Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата08.02.2017
өлшемі9,9 Mb.
#3665
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

155

де  түсінікті.  Үш  ғасырға  жуық  Ресей  империясы  мен  кеңестік  тота- 
литарлық  жүйе  қыспағында  зорлықтан,  күшпен  модернизациялаудан 
мың  өліп,  мың тірілген  халқымыз  азат өмірге  қүштарлығын  бір  сәтке 
жоғалтпастан,  үздіксіз  күреспен,кейде  бейбіт,  кейде  қарулы  қарсы- 
лықпен  1991  жылдың 16 желтоқсанын -  мемлекеттік тәуелсіздік күнін 
қарсы алуға асықты.  Мамандардың есептеуінше, XVIII ғасырдағы Сы­
рым  Датүлы  көтерілісінен  XX  ғасыр  басындағы  Амангелді  Иманов 
бастаған  қарулы  күреске  дейін  300-ден  астам  баскөтеру  қазақ  дала- 
сында дүркіреп  өтсе,  осыншама рет  наразылық  білдіру  кеңестік  жыл- 
дарда да орьш алыпты.  Басқаша айтсақ,  1731  жылы Ресей бодандығын 
мойындағаннан  260 жыл бойына,  орта есеппен,  қазақтар әр жылда  2-3 
мәрте  отарлық  немесе  тоталитарлық  жүйеге  қарсы  шығып  отырған. 
Әрине, бүлардың бәрін үлт-азаттық қозғалысына, көтеріліске, соғысқа 
жатқызуға  болмас.  Діни  сипатта,  қысқа  мерзімдік,  ресми  биліктің 
арандатуымен,  тіпті  қаракан  басының  қамын  күйттеген  себептерден 
бүрқ  еткен  оқиғалардың  да тізімге  еніп  кетуі  мүмкін  гой.  Сондықтан 
да үлт-азаттық қозғалысы,  үлт-азаттық көтерілісі,  үлт-азаттық соғысы 
мәртебссіне  лайық  қүбылыс  қандай  өлшемдерге,  көрсеткіштерге  сай 
болуы керектігін аныктап алудың теориялық, методологиялық, таным- 
дық маңызы зор.  Мәселені талдауға кіріспестен  бүрын бүдан былайғы 
жерде жоғарыда аталған үш үғым-түсініктің біреуін ғана, яғни үлт-азат- 
тық қозғалысты жинақтама категория ретінде қолданатындығымызды 
ескерте кетейік.
¥лт-азаттық  қозғалысының  үш  мәнді  белгісі  бар:  біріншісі
-   қозгалысқа  жалпыүлттық  идеяның  тән  болуы;  екіншісі  -   қозғалыс 
алға  қойған  негізгі  мақсаттың  анық  та  ашық  түрде  мемлекеттік 
билік  мәселесіне  келіп  тірелуі;  үшіншісі  -   қозғалыстың  басында  үлт 
зиялыларының  саяси  көрегендік,  қолбасшылық  кемелдік,  диплома- 
тиялық  әбжілдік,  харизмасы  өткір  қасиеттері  бойында  бар  көрнекті 
өкілдерінің түруы.
Қазақстанда 
орын 
алған 
үлт-азаттық 
қозғалыстарының 
жалпыүлттық  идеясы  отарлық  езгіден  қүтылуға,  елдің  елдігін, 
түтастығын  сақтауға  сайды.  Ел-байырғы  түркі  заманынан  бері  желісі 
үзілмей  келе жатқан,  қадірлеп,  қастерлеп үстауды талап  ететін,  казак- 
тын  санасьгада  берік  орын  тепкен  қүндылық.  Ал  елдің  негізі  — жер. 
Осы түрғыдан  келгенде,  Е.  Бекмахановтың:  «Кенесары  патша үкіметі, 
Қоқан  мен  Хиуа  тартып  алган  қазақ  жерлерін  қайтару,  Россияның 
қарамағында  қазақ  халқының  біртүтас  мемлекетін  қүру  үранымен
156

күреске  шықты...  Өздерінің  мақсаттары  үшін,  ең  алдымен,  тартып 
алынған  жайлауларын,  жайылымдарын  қайтару  үшін  күрескен  қалың 
бүқараның  қатысуы  көтерілістің  кең  өріс  алуын  қамтамасыз  етті», 
деген  байламында  терең  методологиялық  түйін  бар.  Жерден  айрылу 
елдің  экономикалық  негізін  шайқалтуға  әкеледі.  Және  керісінше.  Са- 
яси дербестік  халықты  экономикалық кіріптарлықтан  қорғауға,  кемел 
экономикалық  өлеует  әз  кезегінде  саяси  тәуелсіздіктің  іргетасын  бе- 
кемдеуге мүмкіндік туғызады.
Қозғалысқа тартылған әрбір әлеуметтік қауымдастық азаттықтың, 
түтастықтың  мәнін  дөп  басып  танығанмен,  берері  мен  болашағын 
өзінше  болжады.  Азаттықтан  алар  ханның  сыбағасы  би-батырдың 
сыбағасынан,  ал  соңғыларынікі  бай мен қараның  сыбағасынан өзгеше 
боларын  әрқайсы үғынды. Әрине, Ресейдің бодандығына кірген күннен 
бүкіл  қазақ  даласы,  барша  қазақ  баласы  бір  кісінің  отбасындай  тек 
азаттықты, тәуелсіз мемлекет шаңырағын көтеруді аңсады десек, тари- 
хымызды тым  әсірелеп жіберген болар едік.  Патшалыкқа жан-тәнімсн 
қызмет  еткен  итбайлар,  қоңырқүлжалар  есімдері  қағазға  қаггалып, 
үрпақтан үриаққа жегіп отыр. Бұлардың қатары тек аға сүлтан, султан- 
правитель сияқты ресми -  лауазымды қызмет басындағылардан түрды 
деген  түжырым  да  методологиялық  жаңсақтыққа  апарады,  тарихқа 
таптық  көзқарасты  қуаттайды.  Отарлаудың  сорақылықтарын  біле- 
кере түра туған елінің өсіп-өнуін империя тағдырынан тыс көз алдына 
елестетпеген,  Ресей  қүрамында  қала  беріп,  еркениетке жетуді  мүмкін 
санаған түлғалардың,  әлеуметтік қауымның әр кезеңдегі -  XVIII, XIX 
ғасырлардағы,  XX  ғасыр  басындағы  дүниетанымы  арнайы  зерттеуді 
талап етеді.  Өлке  болашағын Ресеймен  байланыстыра  қарастырғандар 
маңызды  мәселе ретінде  бірде саяси тәуелсіздікті, үлттық қауіпсіздік- 
ті,  әлеуметтік-экономикалық  дамудьщ,  индустриялы  жолға  түсудід 
мүмкіндіктері  мен  нүсқаларын  сөз  қылса,  екіншіде  ағартушылыққа, 
оқу-білімге үлкен үмітпен қарады.
Қазақстанның  азаттығын  Ресей  бодандығынан  шығумен  байла­
ныстыра  күрес  жүргізгендердің  қауымын  М.Шокай  басқарды.  Боль- 
шевиктер  билік басына келгенше  автономия идеясына сенген  ол  1917 
жылдьщ желтоқсанынан  үлттық  мақсат-мүратқа  үлтгық  азаттық  қана 
жеткізетінін үғынды.
Түптеп  келгенде,  1917  жылғы  ақпан  революциясы  мен  қазан 
тәңкерісіне  дейінгі  үлт-азаттық  қозғалыстарының  бастау  көздері  ая- 
усыз  отарлық  саясатта,  дәстүрлі  табиғи  даму  үрдістерінің  зорлықпен
157

қиратылуында  жатқанмен,  олардың  бәріне  бірдей  жалпыұлттық  идея 
негіз бола бермегені ақиқат. Халық наразьшығы үлт-азаттық қозғалысы 
дәрежесіне  көтерілу  үшін  жалпыүлттық  идеямен  үштасуы  керек  де­
ген  қағида 
зерттеушіден 
жауапкершілігі  биік  бағамдауды  талап 
етеді.  Үлттық  идеямен  суғарылған  азаттық күресі  үйымшылдығымен, 
табандылығымен қымбат.
¥лт-азаттық  қозғалыстарының  жалпыүлттық  идеямен  үшта- 
суындағы қазақстандық ерекшелікті айыра алуымыз керек.  Бүл орайда 
тоталитаризм жылдары жарық көрген еңбектерде үлттық идея мәселесі 
мүлде көтерілмесе де үлт-азаттық қозғалысының себептері ретінде тап- 
тық антагонизмнің асқынуы және ымырасыздығы, негізінен индустри- 
ялы даму түсында қалыптасатын қоғамдық-саяси үйымдардың дүниеге 
келуі  мен  белсенді  қызметі,  адамды  адамның  қанауының  сорақы  да 
өрескел  түрлерінің  қолданым  табуы,  онеркәсіптік  пролетариаттың 
ықпал  күші  алдымен  ауызға  алынғаны  белгілі.  Ал  тарихи  ақиқатқа 
жүгінсек,  XVIII,  XIX,  тіпті  XX  ғасыр  басындағы  Қазақстанда  бүл 
айтқандардың  бәрі  бірдей  көзге  түсе  бермеді.  Қазақтардың  дені  (90 
%-дан  астам)  ауылдық  жерлерде  түрып,  рулық,  тайпалық  қарым-қа- 
тынастар  қағидасы  мен ережелері шеңберінде  қажеттерін  өтеп жатгы. 
Кішігірім  зауыттар  мен  кәсіпорындарда,  теміржол  мен  мүнай  сала- 
сында шоғырланған қазақ жүмысшыларының үзын саны 20 мың адам- 
нан  аспады.  Сондықтан  да  қазақ  ауылында  әлеуметтік  жіктелу  орын 
алғанмен тап күресі болған жоқ деген  алаш  зиялыларының пайымдау- 
ында шындық басым.  Бүл -  бір.
Екіншіден,  қазақ  қоғамының  экономикалық  келбетін  көшпелі 
мал  шаруашылығы  қүрағандықтан  (әрине,  отырықшы  өмір  салты 
болғанын  жоққа  шығармаймыз)  алып  кәсіпорындар  мен  латифунди- 
яларда  кеңінен  қолданылатын  қанаудың  азапты  әдіс-тәсілдері  қалың 
қазақ жүртына беймәлім күйде қала берді.
Үшіншіден,  белгілі  бір  таптың  немесе  әлеуметтік  қауымның 
мүдцесін  жан  аямай  қорғайтын,  сондай-ақ  үлттық  идеяның  сан  алу- 
ан  нүсқасын  туындататын  қоғамдық-саяси  үйымдар,  бірлестіктер 
(кәсіподақ,  партия,  қоғам, үйірме, т.б.с.с.) отарланған Қазақстанда тап 
ішкі Ресейдегідей бой түземеді.
Ендешереволюцияғадейінгіолкедегіүлт-азаттыққозғалыстарының 
себептерін бейне қоғамның өзегін жарып шыққандай қайшылықтарды 
іздеумен,  қолдан  жасаумен  әуреленбей,  оған  сырттан  таңылған  эко- 
номикалық,  әлеуметтік,  саяси  жүйе  мен  қүрылымды,  байланыс  пен
158

қатынасты  хан  да,  қара  да  қабылдамағанынан,  кері  тепкенінен  ізде- 
уіміз  керек.  Қарнының  ашқанынан  емес,  қадірінің  қашканынан қазақ 
атқа  қонды.  Оны жұмыс күнінің үзақтығы,  айлықтың аздығы, түрғын 
үй  мәселесі  қинаған  жоқ.  Бүл  жерде  «қинаған  жоқ»  дегенді  тура 
мағынасында  үқпаған  жөн.  Ақсүйек,  қожа,  бай-кедей,  орташа,  жар- 
лы-жақыбай болып жіктелу отарлық тәртіп орнағанға дейін де болған. 
Рулық қарым-қатынастан туындаған қауымдық сана олардьщ ішкі бір- 
лігін сақтап, өкпеге қиса да, өлімге қиғызбады. Сайын далада ғасырлар 
бойы қалыптасқан осынау тарихи-табиғи әрі ізгілігі мол даму үрдісінің 
бүзыла бастағаны ашынған халықтың қолына қару алдырды.
Патшалық  билік  түсында  мемлекеттілігінен  айрылған  Қазақстан 
бірнеше әкімшілік-аумақтык бағыныштылық пен талапайға үшырады. 
Бүған ақпараттық түтас кеңістігінен айрылу, демографиялық, діни жаңа 
үрдістер қосылған соң, жалпыүлттық идея өзінің міндеті мен көздегені 
жағынан  әр  аймақта  әр  түрлі  болғанына  методологиялық  мән  берген 
абзал. Айталық, отарлық қанаудың күшеюімен Бөкей Ордасында 1836- 
1838  жылдары  Исатай-Махамбет  көтерілісі  жүріп  жатқанда,  оңтүстік 
аймақта  патшалықтың  өктемдігі  әлі  орныға  да  қойған  жоқ  болатын. 
Мүнда  дәурені  өткен,  ертең  өзі  де  отарға  айналатын  ортаазиялық  би- 
леушілер  ¥ л ы   жүз  қазақтарын  зар  илетіп,  мықтымсынып  жүрген  еді. 
Осылайша  қазақ даласының  әр  аймағында  қалыптасқан  накты-тарихи 
ахуалға қарай  мүраты  бір,  міндеті  әр алуан  қазақ идеясы дүниеге  кел- 
ді. Тек XX ғасыр басында ғана,  яғни отар өлкеге айналу аяқталғаннан 
жарты  ғасырдай  уақыт  өткенде,  бүкіл  өлкенің  азаттығын,  қазақ  мем- 
лекетін  қүруды,  оянуды  ту  еткен  жалпықазақ  идеясы  Қазакстанның 
түкпір-түкпірін  аралап  кетті.  Ал  оның  бастау  бүлағында  бүрындары, 
кеңес  заманында  айтқандай  пролетарлық  революцияны  дайындаған 
большевиктер емес, аз таралыммен-ақ қазақтың тілі, қүлағы, көзі бола 
алған  «Қазақ»,  «Айқап»  сынды  газет-журналдар,  алаш  автономиясы 
идеясын үсынған А.Байтүрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов басқарған 
либералды-демократиялық зиялылар түрды.
Жинақтай айтсақ, қазақ хандығы  қүрылғаннан XVIII ғасыр басы- 
на дейін үлттық идеяның мәні ел ішіндегі өзекжарды табиғи міндеглен 
айкындалып жатты.  Одан  беріде ол әр  аймақ-өңірдің  басындағы отар- 
лық  тағдырға  орай  қалыптасты.  Қалыптасуы  мен  дамуының  тап  осы 
екінші  кезеңінде  жалпықазақ  идеясы  сыртқы  эсер  факторына мыктап 
байланғандықтан  оның  өзегіне  отарлаушы,  жаулап  алушы,  басқын- 
шы  мемлекетгің  билеуші  тобынан  гөрі  сол  мемлекетке  атын  берген
159

барша  этносты  қою  дәстүрі  санаға  да,  рухани  өмірімізге  де,  ділге 
де  кірді.  «Қысық  көз  қалмақ»,  «Аузы-басын  түк  басқан  сары  орыс», 
«Қара  орысты  көргенде  сары  орысты  бауырым»  дерсің  деген  үғым- 
түсініктер  -   осының  айғағы.  Мүндай  үғым-түсініктің  орнығуының 
және  бір  себебі  таптық  жіктелудің,  текетірестің  батыс  елдеріндегідей 
жойдасыз  антагонистік  сатысына  көтерілмеген  халқымыздың,  әсіресе 
зиялылардың  басқаларға  қауымдық  санамен,  өз  өлшемімен,  өзіндей 
көре қарағанында жатса керек.
Енді  үлт-азаттық  қозғалысының  мемлекеттік  билік  мәселесімен 
байланысын  талдайық.  Шынтуайтына  келгенде,  мемлекеттік  билік 
мәселесін  күн  тәртібіне  қоймаған  әлеуметтік  сілкініс  бар  болғаны 
ашыну,  бүлікшілік,  қарсылық  дәрежесінде  қалады  деп  есептейміз. 
Әрісі түркілер,  берісі  қазақтар  көшпелі  өмір  салтын  кеше  жүріп,  мем- 
лекеттілік,  мемлекеттік  билік  тәрізді  қүндылықтардың  парқы  мен 
нарқын  ежелден-ақ  терең  үғынған.  Әйтпесе,  жер-суын,  тауы  мен  да- 
ласын,  қағандарын,  хандарын,  батыр-билерін,  заңдарын  дәріптеген, 
мадақтаған,  үлықтаған  жыр-аңыздарды  үрпақтан-үрпаққа  жеткізбес 
еді, мәңгі тасқа қашап жазбас еді.
Патшалық  орнатқан  озбыр  әкімшілік  билікті  шектеу немесе оның 
дала демократиясына жақын түрін өмірге енгізу үшін арпалыс Сырым, 
Исатай  Махамбет,  Кенесары,  Амангелді  бастаған  қозғалыстардың 
бәрін  көктей  шолып  жатыр.  Айталық,  С.Датүлы  объективті  қажет- 
тіліктен  дүниеге  келген  хандық  билікті  қүлату  үшін  қол  жиған  жоқ, 
отарлаушылардың  сойылын  соғып,  ақсүйектік,  үлтжандылық тарихи- 
табиғи болмысынан ажыраған Нүралы ханды нысанаға алып, биліктен 
тайдырды.  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздегі  хандық  билікті  жойған  патша- 
лық іле-шала Жәңгірге хан атағын бергенде дәстүрлі қоғамның тарихи 
ерекшелігін сыйлағаны емес еді.  Айтқанын екі  етпейтін ханның колы- 
мен  өз  көздегенін  жүзеге  асырғысы  келді.  Махамбеттің  өлеңдерінде 
үлт-азаттық қозғалысы  отарлаушыларға, ат тобеліндей әрі сатқындық 
позициядағы  жергілікті  билеушілерге  бағышталғаны,  осыларға  қыз- 
мет  ететін  мемлекеттік  органды  күйретпей  түра  алмайтыны  бүкпесіз 
айтылған.
Мемлекеттік билікті қолға алмай үлт-азаттық қозғалысының дітте- 
ген  мақсатына  жетпейтінін  идеологиялық,  шығармашылық  түрғыдан 
бекемдеген Махамбет түжырымы Кенесары мен Амангелді бас болған 
әлеуметтік  сілкіністерде  нақты  шешімін  тапты.  Кенесары  хан  қүрған 
билік  жүйесінің  болмыс-бітімі,  икемділігі  мен  артықшылықтары
160

Е.Бекмаханов  шыгармасында  барынша  орнықты  ашылғаны  белгілі. 
«Кенссары,-  дсп  жазған  болатын  әйгілі  тарихшы,-  өзінің  мемлекетін 
жеке адамдар арқылы басқарды. Бул адамдар сот, дипломатия, финанс, 
елден мал-мулік алу мәселелерімен, соғыс ісімен шүғылданды. Ханның 
жанындағы  Жогары  Кеңеске  тек  феодалдардың  орта  топтарының 
өкілдері  мен  батырлардың  бірсыпырасы  қатысты.  Жер-жерде  өкімет 
жүмыс 
гары жасауылдар арқылы орындалып отырды».
Әдетте  үлттық идея  мен  мемлекеттік  билік талабына  жауап  бер- 
ген  үлт-азаттық  қозғалысының  тізгінін  Абай  айтқан  елбасы,  топ- 
басы  мәртебесі  бар  түлғалар  үстады.  Тап  осындай  мәнді  белгілер- 
гс  ие  үлт-азаттык  козғалысы  Отан  тарихында  терең  із  калдырғаны 
және  рас.  Большевиктер  үстем  тап  өкілдері  деп  жақтырмайтын 
ақсүиектердің,  батырлардың,  хандардың  козғалыс  жетекшісі  ролін 
атқаруы  қазақ  қоғамындағы  таптық  қанау мен жіктелістің Ресейдегі- 
ден,  Еуропадағыдан мүлде өзгешелігін айғақтайды.
^ Үлкенді-кішілі  үлт-азаттық  қозғалыстарының  барысында  жүрт 
моиындаған  басшыны  хан  сайлау  дәстүрінің  табиғатына  тереңірек 
үңілуіміз  керек.  Бүл  әлсмдік  тарихи  үрдісте  ежелден  желісі  үзілмей 
келе жатқан қүбылыс екеиін ескерсек, Отан тарихының жалпыадамзат- 
тьіқ заңдылықтар аясында өрбігенін мстодологиялық түрғыдан бекем- 
Деи  аламыз.  Айталық,  жаңаша  жыл  санауымызға  дейінгі  Спартак та, 
ХУШ ғасырдағы  Е. Пугачев  та  өздерін  патшамын деп  жариялаған  бо­
латын.  Біздің  ойымызша,  үлт-азаттық  қозғалысына қатысушылардың 
хан  сайлап  алуы  отарлаушы  жартыпатша  жандаралдан  қайырымды- 
рақ  билеушіні  табу  нистін  емес,  қоғамдық  санада  үлттық  мемлекет 
Қүндылықтарының  айрықша  қастерленіп  отырғанын,  казақ хандығын 
қаита  түлстуді  азаттыққа  қол  жеткізудің  басты  шарты  ретінде
Қабылдағапын  көрсетеді.
XX  ғасыр  басында  үлт-азаттық  қозғалысқа  А.Иманов тай,
•Әщекеевтей тікелей басшы болмаса да рухани дем берушісі, идеоло- 
гиялық үйымдастырушысы биігіне кәсіби білімі бар окыған азаматтар 
көтерілді.  Бүлар  жеке  басының мүддесін -  байлық жинау,  қызмет-ла- 
уазьім 
қуу,  жеңілдің  асты,  ауырдың  үстімен  күн  көруді  -   бәрін тәрк 
етіп> 
\ ЛГ!'ы к
 идеяға тағдырын байлаған қүрбаншылдар еді. Оқығандар 
арадасқан  соң  Қазақстандағы  үлт-азаттық қозғалысы  жайлы  шындық 
әлелідік  акпараттық  кеңістікке  яысаналы  гүрде  таратылатын  болды.
ф  
жеңнен 
қол, бір 
жағадан 
бас 
ш ы ғ а р ғ а н д а й  
ішкі бірлігі жетпей жатса 
Да үлт зиялыларының 
бүкілресейлік саяси курес аренасына шығуы, са- 
4-2144 
161

яси күрес  арқылы  мақсатқа жетуді  көздеуі үлт-азаттық қозғалысының 
пәрменділігін  арттырды.
XVIII  ғасырдың  аяғынан  XX  ғасырдың  басына  дейін  Отан  та- 
рихында  күндей  күркіреп  өткен  үлт-азаттық  қозғалыстарының  бәрі 
жеңіліспен аяқталды.  Оның басты себептері -  қарсы түрған күштердің 
ара  салмағындағы  теңсіздік,  қазақтардағы  әскери-техникалық  қа- 
уқарсыздық,  халықаралық  қолдаудың  болмауы,  тағы  басқалар  бай 
қүжаттық-ақпараттық  негізде  жазылған  зертгеулерде  талданған.  Де- 
генмен  өзінің  толымды  да  әділ  методологиялық  бағасын  ала  алмай 
келе  жатқан  іргелі  мәселені  аттап  өтуге  және  болмайды.  Ол  -   капи­
талиста  қатынастар  қазақ  даласына  келген  түста  орын  алған  айтулы 
сілкіністердегі  үлттық  буржуазияның  миссиясы  мен  арқалаған  жүгі 
туралы.  Сол  бір  ғасырлар  межесінде  нарық  қатынастарына тартылған 
қазақ  өкілдерінен  ауыл  шаруашылық,  алыпсатарлық  буржуазияның 
шыға бастағаны ақиқат. Алайда олардың капиталының көлемі, өлкенің 
экономикалық  өміріндегі  үлесі,  орыс  және  шетел  капиталымен 
кірігуі  және  бәсекесі,  үлт  буржуазиясының  сандық-сапалық  қүрамы, 
этностың  ілгерілеуі  мен  іркілісіндегі  позициясы,  мәдени-имандық жа- 
сампаздық әлеуеті әзірге ғылыми зерделеуге түсе қойған жоқ.  Есесіне 
отар  өлке  түрғындары  арасында  халықтың  бір  пайызын  қүрамайтын 
шикілі-пісілі  -   жүмысшы  табы  тарихынан  том-том  зерттеулер  жарық 
көрді.  Африканың,  Латын  Америкасының,  Азияның отарлықтан  азат- 
тыққа  өткен  мемлекеттерінде  үлт  буржуазиясы  прогрессивтік  немесе 
реакдиялық роль  атқарғанын тарих ғылымы  дәлелдеді.  Ендеше  қазақ 
буржуазиясының үлт-азаттық қозғалыстардағы орны мен бағасын, үлт 
зиялыларының,  мәселен,  алаш  қозғалысы  лидерлерінің  тарихы  мен 
тағдырындағы  парқын  теориялық-методологиялық,  танымдық,  нақты 
-т а р и х и  биіктіктен зерттеуге кірісетін уақыт келді.
¥лт-азаттық  қозғалысы  тарихына  қатысты  методологиялық 
байыптау  мен  отандық  тарихнаманың  келесі  түйінді  мәселесі  1916 
жылғы  оқиғаларда интеллигенция топтарының  үстанған  позициясына 
байланысты.  Мазмүнын тоталитарлық өктемдік анықтаған еңбектерде 
қарулы  қарсылықты  жақтаған  радикалды  интеллигенцияны  дәріптеп, 
көтерілісшілерді  сабырға  шақырған,  25  маусым  жарлығын  орындау 
қажеттігін  дәйектеген  алаш  зиялыларын  таптық,  партиялық  ілімге 
үнамағандықтан  жерден  алып,  жерге  салғанымыз  қүпия  болудан қал- 
ды.  Бірақ  өмірдің  өзі  кімнің  бүрыс,  кімнің  дүрыс  айтқанын  дәлелдеп 
берді ғой.  1916 жылдьщ күзінде А.Байтүрсынов бастаған  бір топ алаш
162

зиялылары  қара жұмысқа барудан  бас  тартудың арты  неге соғатынын 
ескертіп  былай деген  еді:  «Қырғын  болады,  босқа қан төгіледі,  шаруа 
күйзеледі,  жұрттың  жұрттығы,  берекесі  кетеді.  Соның  үстіне  әскер 
көндірмей,  алмай қоймайды.  Қатын-бала  бір қырылады,  жігіт екі алы- 
нады, бүлік басылары военный судқа беріледі, асылады, атылады... Біз- 
дер ез  балаларың, өз тумаларың.  Жанымыз  ашиды,  қабырғамыз  қайы- 
сады...  Бізді  қазақ  баласы,  қанына  тартады,  жаны  ашиды  десеңдер, 
тіл  алыңдар».  Майдандағы  қара  жүмысқа  шақырылгандардың  ар- 
тынан  радикалдар  емес,  демократиялық  позицияда  түрган  зиялы- 
лар  барғанын  да  естен  шығармағанымыз  жөн.  Бірақ  әзірге  1916 
жыл  қасіреті  сөз  болғанда  Әбдіғаппар  мен  Әлібиді  де,  Ахмет  мен 
Міржақыпты  да  жағымды  түргыдан  баяндаумен  келеміз.  Әрине,  бүл 
жерде ескі дәстүрді жаңаша жалғастыруды, яғни радикалды позицияда 
түрғандарды даттап,  демократиялық пиғылда  болғандарды  жер-көкке 
сиғызбай  мақтауға  шақырып  отырған жоқпыз.  Тарихты  ғайбаттаудан 
ешкім,  ешқашан,  ештеңе  үтқан  емес.  Тарихтың  қүпиясы  мен  сырын 
боямасыз,  бүкпесіз  ашқаннан  артық ғанибет жоқ.  Әңгіме  1916 жылғы 
аласапыранда  балама  таңдау  болғаны,  кімнің  болашақты  дүрыс  бол- 
жай  білгені  туралы  ғана  өрбуі  керек.  Біз  әр  затты  өз  атымен  атасақ, 
радикалды  интеллигенцияның тарихи  бейнесіне  нүқсан  келтірмейміз, 
қайта санамызды тазартып, ақиқат алдындағы борышымызды абырой- 
мен атқаратынымыз  сөзсіз.
¥лт-азаттық 
қозғалыстары 
тарихының 
методологиясында 
әлеуметтік  сілкініске  бас  болған  Түлғаның  кемел  әрекетшілдігіне 
лайықты  мән  берілгені  жөн.  Өмір  мен  өлім  бетпе-бет  келгенде  табан- 
дылық  немесе  солқылдақтық,  екіүдайлық  таныту  кімнің  кім  екенін, 
биік  мәртебеге  қайсы  лайық  екенін  көрсетеді.  Мәселен,  сәті  түсіп 
түрғанда  Жәңгір  ханның  ауылын  шауып  алмай,  он  күн  хан  сәзіне 
сеніп,  екіүдайлық  танытқан  Исатайды  серігі  Махамбет  „өзгенің  тілін 
алмаған,  кісі  ақылы  қонбаған”  деп  сынауының  астарында  терең  мән 
жатыр.  Қырғыз  жеріне  барғанда Кенесары  қолына  қосылган  Сыпатай 
батырдың  тағдыранықтағыш  сәтте  тайқып  шыға  келуі  орны  толмас 
өкінішке  әкелгенін  Түлғаның  қайраткерлігі  жайлы  методологиялық 
түйінді  қуаттай түседі деп үғамыз.
¥лт-азаттық қозгалысқа бас болған түлғаның қанды күрес жеңіске 
жететіне  сенімді  болуы  немесе  сенімсіздікпен  қарауы  әзірге  шешімін 
таппаған  маңызды  сүрақ.  Е.Бекмахановтың  пайымдауынша,  «Орта 
Азия хандықтарына,  ең алдымен Қоқан хандығына  қарсы күресе оты-
163

рып, Кенесары соғыс қимылдарын тоқтату туралы патша өкімет орын- 
дарымен  келісуге  тырысты,  өйткені  патшалы  Россия  сияқты  қуатты 
елге қарсы күрестен нәтиже шықпайтынын жақсы  білді».  Шынын айт- 
сақ,  мүндай  пайымдаумен  келісу киын.  Нәтиже  шықпайтынын жақсы 
білген  Түлға  соңына  ерген  халқын  арандатуға  бара  қоюы  неғайбыл. 
Сырым да, Исатай мен Махамбет те, Кенесары да, Амангелді де күресте 
жеңілемін деп емес, жеңемін деумен қол бастаған Түлғалар.
¥лт-азаттық  қозғалыстары  -   Қазақстан  тарихының  жарқын  да 
қасіретті  беті.  Оларды  зерттеу  методологиясын  тереңдете  түсу  та- 
рихшы  ғалымдардың  мәртебелі  міндеті  қатарында  түра  бермек.  Ал 
Отандық  тарихнамада  оны  кешенді  шешудің үлгісін  көрсеткен  ғалым 
Е.Бекмаханов  болатын.
2005 
жылы  Е.Бекмахановтың  90  жылдығы  аталып  өтілді.  Әл-Фа- 
раби  атындағы  Қазақ  үлттық  университетінде  Бекмаханов  оқуларын 
өткізу  дәстүрге  айналды.  Ғалымның  есімімен  үлықталған  коше,  орта 
мектеп  бар.  Дегенмен  тойға  сүбелі  үлес  қосқан  үжым  С.Торайғыров 
атындағы Павлодар мемлекеттік университеті  болып  отыр. Универси­
тет ректоры профессор Ерлан Арынның басшылығымен Е.Бекмаханов 
шығармаларының  7 томдығы жарық көрді.  Бүл -  кез  келген  оқу орны 
мен кітапханаға шырай беретін қүнды қазына.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет