Тіл біліміне кіріспе


Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы (классификациясы)



бет27/44
Дата21.12.2023
өлшемі318,26 Kb.
#141990
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе-emirsaba.org

9. Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы (классификациясы)
Дүние жүзінде шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екшшісі - шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі - тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, екінші түрі типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылу деп аталынады.
9.1. Тілдердің шығу тегі, туыстығы (генеалогиялық) жағынан топтастырылуы Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі семьяларға, семьялар әр түрлі топтарға бөлінеді.
Семья деген термин - шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал топ деген термин - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандығына орай олар роман тілдері тобын құрайды. Үңдіеуропа тілдер семьясына жататын герман тілдерінің негізі грек тілі болғандықтан олар өз алдына бөлек топ құрайды.
Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі. Сондықтан туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ болуы мүмкін. Мысалы, бір ғана ундіеуропа тілдер семьясына жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақыңдық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да, үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2) роман тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран тілдері деген сияқты т.б. топтарға бөлінеді.
Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің де өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Мысалы, бір ғана славян тобына жататын орыс тілі мен чех тілінің жақындық, ұқсастык жақтары орыс, украин, белорус тілдерінің өзара жақыңдық, ұқсастық жақтарына қарағанда әлдеқайда алшағырақ.
Осындай белгілеріне қарап жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше кіші топтарға (подгруппаларға) бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде: 1) шығыс славян, 2) оңтүстік славян 3) батыс славян тілдері болып үш кіші топқа бөлінсе, түркі тілдер семьясына жататын тілдер де өз ішінде осылай үлкен топтар мен кіші топтарға жіктеліне алады.
Сөйтіп, туыстас тілдердің бір-бірімен жақындығы, ұксастығы бірдей бола бермейді екен. Олардың ішінде негізгі сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы жағынан бір- біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де болады, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілері азырақ тілдер де болады.
Шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру барысында дүние жүзіндегі тілдер былайша жіктелінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет