Тіл білімінің негізін қалаушы -а. Байтұрсынов



Дата11.10.2022
өлшемі16,95 Kb.
#42335

Тіл білімінің негізін қалаушы –А.Байтұрсынов.
Қазақ тілінің ғылым боп қалыптасуы әлбетте, А.Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. Ғалымның тағдырымен арпалысып жүріп жазған зерттеулері тіл білімінде берік діңгек боп қалды. Тіпті қазіргі жаңа бағыттағы зерттеулердің қисыны да Ахаңның сонау ХХ ғ. басындағы пайымдауымен сәйкес келіп жатыр. Осыдан-ақ біз қазақ тіл білімінің қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. А.Байтұрсыновтың ең алдымен қазақ әліпбиін жасауында үлкен көрегендік бар. Кейінгі еңбектердің барлығы осы қазақ тілінде жазылып, таралауы халықты азаттыққа жетелейді деп сенген.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілін пән ретінде оқытудағы ізденістері "Тіл-құрал", "Оқу-құрал", "Баяншы", "Тіл жұмсар" сияқты оқулықтар болып жарыққа шықты. Ең алдымен балаларды оқыту үшін "Оқу құрал" жарыққа шықты. қазақ тілінің грамматикасын түсіндіруге "Тіл-құралды" арнады. Одан кейін тілдің қолданысына мән беру үшін "Тіл жұмсар жазылды". Кейін осы оқулықтарды оқушыға үйрететін мұғалімдерге арнап әдістеме жазылды. Жалпы, А.Байтұрсынов бір жүйемен жұмыс жасаған. Жүйелі жазылған еңбектері қайта-қайта бастырылып, өте көп сұранысқа ие болды.
"Тіл құрал" – бірнеше бөлімнен тұратын іргелі еңбек. Ғалым: "Тіл құрал" деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені бұл қазақта бұрын болмаған зат",- деп алғашқы оқулықтың маңыздылығын көрсеткен. 1918-1924 жылдар аралығында жарық көрген еңбектерде дыбыс жүйесі - фонетика, сөз жүйесі – морфология, сөйлем жүйесі – синтаксис турасында толықтай жазылған. Қазіргі әдістемеге сай жеңілден қиынға қарай ауысып, оқушының тақырыпты меңгеріп кетуін ойластырған. Жаңа тақырыпты бекіту үшін дағдыландыру, сынау деген бөлімде тапсырмалар береді. Бұл – қазіргі жаттығу деп атап жүрген бөлімнің функциясы. Осы жерін ғалым былай нақтылайды:" Тіл-құралда" дағдыландыру, сынау деген сөздер ұшырайды. ...балалар өздері тауып дағдыланғаннан кейін, сынау болады. Яғни үйренген нәрсесін жаза ала ма? Соны сынау". Оқулықтың құрылымы қарапайым болғанмен, оқушы ең негізгі түсінікті алады. "Тіл-құралды" қазіргі грамматикамен салыстыра отырып, кейбір айырмашылықтарды анықтадық. Сөз таптарына қатысты бөліністі А.Байтұрсынов атауыш сөздер мен шылау сөздер бөлген. Атауыш сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік кірсе, шылау сөздерге үстеу, демеулік, жалғаулық, одағай сөзді жатқызған. Қазір демеулік пен жалғаулық шылау сөздердің бөлінісі ретінде бір сөз табы болып айтылып жүр.
Тілімізде әр деген сөз бар. Оқулықта белгісіздік есімдігі ретінде әркім, әрқайсысы, әрне, әрбір деген сөздердің құрамында келеді. Алайда А.Байтұрсынов осы есімдіктерді белгісіздік емес, анықтау( шектеу) есімдігі деп көрсеткен. О.Жұбаева әр сөзінің зат есімдермен тіркескенде анықтау мәні күшейетінін айтты. Сөздің мағынасы ауысып, нақтылық пайда болады екен. Жалпы қазақ тіліндегі екі сөз табына да кіріп кететін сөздердің қызметін анықтап, ажырату керек деген ұсыныс бар.
Қазақ тіл біліміндегі барлық атаулар мен терминдерді А.Байтұрсынов жасағаны белгілі. Терминология саласындағы зерттеулері тіл мен әдебиеттің ғылым боп қалыптасуына негіз болды. Осы ретте Ахаңның термин жасаудағы жанкештілігіне тоқталғым келеді. Орыс тіліндегі терминдерді қазақтың жалпақ тіліне салып, әрі ғылыми, әрі қарапайым сөз ойластырған. Одағай, шылау, бастауыш, баяндауыш, үстеу, емле, есімдік, етістік, жұрнақ, жалғау, үтір, т.б. терминдердің өміршеңдігінен ғалымның сөз табиғатын терең түсінгенін байқаймыз. Ө.Айтбайұлы "Основы казахской терминологии" еңбегінде әдебиет мен мәдениеттегі Абайдың орны қандай болса, тіл білімі мен әдебиеттанудағы Ахмет Байтұрсынов алатын орын сондай деген еді. Зерттеуші қазақ терминологиясының көшбасшысы деп бөлек тарау арнаған. Осы еңбекте А.Байтұрсыновтың енгізген терминдері әр сала бойынша жазылған. Ғалым грамматикаға қатысты жіктеуді орыс тіл біліміне қарап жасағанмен, бірде-бір орыс сөзін оқулыққа кіргізбеген. Қазақ тілінің мол сөздік қорын барынша қолдануға тырысқан. Ол үнемі терминдерді жетілдіріп, толықтырып отырды. Сондықтан "Тіл-құрал" қазақ тілінің грамматикасын толыққанды зерттеген бірден-бір еңбек. Кейінгі тілші-ғалымдар осы еңбекті негізге ала отырып, зерттеулерін жалғастырды. Сонымен қатар, ғалымның қазіргі бізге жаңа көрініп қалған "дүниенің тілдік суреті", "ғаламның тілдік бейнесі" сияқты концептуалды ұғымды " ғаламды сөзбен көрсету" деп жазғанын айту керек. А.Байтұрсынов "... оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды..." деді. О.Жұбаева "дүниенің тілдік суреті" қазақ тілінің сөзжасам, сөзқолданыс табиғатына қайшы, калька жолмен жасалған дейді. Зерттеуші "Ғаламды сөзбен көрсету" деген терминді қолданысқа енгізу туралы ұсыныс жасады. Тілдің концептуалды деңгейі әу бастан бар деп есептеймін. А. Байтұрсынов осы жайтты дұрыс түсініп, тілдің тағы бір қызметін айқындап кеткен.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің кеңге қанат жайып, өркендеуіне қосқан тағы бір саласы бар. Ол - журналистика. "Қазақ" деген атпен шыққан газеттің қазақша хабар таратқаны да көңілге үміт сыйлады. Газет - ағартушылық бағытта бұқараға өте жақсы әсер ететін құрал. "Қазақ" газеті – өз уақытында алаш зиялыларының бір мақсат-мүддесін анық көрсететін басылым еді. А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлы елдің саяси, мәдени, ағартушылық жайын сөз етті. Тығырықтан шығар жолды да көрсетіп отырды. Газеттің үлкен күш екенін түсінген қайраткерлер оның тоқтап қалмай шығуына ат салысты. Қазақ тіліндегі кез келген басылым халықтың рухын оятып, біріктіруші еді. Халықтың оянбауын қалайтын тап баспаны жауып тастады."Қазақ" газетінің шыққанына ғасыр болды. Қазіргі ұрпақ газеттің сол кездегі және қазіргі саяси, мәдени, ағартушылық қызметінің маңыздылығын түсінуі керек деп санаймын.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілімен егіз ұғым. Әлем тілдерінің арасында қазақ тілінің орнын айқындап берген, өлмес сара жол салып берген ұлы тұлғаның еңбегін дәріптеуіміз қажет. Жаңа технология іздеп шетелдік тәжірибелерді қарасақ, оның көпшілігі А.Байтұрсыновтың еңбектерінде айтылған. Оқыту әдістемесіне енгізген, қолданған. "Инсерт", "Сын тұрғысынан ойлау","Блум таксономиясы" сияқты әдіс-тәсілдер Ахметтің "Әліпби", " Сауат ашу", "Ана тілінің әдісі" еңбектерінде айтылған. Мәселен, "Блум таксономиясындағы" білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деген 6 танымдық ережесін ғалым жалпылау, жалқылау және жалқылаулы-жалпылаулы әдіс деп көрсеткен. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушы зерттеуге, талдауға дағдылану керек деп санайды. Осы себепті А.Байтұрсыновтың мұрасы қазіргі жаңа парадигмалар бойынша зерттеліп, насихатталуы тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. А.Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы.- Астана:"Алашорда" Қоғамдық қоры, 2017.-752 бет.
2. Айтбайұлы Ө. Основы казахской терминологии / Ө. Айтбайұлы. – Алматы: Издательство «Абзал-Ай», 2014. – 384 стр.
3.Сейітбекова А. Бүгінгі жаңа деп танылған әдістер Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алған // Тіл әлемі. - 6.09.2019 //https://tilalemi.kz/article/2090

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет