Тіл мәдениеті пәні, оның мазмұны Тілдік норма. Тіл мәдениетінің салалары



бет2/4
Дата22.11.2023
өлшемі32,91 Kb.
#125117
1   2   3   4
Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тіл - сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. 
Педагогикалық риторика және сөз сөйлеу заңдылығы
Педагогикалық риторика шешендік өнердің бір саласы болғандықтан, риторика теориясына негізделеді. Сондықтан, шешендіктану ғылымы терминдерін толықтай осы салада қолдана аламыз. Бірақ педагогикалық риториканы бұл ғылым құрамынан педагог (қай сала педагогі болсын) сөйленісінің тиімділігін зерттейтін сала ретінде бөлек алуымыздың өзі ғылымның теориясы бар да, оны оқыту, игерту, меңгерту бар екендігін ескертіп тұрғандай. Сол себепті де бұл саланы жас ғылым саласы деуге болады. Педагогикалық риториканың жеке ғылым ретінде дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың пайымдаулары алғашқы кезде бірдей болады. Мысалы, инженерлік педагогиканы арнайы зерттеген Т.Л. Владимирова: «Білім беру мен тәрбиелеу саласындағы сөйленіс қарым-қатынасын оңтайландырудың (тиімді етудің) теориясы мен практикасын зерттейтін риториканың жеке түрі» деген тұжырым жасады [1; 23]. Л.Н. Горобцевтің ұстанымы бойынша «Педагогикалық риторика – тиімді педагогикалық коммуникацияның формаларының талаптарын зерттейтін ғылым. Педагогикалық қарым-қатынасты пафостық, модальдық, т.б. түрлі риторикалық жанрлар арқылы сендіру, дәйектеп түсіндіру әдістеріне икемдеу тәжірибесін қарастыратын ғылым. Сондықтан бұл ғылым адамзаттық мәдениет пен өнер саласына тікелей қатысты». Л.Н. Горобцевтің бұл пайымдауынан педагогикалық риториканың коммуникация теориясы мен риторика ғылымын сабақтастыра туындаған пәнаралық ғылым ретінде қабылдаймыз. Осындай болжамдар бірнеше ғалымдардың зерттеулерінде де кездеседі. Мысалы, А.А.Мурашев пен А.К.Михальская педагогикалық риториканы: «синкреттік пән» деп санады және «бұл пәннің негізгі зерттеу нысаны оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі қатынас» болып табылады. «Сондықтан педагогикалық риторика педагогикалық қарым-қатынас аясындағы тілдік коммуникацияның теориясын қарастырады» деп таныды

  1. Сөйлемдегі сөздердің мағына айқындылығы мен бір-бірімен тіркесу заңдылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет