51
дауыссыздарды ғана емес, сонымен бірге, дауысты дыбыстарды да жеке таңбалармен
белгілеген жазуды айтып отырмыз).
Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысып отырған. Мәселен, жоғарыда аталған
финикий әліпбиінің
негізінде грек әліпбиі, грек әліпбиінің негізінде бүкіл Батыс
Еуропа халықтарының әліпбиілері жасалды. Ал шығыс халықтарының (араб, Иран,
еврей т.б.) жазуы арамей әліпбиінің негізінде пайда болды.
Ескерте кететін нәрсе, әліпби бір халықтан екінші халыққа ауысқан кезінде
негізінен әр тілдің дыбыстық ерекшеліктерін көрсететін
қосымша әріптерді қосьш
альш отырған. Мысалы, грек әліпбиінің негізінде жасалған славян әліпбиін түзу үстінде
ағайынды Кирилдер (863 — жылы) гректерден 24 әріп алған да, оның үстіне славян
тілдерінің ерекшеліктерін көрсететін 19 әріпті қосқан (сонда бәрі 43 әріп). Сөйтіп, олар
грек жазуын өз тілдеріне дәл келетіндей етіп ыңғайластырған. Орыс әліпбиі осы
аталған славян әліпбиінің заңды жалғасы болып саналады.
Ал Батыс Еуропа халықтарының латынға негізделген әліпбилері жайында мұны
айта алмайсың. Өйткені олар тілдерінің дыбыстық құрамының әр түрлі болуына
қарамастан, байырғы латын әліпбиін сол күйінде,
яғни ешбір өзгеріссіз,
толықтырусыз қабылдаған. Бұлардың үстіне әліпби иелері тек
W. J деген екі-ақ
жартылай дауысты дыбыстың әрпін қосқан. Соның салдарынан Батыс Еуропа
тілдерінің дыбыстық құрамы мен әліпбиінің арасында алшақтық пайда болды.
Мысалы, ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) — 15 дауысты, 15
дауыссыз,
француз тілінде - 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде - 16 дауысты, 21 дауыссыз
дыбыс бар. Дыбыстардың осыншама мол түрін белгілейтін әлгі тілдердің әліпбиінде
тек 26 ғана әріп қолданылады. Оның алтауы дауыстыларды, жиырмасы-
дауыссыздарды таңбалайды. Аталған тілдердегі біраз сөздердің бір түрлі жазылып, екінші
түрлі айтылатын себебі сондықтан. Мәселен, ағылшын тілінде
And you (Сіз ше?)
дегеннің айтылуы —
Энд ию (ию).
Түркі
халықтары болса, оған дейін сына жазуын пайдаланып келгенімен орта
ғасырдан бастап араб әліпбиін қолдана бастады. Қазақ тіл білімінің негізін калаушы
А.Байтүрсынов оны 1910-15 жылдары өз тілімізге ыңғайлап, кайта жасаған болатын.
Әріптердің ұзын саны - 28 ғана. Амал не, қүйтұрқы саясаттың кесірінен ол әліпбиіміз
1929
жылы латынға, ал 1940 жылы кирилицаға көшірілді. Сөйтіп, қысқа уақыттың
ішінде біздің әліпбиіміз өз еркімізден тыс бір емес, әлденеше рет өзгеріске ұшырады.
Бұл, әрине, жазу- сызуымыздың дамуына, қалыптасуына кесірін тигізбей калған жоқ.
Қысқасы, әріп (дыбыс) жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің
дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу - жазу жүйелерінің ішіндегі ең
ыңғайлысы. Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан
дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан
40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын
мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді.
Бұл жазу, әсіресе,
сөздердің дыбыстық жағы мен олардың грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруде
өте-мөте қолайлы.
Қорыта келгенде, жоғарыда айтылғандардан жазудың бірнеше түрлерінің бар
екендігін және олардың ұзақ тарихы болғандығын көреміз. Сонымен бірге, жазу өте ерте
замандарда шығып, мыңдаған жылдар бойы біртіндеп өзгеріп, дамып, жетіліп
отырғандығын байқауға болады.