Тіл бұзылыстарының этиологиясы



Дата27.11.2023
өлшемі3,46 Mb.
#128693
Байланысты:
тіл бұзылыстарының этиологиясы


тіл бұзылыстарының этиологиясы
«Этиология» термині (грек тілінде «этио» - себеп, «логос» - ғылым, ілім) – ауырудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді.
Көне заманның грек философы және дәрігері Гиппократ сөйлеу тіл кемістіктерінің, атап айтқанда, тұтықпаның себебі бас ми жарақаттануында деп айтып кеткен. Басқа грек философы Аристотель, сөйлеу тілінің пайда болуын шеткі сөйлеу аппаратының анатомиялық құрылысымен байланыстырып, сөйлеу тіл бұзылыстарының себебін соның ақаулығынан деп білген.
тарихы
Сонымен, көне заман ғылымдарының зерттеулерінде де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін түсінуде екі бағыт белгіленді. Біріншісі Гиппократтан бастап шыққан – сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуында бас мидың зақымдалуы басшы болса; ал екіншісі - Аристотельден басталған – перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылыстары басшы болады деп мақұлдайды. Кейін де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін зерттеу кезінде осы екі көзқарас сақталған.
Гиппократтың ойын француз дәрігері Поль Брока тек 1861 жылы ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол бас миында сөйлеу тілге қатысты арнайы бөлік бар екенін көрсетіп, сөйлеу тілінің жойылуын сонымен байланыстырды. 1874ж. Вернике осыған ұқсас жаңалық ашты: түсіну мен ми қыртысының белгілі бір бөлігінің сақтаулы болуы арасындағы байланыс. Осы кезден бастап сөйлеу тілі бұзылыстары мен ми қыртысының белгілі бөліктерінің морфологиялық өзгерістері өзара байланысты екені дәлелденді.
Әртүрлі іш құрсақ потологиясы
Босану кезіндегі жарақаттар немесе асфикция
Өмірінің алғашқы жылындағы аурулар
Бас сүйегінің жарақаттануы
Тұқымқуалаушылық факторлар
Әлеуметтік - тұрмыстық жағдайдың қолайсыздығы
тіл бұзылысының себептері
Тіл қалыптасу үшін тірек қымыл анализаторлары маңызды. М.Е. хвацев сөйлеу бұзылыстарын келесі себептерге бөледі:
Органикалық (сөйлеу анализаторының перифериялық бөлімінің зақымдалуы, тістердің дұрыс емес құрылысы)
Функционалдық немесе психогендік (нейродинамиканың бұзылуы)
Әлеуметтік - психологиялық себептер
Сөйлеу бұзылыстарының дамуында отбасында сөйлеу бұзылыстары, солақай және оң қол сияқты факторлар ерекше рөл атқарады. Әлеуметтік-психологиялық қауіп факторлары негізінен балалардың психикалық депривациясымен байланысты. Баланың ересектермен эмоционалды және ауызша қарым-қатынасының болмауы ерекше маңызды.
назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет