екен» деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.»
Сонымен,
әр
түрлі
фразеологиялық
сөздіктер
мен
жинақтарда
фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.
11.5 Терминологиялық сөздіктер
Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т. б. Сан алуан
салаларына қетысты терминдерді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын
түсіндіріп беруді мақсат етеді.
Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің барлығында да ғылым мен техниканың түрлі
салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалды.
Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың, физика, математика, биология,
медицина, география, геология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының
әрқайсысының терминдерін қамтыған өз алдына бөлек - бөлек бірнеше
терминологиялық сөздіктер жасалды.
Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік
аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілде жасалған терминологиялық
сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі.
Осындай сөздіктің бірі - О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігі»
(М., 1966) деп аталатын еңбегі.
Түркі тілдеріндегі терминологиялық сөздіктердің көпшілігі екі тілді аударма
терминологиялық сөздік түрінде жасалып жүр. Оларда орыс тілінде қолданылып
жүрген терминдердің аударылып отырған тілде баламасы барлары аударылып
берілген де, баламасы жоқтары және интернационалдық терминдер орыс тіліндегі
қалпына аударылмай берілген.
56
11.6 Энциклопедиялық сөздіктер
Энциклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. Тілімізде,
мәдени өмірімізде, энциклопедиялық сөздіктің шығуы халқымыздың білімінің,
мәдениетінің өскендігін көрсетеді.
Қазақ халқының тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 1972 жылдан бастап
шыға бастады.
Қазақ Совет Энциклопедиясы - барлық өмір салаларынан білім беретін сан
алуан ғылымның анықтама жиынтығы. Онда республикамыздың халық
шаруашылығы, ғылымы, мәдениеті т. б. саладағы бүгінгі табыстары, ертеңгі
келешегі, сонымен бірге республиканың табиғат байлығынан, ұлттық
ерекшеліктерінен, халықаралық жетістіктерінен мағлұмат береді.
Лексикографиялық жұмыстар жүргізу үшін лексикографияның теориясы мен
практикасын жете білу қажет. Мұнымен бірге, лексикографиялық жұмыс
лексикографтардан лексикологияны, оның семасиология, фразеология, этимология
атты салаларын жете білуді қажет етеді. Лексикографиялық жұмыс жүргізу үшін
стилистика мен грамматика мәселелерін де жете меңгере білу қажет.
|