайдаров: төмендегідей себептермен айқындайды: «Бірінші себеп – әрбір өркениетті ел ғылыми - техникалық прогрестің айнасы іспетті терминологияның таптұйнақтай сындарлы болуына ерекше мән беріп, заман талабына сәйкес оқтыноқтын оның бағыт-бағдарларын анықтап, үрдісін байқап, ширатып шынықтырып отыруға тиіс, біз де енді сондай ел санатына жатамыз. Екінші себеп – қазақ әдеби жазба тілі мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі – оның жон арқасы, бүкіл рухани-мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, сол ыңғайда өзгеріп отыруға бейімді құбылыс, сондықтан да мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы терминологияның реттілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді» [2, 3 б.].
Жаңа терминологиялық жүйелердің зерттелуі, терминжасамның бірқатар өзекті әрі күрделі мәселелерін анықтауға септігін тигізеді. Олардың қатарына мыналар жатқызылады: терминжасамның қазіргі таңдағы даму үдерісін анықтау, қазақ тілінің терминжасамындағы өнімді, өнімсіз тұлғалар, терминжасаушы элементтерді (аффикстер, күрделі сөздердің стандартты бөліктері т.б.) нақты бағалап, саралау және тілдік мәртебесін айқындау т.б. Соңғы жылдары терминологиялық жүйелерде орын алатын сипаттамалы терминологиялық бірліктер табиғаты ғылыми қызығушылық танытып жүргені белгілі. Әсіресе бұл құрылымдардың ақпараттық табиғаты, олардың қолданылу уәждері аффиксті сөзжасам мүмкіндіктерінің шектеулігінен бе, әлде жоқ па деген сияқты мәселелер өз шешімін күтуде.
Жалпы осы тұрғыда аталым принципі дегеніміз не? Сол сұраққа жауап іздесек. Біздің түсінігіміз бойынша, аталым үдерісі алғашқы кезеңінен бастап аяқталу сәтіне дейінгі тілдік аталым теориясының ең бір күрделі құбылысы болып табылады. Аталым теориясының маңыздылығы аталым принциптері, аталым әдісі, амал-тәсілдері мен құралдары ұғымдарынан тұрады. Аталым принципі дегеніміз – тіл иелерінің санасында мазмұндық (семантикалық) категория ретінде көрініс беретін уәждеуіш белгілердің жалпы қорытылуы негізінде қалыптасатын атаулану үдерісінің бастапқы сатысы. Аталым әдісі дегеніміз – уәждеуіш белгінің аталым принципін орындауың, оны іске асарудың амалы. Демек, аталым принциптері мен әдістерінің арақатынасы форма мен мазмұнның қатынасы сипатында болады.
Терминологиялық аталымның ономасиологиялық аспектіде зерттелуі, біздің ойымызша, терминжасамның бірқатар өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Олар: терминжасамның қазіргі таңдағы даму процесін айқындау, қазақ тілінің терминжасалымындағы өнімді, өнімсіз тұлғалар, термин жасаушы элементтерді (аффикстер, күрделі сөздердің стандартты бөліктері т.б) нақты бағалап, саралану мен тілдік мәселесін анықтау т.б.
Терминологияны ономасиологиялық аспектіде қарастырғанда, терминнің ұғымдарды белгілеуі мен бір-бірінен ажыратып көрсете алуына байланысты диакретикалық таңба ретінде қабылданады, яғни ономасиологияда туынды термин семантикасы функционалдық тұрғыдан зерттеледі. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы тілдік аталымның негізгі тілдік бірлігі, аталымның басты тірегі – сөз. Сөздердің аталымдық қызмет атқаратын сөз таптары тұрғысынан қарастырылуының да маңызы зор. Бұл мәселе жеке тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғалымдардың пікірі бойынша, негізгі аталымдық сөз таптарына зат есім, сын есім, етістік және үстеулер жатқызылып, тек осыларда ғана үнемі жаңа мазмұн пайда болып, жаңа атаулар жасалады. Абсолюттік аталымдық қызметті зат есімдер білдіреді. Басқа аталымдық сөз таптарының бұл қасиеті әлсіздеу келіп, өзге сөз таптары білдіретін мазмұнды көрсете алу қабілеттері зат есімге қарағанда төмендеу болады. Бұл мәселелердің зерттелуіне ономасиологиялық бағыт тұрғысынан келгенде ғалым А.В.Исаченконың жалпы терминдерді термин-атаулар мен термин-сипаттамаларға бөліп қарастыру пікірі ерекше назар аудартады. Ғалымның пайымдауынша: «…термин-атаулар бейуәжді, әдетте бір сөзден құралған терминдер, ал термин-сипаттамалар бұл көп сөзден құралған уәжді термин-фразалар болып, ықшамдалған дефиницияларға сәйкес келеді» [3, 37 б.].
Осымен байланысты тілдік бірліктерді ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу, ең алдымен, атау-сөздердің жасалуы, қалыптасуының аталымдық белгілерін анықтау болып табылады. Ономасиология теориясы жаңа пайда болған ұғымның алғашқы сипаттамалы түрдегі аталуынан бастап, универб атауға жеткенге дейінгі әрекетті зерттейді. Тілдік бірліктерді ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – атаусөздердің жасалуы, олардың қалыптасуының аталымдық белгілерін айқындалуын білдіреді. Аталым актісі ономасиологиялық аспектіде екі түрлі операциядан тұрады: 1) бір нәрсеге атау беру үшін ең алдымен референтті немесе денотатты сәйкестендіріп (идентификациялау), оның сөйлеушінің когнитивтік жүйесіндегі орнын анықтап, белгілі бір категорияға жатқызу қажет; 2) одан кейін барып аталған референттің өзіне ұқсас, онымен тектес басқа референттермен салыстыру операциясы жүргізіліп, нәтижесінде оның басқалардан айырым белгілері айқындалып, жалпы сипаттамасы жасалады. Алдымен жалпы категориялдау құбылыстары, содан кейін субкатегориялдау құбылыстары іске асырылады. Аталым актісін орындау барысында атау беруші (номинатор) ақиқат болмыстың жеке фрагменттерін бір-бірімен салыстырып, олардың арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатады. Жаңа сөз жасаудағы когнитивтік үдерістердің рөлі, міне, осыдан туындайды. Ономасиологиялық құрылымдар «тілден тыс» факторларды толық көрсетпейді. Олар ақиқат болмыстың тек тілдік категориялық тәсілдері арқылы жүзеге асатын негізгі екі компонентін ғана таңдап белгілейді. Ономасиологиялық категориялар өз кезегінде гносеологиялық-қисынды категориялардың ішінен белгілі бір мақсатты таңдау нәтижесін көрсетеді. Кез келген аталым актісінде заттар мен құбылыстар немесе олардың белгілері арасындағы байланыстарды белгілейтін пайымдау қалыптасады. Сондықтан да қарапайым ойлау ісәрекеті арқылы ономасиологиялық және психологиялық категориялар өзара байланыста болады.
Терминологияны ономасиологиялық аспектіде қарастырғанда, терминнің ұғымдарды белгілеуі мен бір-бірінен ажыратып көрсете алуына байланысты диакретикалық таңба ретінде қабылданады, яғни ономасиологияда туынды термин семантикасы функционалдық тұрғыдан зерттеледі. Жалпы тілдік аталымның негізгі тілдік бірлігі, аталымның басты тірегі – сөз. Сөздердің аталымдық қызмет атқаратын сөз таптары тұрғысынан қарастырылуының да маңызы зор. Бұл мәселе жеке тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғалымдардың пікірі бойынша, негізгі аталымдық сөз таптарына зат есім, сын есім, етістік және үстеулер жатқызылып, тек осыларда ғана үнемі жаңа мазмұн пайда болып, жаңа атаулар жасалады. Абсолюттік аталымдық қызметті зат есімдер білдіреді. Басқа аталымдық сөз таптарының бұл қасиеті әлсіздеу келіп, өзге сөз таптары білдіретін мазмұнды көрсете алу қабілеттері зат есімге қарағанда төмендеу болады.
Қорытындылайтын болсам, аталған сала терминологиясын жүйелеу мен кешенді зерттеу болашақта жалғастыруды қажет етеді. Өйткені сұлулық индустриясы саласының әрі қарайғы дамуына орай, оның терминологиялық қоры ұлғая беретіні сөзсіз. Сондықтан келешекте осы салаға қатысты бүкіл терминологиялық бірліктерді қамтып көрсететін толыққанды терминографиялық еңбек қажеттілігі біздің басты мүддеміз бен назарымызда болмақ.

Әдебиеттер тізімі



  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері: Оқулық. 3-басылым. -Алматы: Санат, 1993. – 496 б.

  2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясының дамуының кезеңдік сипаты. – Астана, 2002. – 184 б.

  3. Терминология мәселелері. 2-кітап. – Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2006. – 228 б.

  4. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.

  5. Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Абзал-ай, 2014. -640 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет