Тіл және әдебиеті иституты



бет7/18
Дата09.05.2022
өлшемі0,5 Mb.
#33634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән құрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерекшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін, ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызып, жаңа нәтижелер шығара алады.

Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдерді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет