Студент тілінде м
ұндай
кемшіліктерді
ң болу себептері:
1. ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
2. СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ (ЖАСТАРДЫҢ ТІЛ
ДАМЫТУҒА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУЫ)
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді;
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл);
а) қазіргі жастардың көркем әдебиет оқымауы;
ә) ауызша сөйлесуден гөрі, Уатсап, Instagram, Twitter, Facebook, «В Контакте» әлеуметтік желілерінде
сағаттап отыруы;
3. ЖЕКЕЛЕГЕН СТУДЕНТ ТІЛІНДЕГІ КЕМШІЛІК (САҚАУЛЫҚ,
МЫҢҒЫЛДЫҚ Т.Б.).
Ғаламтордағы тіл сауатсыздығы туралы сөз қозғар болсақ, алдымен, тіл
шұбарлығын айтар едім. Тәуелсіздік алып, ана тіліміздің мәртебесі өз
қолымызға тигенімен, тілімізге орнығып қалған кейбір аралас
сөздерден әлі арыла алмай келеміз. Екінші қателік – қазақ қарпін
пайдалана білмеу. Қазақ әліпбиіндегі тоғыз әріп әлі күнге өз орнында
жұмсалмайды. «Қ»-ның орнына «к», «ә»-нің орнына «а», «ө»-нің орнына
«о», «ң»-ның орнына «н» әріптерін жазу жастардың үйреншікті
дағдысына айналып кеткен. Нәтижесінде сөздердің ақсауына жол
береміз. Сондай-ақ кейбір сөздерді жөнсіз қысқартып жазу (ол да өзге
тілде). Мысалы спс (рақмет), ок (жарайды, сізбен келісемін), т.с.с. сөздер
жазба мәдениетімізге нұқсан келтіруде.Тағы бір үлкен мәселе – тыныс
белгілерін орынсыз қолдану немесе мүлдем қолданбау – сөйлемдердің
синтаксистік құрылымындағы қателіктерге жол беріп жатады. Менің
ойымша, жастардың әлеуметтік желіні пайдаланудағы ескермейтін
нәрсесі – ауызекі тіл мен жазба тілдің айырмашылығын ажырата
алмауында. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фонетикалық-грамматикалық
қолданыстар, жазба тілде сол күйде қолданыста жүреді. Бұл жазба тіл
мәдениетінің сақталмауына әкеліп соқтырады.
БҮ
ГІ
Н
ГІ
Т
А
Ң
Д
А
ҒЫ
Н
ЕГ
ІЗ
ГІ
М
Ә
С
ЕЛ
ЕЛ
ЕР
:
Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып
білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен
тығыз байланысты. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді
қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап
сөйлеу, дене іс-қимылдарын араластыра беру — сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді
орынсыз жұмсай беру де сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген
ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе
нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы
сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің
өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, т.б. ақын-
жазушылар шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің
мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Н.Уәли, Р. Сыздықова, Ғ. Қалиұлы, С. Исаев, Т.
Арынов т. б. ғалымдарымыз зерттеді және зерттеу үстінде.
Қорыта айтқанда, жастардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, ана
тілін шұбарламауға көңіл бөлу керек. Теледидардағы
бағдарламалар мен әлеуметтік желідегі ақпараттардың
сапасын, сөздік қорын, тіліміздегі сөздердің дұрыс
қолданылғанын саралап қарау, жастардың әдеби кітаптарды
оқуға қызығушылықтарын арттыру қажет. Ахмет Байтұрсынұлы
атамыз айтқандай «тіл тазалығын сақтау — бейпіл, жаргон
сөздерді пайдаланбау — біздің патриоттығымыз бен
сауаттылығымызды арттырады» дегім келеді.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»
Н.Ә.Назарбаев
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Ә.Тумабаева, «Тіл ішіндегі тіл» немесе жастар жаргоны туралы Ана тілі 20-26 қазан,2016
1.
2. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-Алматы:Қазақстан,1965.-186 б. 1, 17 бет
3. http://orleu-uko.kz/?p=2077
4. https://oqu-zaman.kz/?p=5855
5. https://massaget.kz/qaarc/qa/20070/
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |