Тіл-ұлт мәртебесі Омарова Ұлана Журналистика факультетінің 1-курс студенті



Дата05.05.2023
өлшемі14,45 Kb.
#90022
Байланысты:
Мақала. Омарова Ұлана


Тіл-ұлт мәртебесі
Омарова Ұлана
Журналистика факультетінің
1-курс студенті
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілдің болуы.” Қайсы бір ұлттың болашағы мен өткенінің нақты көрінісінде айқындайтын осы тіл болмақ. Ата дәстүр мен ана тіл ғана өз алдымызға қазақ елі болып сақталуымызға әкеледі емес пе? 
Саяси-мәдени, экономикалық тұрғыдағы мәселелерді алыстан қарастырмай-ақ ,басты мәселені қолға алсақта ұлт мәртебесі көтеріліп қалар еді. Тіл мәселесі бұл өте өзекті , астарлы тақырыптардың бірі. Себебі, үлкен қалаларда ұлттық тілде емес орыс тілінде сөйлеу тіпті басымырақ. Қазақ бауырыңның өз тілінде жауап қатпай, өзге тілде сайрап тұрғаны жаныңа бататыны рас. "Ел боламын десен бесігінді түзе" демекші қазақ тілін үйретуді үйдегі қабырғасы әлі қатып үлгермеген балаларымыздан, іні-қарындастарымыздан бастағанымыз жөн-ау, ал қалғандары өздері түгілі кіп-кішкентай бүлдіршіндердің ана тілдерінде сайрап тұрғандарын көріп ұялғандарынан өздері-ақ қазақ тілін оқуға қадам басар. 
Тіпті, ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен ата -бабаларымыз тіл мәселесіне аса назар аударып , байыптаған. Алаш қозғалысының үні болған «Қазақ» газетінің ең алғашқы сандарының бірінде А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да тіл екенін алғаш аңғартты. Өз ана тілінде сөйлеу, тілін білу ұлттық іргелі мәселе екенін Алаш зиялылары бізге мұра етті.
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады . Яки бізге берілген аманат тауданда биік екенін аңғаруымыз қажет. Ұлттық тілді жетілдіріп, кейінгі ұрпаққа да сақтап қалуымыз тек өзіміздің қолымызда. Ата-баба аманаты қазақ тілі, аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет