Тіл-ең асыл құндылық



Дата29.03.2023
өлшемі8,35 Kb.
#77377
Байланысты:
...


Тіл-ең асыл құндылық
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады. Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы.. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймасмыз.В.И.Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра«Тіл туралы” заңда«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі.Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру.Кей бір адамдар осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейді.Тіпті туған тілден безетін сорақыларда бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.Өз тілімізді жоғалтпауымыз үшін қай ұлттың өкілі болсақда, тіл үшін күресуіміз керек.Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсақ да, тіліміз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуымыз керек. Себебі біздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше біздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз.Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезімізден басталуы тиіс. Айналамызды танып білу, туған тілімізді білуден басталады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет