66
іс-қарекеті аяқталды. № 204 қазақша бала бақша, бірнеше топ
ашылды.
Осы тұста ма, әлде бұдан бұрынырақ па, № 161 қазақ
балабақшасы да ашылды. Бірақ оның ашылу тарихын мен
білмеимін. Қазір, құдайға шүкір, қазақ балабақшаларының да
қазақ мектептерінің де саны асты, қажет болса, әлі де ашыла
оеретін болар. Бірақ аудандық оқу бөлімдерінде болсын, пар-
тия органдарында болсын, қазақ балабақшалары мен қазақ
мектептері жайында пікірлер, көзқарастары әлі өзгермеген
қызметкерлердің отыруы өкінішті-ақ. Мысалы, осы уақытқа
деюн «Орбита» деген 4 шағын ауданда және оның айналасын-
да бір 5 а«а қазақ балабақшасы және бірнеше топ, бір ғана қазақ
мектебі болуын қалай түсіндіруге болады? Бүндай жағдайды
қаланың әр ауданынан-ақ кездестіре аласыз. Шүкіршілік
қазақша балабақша, мектеп ашуды қажет етуді қазір
үлтшылдық деп айыптамайды, айдар тақпайды. Соңдықтан
оүпнде оны өтініш емес, талап етуге болады.
67
ТІЛ ТАҒДЫРЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
¥рпақтан-үрпаққа, атадан балаға мүра болып келе жатқан
қасиетті Ана тіліміздің үзақ даму үрдісінде небір бел-белестер,
бүлтарыс-бүрылыстар, биіктеу мен аласару қаншама көп болса
да, дәл бүгінгідей тынысы тарылып, тығырыққа тірелген шағы
бүрын-соңды байқалмаған еді. Себеп-салдары басқа-басқа бол-
са да, Арал теңізі мен Ана тіліміздің тағдыры осы арада үқсас
болып отыр. Сондықтан да кеше ғана көк толқыны көкке атып
шалқып жатқан айдынды теңіздің бүгін айтақырға айнал-
ғаны сияқты, қүдіретті ана тіліміздің ғайыптан беделі түсіп,
қолданыс аясы тарылуын, өзіндік қасиетінен аирылып,
аяқасты болуы үзақ жылдар бойы тоқыраудың шырмауынан
шыға алмай, енді ғана ееін жиып, еңсесін көтере бастаған
халқымыздың үлттық намысын қоздырып, бойында қазақтың
қаны бар азаматтардың ар-намысына тиіп отырғанын жасыра
алмаймыз.;
і
; /
: .
.'.л-гиш!*
«Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, тағдырдың тауқыметі
тілімізге төнгендігін тез уақытта-ақ сезінген қауым оны
қорғап қалу үшін тас түйін болып тез бекінді. Бекінді де
болашақ үшін тілімізді сақтап қалудың бірден-бір жолы -
мемлекеттік қамқорлық екеніне көзі жеткендіктен Тіл тура-
лы Заң қабылдауды талап етті. Ол Заң қабылданып, қазақ
тіліне мемлекеттік мөртебе (статус) берілді. Бүл - қайта қүру
дөуіріндегі халқымыздың қолы жеткен үлы табыстарының
бірі еді. Міне, осынау бір тарихи қүжаттың дүниеге келгеніне
бір жыл сегіз ай (22 қыркүйек, 1989 ж.), ал оның заңды күшіне
енгеніне (осы жылғы 1 шілдеде) тура бір жыл толып отыр.
Шілде айының біз үшін есте қалар тағы да бір ерекшелігі
бар - өткен 1990 жылы шілденің басында (екісінде) аталмыш
Заңның күшіне енуіне байланысты Қазақ тілі жөне Қазақ КСР-
індегі басқа да үлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі
мерзімге арналған Мемлекеттік бағдарламасы» деген қүжат
68
қабылданды. Бұл құжат Заңның жұзеге асырылып, нақтылы
«жұмыс істеуіне» қажетті экономикалық негіз болып санала-
ды. Тіл туралы Заң қабылданып, ана тілі болашағынан үлкен
үміт күткен халқымыздың қуанышы қойнына сыймай, мәре-
сәре болып жатқан кезеңде (1989 ж. қазанның 21-інде) астана-
мыз Алматыда үлкен Құрылтай шақырылып, Республикалық
«Қазақ тілі» Қоғамы құрылған болатын.
Міне, бұған да біраз уақыт өтті. Мәдени өмірімізде бұрын-
сонды болмаған саяси-әлеуметтік мәні зор осы оқиғалар
халқымыздың қайта түлеп, үлттық дәстүрімізді жаңғыртудағы
алғашқы қадам, ана тіліміздің беделін көтеріп, қастерлеуге
бағышталған қауырт бетбұрыс емес пе еді? Осы бір тарихи
кезеңде қазақ жастары жаналықтың жаршысы, ана тіліміздің
шынайы жанашыры ретінде көзге түсті. Олар тіл тағдыры без-
бенге салынып, оған мемлекеттік мәртебе беру мәселесі күн
тәртібіне қойылғанда, қоғамдық пікірді өзіне тән албырттықпен
ашық қолдап, алдыңғы саптап көріне білді. Сол кездің өзінде-
ақ «тіліміздің болашағы бар екен-ау» деген сенім бойымызды
билеп, елді Жігерлендіре түскен еді. Шынында да тіліміздің
гағдырын, бүгіні мен ертеңін сөз еткенде үміт артатынымыз,
оның көсегесін көгертіп, көрпесін тартатындар тек жастар ғана.
Өйткені XXI ғасырдың ел баласы болып саналатын және қазақ
тілін қастерлеп қолданатын, дәріптеп озінен кейінгі ұрпаққа
жеткізетін әулет өкілдері - бүгінде бесігінде бөлеулі жатқан
бөпелер, балабақшаға барған сәбилер, мектеп парталарында
отырған балалар, мамандық алып, еңбек майданына енді ғана
қадам басқан жастар. «Тіл жалғастығы - өмір жалғастығы,
ұлттық дәстүр үрдісі» деп біле білсек, бұл әулеттің төрбиесі,
оларды болашаққа «дайындау» бүгінгі ересек ұрпақтың,
бүкіл саналы қауымның, ата-ананың мойнындағы асыл пары-
зы болып саналады. Демек, ана тіліміздің тағдырын шешетін
болашақ қоғамның түлғасы - арамызда өсіп жатыр. Олардың
біразын көріп, көңілімізге қуаныш ұяласа, бірсыиырасының
69
аяқ алысын, ана тіліне деген ынта-ықыласы бәрімізді де
алаңдатады. Қара шаңырақтың астында жүріп ел аман, жүрт
тынышта мәңгүрт болуға айналған жастарды көргенде ойыңцы
да, бойыңды да үрей басады. Бүл, әрине, олардың қасіреті болса
да, айыбы емес. Айыпкерді іздесек, ол - ең алдымен қоғамдық
қүрылыс, отаршылдық саясаттың салқынынан арыла алмаған
идеология; одан кейінгісі - өзіміз, тоғышарлық, енжарлық,
жарамсақтық жаман мінезіміз.
Ал енді осы бір тығырықтан шығудың жолы айқындалып,
ана тілімізге байланысты бүкіл рухани, мәдени болмысымызды
өзгертіп, үлттық салт-санамызды жаңғыртуға қажетті жағдай
жасалған сияқты. Сонда ендігі проблемамыз неде? Бүкіл жас-
тар болып, ел-жүрт болып осыны неге ойланбаймыз?
Осыған орай бір пара пікір: егер қажетті қүжаттармен
(Заң, бағдарлама, т.б. айтамын) қаруланған жүртшылық
қалай болғанда да алдағы 5 жылдың, ары кетсе 10 жылдың
ішінде ана тіліміздің бетін бері қарата алмасақ, атап айтқанда
санамызға сіңіп, бойымызды билеп алған бес батпан дерттен
қүлан таза айығып кете алмасақ, қадір-қасиетінен жүрдай
болған ана тіліміздің өзіміз үшін де, басқа жүрт алдында да
беделін көтеріп, белін бекітпесек, қоғамдық қажеттігін артты-
рып, қолданыс аясын кеңейте алмасақ, тағдырдың тәлкегіне
түскеніміз түскен, онда, экономикалық жағдай мың жерден
жақсарса да, «егеменді ел, ерікті үлт боламыз» деп ешкімнің
де иегі кышымай-ақ қойсын. Өйткені өз тілі өркендемеген ел
басқа тілде үлттық мемлекет болып салтанат қүра алмайды.
Демек, жаңа ғасырдың басы қазақ халқына қатаң сын болып
келгелі түр, ол оған жолаиырығын көлденең тартары сөзсіз:
оның біреуі - үлттық жаңғыру, екіншісі - мәңгүрттік. Бүл жол-
ды таңдап алу да, онымен ілгері шеру тарту да оүгінп және
ертеңгі жастардың өз еркінде. Ал баяғы енжарлықтың салда-
рынан көп дүниені қолдан беріп, өркендегі өсетін үрпақтың
өрісін тарылтып, тығырыққа әкеп тіреген алдыңғы қатар аға
70
буын өкшдері өз айыбын мойындауға ерлігі жетсе де, дәл
бүгінгі аумалы-төкпелі кезеңде, «қойын қасқырға алдырып,
қорасын бекіткен» қойшыдай күй кешсе де, батыл қимыл
көрсетуге міндетті; ол ең алдымен қауашағында қалыптасып
қалған қасаң пиғылдарынан арылып, барша қамқорлықты,
қолдарынан келетін барлық жақсылықты жастарға жасауға
тиісті, сөйтіп олар өз күнәсінен кеш болса да, бүгін арыла алма-
са, болашақ үрпақ кешірмейді, ал оларға атадан балаға ғасырлар
бойы мүра болып келе жатқан ана тіліміздің өркені қиылып,
өзегін үзгендігі үшін бабалар аруағы да риза бола қоймас деп
ойлаймын.
Міне, бүгінгі қазақ қауымының алдында түрған, салмағы
екі үрпаққа да тең түсетін, ел болып, жүрт болып ойлана-
толғана отырып шешетін үлт тағдырына байланысты күрделі
де қиын проблема осы болса керек. Бүл проблемадан бой та-
салап сырт қалам деушілер түбінде мықтап қателеседі, ал тіл
заңын сөз жүзінде қолдаған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым
қарайтын арамыздағы кейбір лауазымды, мансап иелерінің
көзбояушылық күйкі тірлігі - елді емес, ең алдымен өзін-өзі
алдағаны. Тске аспаған заң мен қауқары жоқ қүжат - бәрібір
жазылған жай қағаз. Нақтылы нөтиже бермейтін бүгінгі
қоғамға тән даурықпа көп создщ енді ешкімге керегі жоқ.
Олай болса, алдымыздағы міндет, тыңдыратын ісіміз не
болмақшы, аз да болса табысымыз бар ма, қандай кедергі бар -
енді осыларға тоқталаиық.
Алдымен кол жеткен кейбір табыстарымызды атап
көрсетейікші.
1.
Жоғарыда айтылған өзара байланысты төрт түрлі
оқиға - тіл гуралы заң, 10-жылдық мемлекеттік бағдарлама,
заңның күшіне енуі, «Қазақ тілі» қоғамыиың қүрылуы - кейінгі
екі-үш жылдың беделінде жүз берген елеулі табыстарымызға
жатады десек, ешкім бізге дау айта қой.
71
2.
Осының арқасында қалың бұқараның ұлттық сана-сезімі
оянып, бойы сергіді, ана тілімізге деген ықыласы артып,
көзқарасы өзгере бастады. «Жәннаттың барша жақсылығы,
даналық та, адамдық та, өнер-білім де бойымызға тек орыс тілі
арқылы ғана дариды» деген даңғаза пікірден, «орыс тілінде
білім алмаса, баламыз нан тауып жей алмайды, жақсы маман,
бастық бола алмайды» деген тоқырау санасынан, т.б. қасаң ой-
лардан, құдайға шүкір, арыла бастаған сияқты. Оған, әрине, тіл
заңының шапағаты, жалпы бетбүрыстың игілікті әсері болды.
Ал осы заңды алғаш рет жастардың тәлім-тәрбиесі мен білім
алуы бұдан кейінгі жерде үздіксіз, үзіліссіз түрде ана тілінде
өтетіндігі айтылды, бұл елдің ана тіліне деген көзқарасын
күрт өзгертті, ал енді осы заңның жүзеге аса бастауы, яғни
мыңдаған ата-аналардың өз сәбилерін жетелеп, жергілікті жер-
де киындықпен болса да, ашылып жатқан қазақ балабақшалары
мен мектептерге апаруы жүрек жарар қуаныш емес пе? Бұл,
әрине, өткен өкініштің төлеуі емес, өз кезінде заңсыз жабы-
лып қалған жүздеген осындай оқу-тәрбие ошақтарының есесі
іспетті; бұлар, біле білсек, өткендегі заңсыз үстемдікке бүгінгі
өктемдіктің қайырған қарымтасы, қалың қауым қолдауымен
ел ішінде кең етек жайып отырған қауырт та тегеурінді ша-
ралар. Әрине, бұл тәрізді жүрек жарды қуаныштың көңілге
кірбең келтірер жақтары да жоқ емес: қара көздерін алдыңғы
дүрмекпен қазақ балабақша, мектептеріне апарып берерін бер-
се де, олардың бүгінгі мүшкіл күйін көріп, техникалық базаның
жүпынылығын, тәрбиеші-мұғалімдердің әлжуаздығын, оқу-
тәрбие құралдарының тапшылығы мен сапасыздығын көріп,
көңілі көншімеген ата-аналардың бүл игілікті іске «қазақ
топырағында науқан ретінде өткізіліп отырған «эксперимент»
емес пе екен» деп үрке қарайтындары бар. Дегенмен, «жеңіске
жету - қиыншылықтарды жеңу» деп түсінсек, бұл да біздің
табыс, кешегі күннен көш ілгері құбылыс. Бұл тығырықтан
шығудың жолын көп болып ойласайық. Осындайда төтесінен
72
жол тауып кететін жастар не дер екен? Мыңдаған білімді
жас мамандар мен студенттер тәрбие-білім алу жол айрығында
тұрған жеткіншек іні-қарындастарына қол ұшын берудің
қажеттігін жан дүниесімен сезінер деп үміттенеміз. Бүл жәрдем
дәл бүгін болмаса, ертең кеш болады.
3.
Жоғарғы оқу орындарыңың бәрінде қазақ тілін оқытатын
арнайы кафедралардың, курстардың, топтардың ашылып, жас-
тардың ана тілінде ғылымның әр саласы бойынша мамандық
ала бастауы да қуанышты жаңалық. Осы бетбүрыстың ең бір
түйінді мәселесі - «таза қазақ тілінде ғылым жасауға бола ма,
әсіресе табиғи-техникалық пәндерді дәріс беріп үйретуге, ол
бойынша әмбебап маман дайындауға мүмкін бе?» деген ежел-
ден қалыптасып қалған қияңқы сүраққа ашық жауап беру. Бүл
жалған да зиянды үғымның бүгінде қабырғасы сөгіле бастаған
сияқты. Неге болмасын, әбден болады. Ғылым қашанда ин-
тернаңионалды қүбылыс. Ол қай тілде болса да, қай үлттың
өкілі қатыспасын, ортақ идея арқылы жалғаса дамуға міндетті.
Ол жапон тілінде де, ағылшын тілінде де, қытай тілінде де,
орыс тілінде де, қазақ тілінде де дами алады. Олай болса,
мәселенің тетігі, сайып келгенде, тілімізді дамытуда ғана,
ғылым дәрежесіне көтеруде ғана болып отыр. Осыған орай
өзі қазақ бола түрса да, өзінің саналы өміріндегі үстаздық
өнегесін, барлық білім-тәжірибесін шәкірттеріне тек орыс
тілінде ғана беріп келген жүздеген ғүлама ғалымдарымыздың
ең болмаса бүгін, аттың басы жолайырыққа тірелген сәтте
ойланулары қажет-ақ: бір жол бар - қиын, бірақ қиын да бол-
са, болашағы зор - жастарды мәңгүрттіктен сақтайды, бір жол
бар - оңай, бірақ оңай болғанымен болашағы жоқ, өйткені
ол жастарды мәңгүрттікке бастайды. Ғұлама ұстаздардың
қазақ тілін үйренуі, білгенін дамытуы, шәкіртіне білім беруі,
сайып келгенде, болашақ ұлттық ңивилизацияның деңгейін
ғана емес, потенңиялық мүмкіншілігін де анықтай алады.
Шіркін, халық алдындағы осы бір тарихи миссиясын олар кеш
73
түсінбей, ерте, тіпті күні бүгін түсінгені қандай абзал болар
еді. Қуанышқа орай, жоғарғы оқу орындарында, ғылыми са-
лада істейтін ғүлама ғалымдар арасында замана талабын тап
басып, оған үн қосып отырған, атагі айтқанда өз пәні бойынша
оқулык пен оқу қүралдарын, анықгамалар мен сөздіктерді
қазақша жазып, не орысшадан аударып ел алдындағы азамат-
тық борышын атқаруға қызу кірісетіндер де баршылық -
Мүндай игілікті істі қиын болса да осындай жандар істемесе,
ешкім бізге сырттан келіп істеп бермейді. Қазірдің өзінде
50-ден астам осындай пән оқулықтарының қолға алынып, алды
баспадан шыға бастауы қуантарлық жағдай емес пе? Бірақ
осы бір ауадай қажет істің аяғына түсау, қолына бүғау болып
отырған - қағаз!
Соның өзінде де мен айтқан болар едім: «Ұрпаққа үлағат, үлы
міндет - ертеңгі егеменді еліміздің үл мен қыздарын ана тілінде
тәрбиелеу» десек, бүл саладағы алғашқы қарлығаштардың ерен
еңбегі бүгінгі қарбаласта үмыт қалмай, ерекше бағалануы тиіс.
Оларға моральдық та, материалдық та жәрдем қажет. Илаһим,
осындай өз үрпағының ертеңіне, ана тілінің болашағына
әрқашан да ықыласы кең, мейірі мол болғай! Егер қүдіретті
ана тіліміздің алдында ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір жауап бе-
руге тура келсе, жан тыныштығын ойлап, қар басының күйін
күйттейтін кейбір енжар ағайындармен «нар тәуекелге»
бел байлаудан көрі, «әліптің артын бағуды» қалайтын аяр
жандардың ел алдында қызаратыны сөзсіз. Бірақ бүдан кейінгі
жерде кейбір ана тілі - ананың аялы алақанының ыстық та-
бын сезінбей өскен, тіл қүдіреті бойына дарымаған, сәулелі
нүры жүрегінде жанбаған жандардың білімге дүбәра, салт-
дәстүрге жоқ, сөзге шорқақ шала қазақ кадрлерді бүрынғыдай
тоғыта беруіне қоғам бүдан былай қатал тосқауыл қою керек.
Ондайлардың ана тіліміздің болашағыНа сенімсіздікпен қарап,
реті келсе, қиястық көрсетіп, аяқтан шалу ына, ғүлама мінберін,
үстаздық лауазымын пайдаланып, өз шәкірттеріне, жалпы
74
білім жүйесіне теріс бағыт-бағдар беріп, өзінше жөн сілтеуіне
тиым салынуы керек. Ал ондайлар бар. Оларға «Қазақ тілін
өзің білмесең де, білгісі келетіндерге кесіріңді тигізбе» деп
ашық айтатын уақыт жетті.
4.
Ретсіздеу басталса да, бүгінде бүкіл республика бойынша
етек жайып, кеңейе түскен үрдіс - атамекен атауларын реттеу.
Кеше ғана дүмпуі ішіне түсіп, бітеу жарадай жүректі сыздатқан
бүл мөселе, атамекен атауларына үзақтан бері жасалып келген
қиянат бүпн ашық сөз болып, саяси-әлеуметтік деңгейдегі
кезек күттірмейтін өзекті проблемаға айналып отыр. Осыған
орай Мемлекеттік ономастика комиссиясы қүрылып, оның
бөлімшелері жер-жерден жүмыс істей бастады. Комиссия тара-
пынан атамекен (жер-су, әкімшілік-территориялық бірліктер,
көше, алаң, мекеме, т.б.) атауларын реттеуде аяқ тірейтін
ғылыми-практикалық
түжырымдаманың
(конңепцияның)
жобасы жасалды, ол жақын арада жарияланып, көпшіліктің
талқысына түспекші. Бүл да бір игілікті істін нышаны. Алай-
да екі ғасырдан астам уақыт үстемдігін жүргізіп келген
патшалық Россияның отаршылдары өз білгенініше енгізген
«өзгерістерді», одан кейінгі әкімші-әмірше топтардың бөрі
талаған қойдай тамтығын қалдырмаған атамекен атауларын
қайтадан қалпына келтіріп, оны «бүл қазақтың төл мекені»
дейтіндей етіп реттеу, әрине, бүгінгі үлтаралық, экономикалық
жағдайға байланысты оңайға түсейін деп түрған жоқ. Бірақ
қандай жағдай болса да, бүл бағыттан енді кері қайту жоқ.
Санасы ояна бастаған халықтың, сел тасқынындай зор күшке
айналған бүгінгі демократияның адуынды қарқынына қарсы
түру мүмкін емес. Бүгіннің өзінде-ақ жүздеген географиялық,
әкімшілік-территориялық, т.б. атауларды өзгертіп үлгерген
жергілікті советтердің қалын жүртшылык қолдаған заңцы
талап-тілектері Жоғары Совет тарапынан тез де дүрыс шешім
таппай жатса, ол ертең-ақ табуға тиіс еді. Амал нешік, бүл
мөселе өлі күнге дейін «сен салар да мен саларға» айналып,
елдің наразылығын тудырып отыр.
75
5.
Жоғарыда аталған оқиғалардың халықтың жүрепне жылы
сезім мен үміт үялататын тағы біреуі - Республикалық «Қазақ
тілі» қоғамының іс-әрекеттері мен қол жеткен табыстары.
Қоғамның бағыт-бағдары, мақсат-мүраты, тындырған ісі мен
міндеті жайында әркім әр түрлі пікірде екені белгілі.
Осыған орай қоғамның президенті ретінде бір-екі мәселеге
жүртшылықтың назарын аударғым келеді. Қоғам қалың
бүқара тарапынан қолдау тауып, өз еркімен қүрылғаны белгілі.
О бастан-ақ біз өзімізді саяси үйым, не саяси қозғалыс деп
есептемейміз. Өйткені тіл қүқығын көшеге шығып, ереуіл
жасау
арқылы,
немесе
экстремистік,
даурықпа-даңғаза
тәсілдермен емес, угманистік, адамгершілік түрғысынан
қорғауды қалаймыз. Тіл табиғаты - әрі нәзік, әрі күрделі. Тіл
үшің күрес кімнен болса да ерекше бір білгірлікті, білімділікті,
пайымдылықты, парасаттылықты талап етеді. Бүл арада қара
күш пен қара дүрсіннің қажеті жоқ.
Ал саясат мәселесіне келсек, қоғам ресми саяси үйым бол-
маса да, саясаттан бойын тасалаған емес. Өйткені тіл тағды-
ры - үлт саясатының өзекті мәселесі. Біле білсек, аталмыш Заң
да, Мемлекеттік бағдарл ама да, «Қазақгілі» қоғамының дүниеге
келуі де саясаттың тайқазанында қайнаудың нәтижесі. Ал енді
осы бір қол жеткеп табысымызды қорғауға келгенде ол барлық
мүмкіншіліктерді, әсіресе қоғамдық пікірге, демократиялық
күшке, берік қамал болып артында түрған миллионға жуық
тілдің шынайы жанашыр-мүшелеріне сүйенеді.
Қоғам қүрылғаннан бері не тындырды? Біріншіден, тіл ту-
ралы Заң мен Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан кейін
тілдің барлық жауапкершілігін көпшілік те, ресми орындар
да «Қазақ тілі» қоғамына артып отырған сияқты. Бүл үлкен
міндеттің бәрін қоғам өз моинына ала алмаса да, осы бағытта
біршама жүмыс атқарып келеді. Өйткені аталмыш қүжаттардың
іс жүзіне асырылуын қадағалауға, тілге қамқорлық жасауға
міндетті ресми Республикалық үйлестіру орталығы немесе ар-
76
найы Тіл комитеті қанша айтылып жүрсе де, әлі қүрылған жоқ.
Екіншіден, «Қазақ тілі» қоғамы ресми үйым болмағандықтан,
халықтың санасын оятып, ана тілімізге деген ықыласын
арттыруға, оны уағыздауға, жандандыруға ат салысқаны бол-
маса, тілге қатысты алынған қаулылардың орындалуына,
қаражат бөлінуіне, оған жауапты дардай-дардай органдар мен
жүздеген мекемелерге өз бетінше үстемдік жүргізіп, оларды
қадағалап, қатал талап етуге, керекті жерінде айыбын бетіне ба-
сып, жазалауға қүқы жоқ. Міне, осының салдарынан қоғамның
әлі де іргесі берік әкімшіл-әміршіл мекемелердің есігінен
сығалап, менменшіл бастықтарына айтқанын істете алмай,
қалыптасып қалған касаң тәртіпті бүзып, өз мүмкіндігін толық
аша алмай отырған жайы бар.
Дегенмен, тоқсан тоғыз істелетін істің, сыпайылап айтқанда,
қоғам бір тоғызының бетін бері қайырып, болашағынан үміт
күтіп отырған қалың көпшіліктің сенімін ақтап, қүрметіне
бөлене бастады. Қоғамның жүмысын президенті Н.Ә. Назар-
баев жолдас та жақын арада теледидардан сөйлеген сөзінде
жоғары бағалап өтті.
Ол қандай жүмыстар? Кейбірін санамалап қана өтейік:
1) Қоғам созыңқырап алса да үйымдастыру кезеңін аяқтап
келеді. Қазір барлық облыстарда, қала-қалашықтарда, аудан
мен ауылдарда «Қазақ тілі» қоғамының үйымдары, қүрылып,
олар өздері қабылдаған бағдарлама бойынша жүмыс істеп
жатыр. Бір миллионға жуык қоғам мүшелерінің ішінен 10
мыңдай белсенді, тілдің шынайы жанашырлары суырылып
шығып, басшылық етуде. Жер-жерде істеліп жатқан игілікті
істің көптігі, түрлілігі соншалық, оларды санамалап шығу да
мүмкін емес. Ең басгысы - оның бәрі ерікті түрде, өз ықылас-
ынтасымен басталған істер.
2) Қоғамның жер-жердегі үйымдары сол өлкедегі жүз бер-
ген саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени жаңалықтардың бәріне
қызу араласын, керек жерінде мүрындық болып, басшылық ету-
77
де. Мәселен, Наурыз тойын өткізу, немесе Қаракерей Қабанбай
тойы, Қарағандыдағы жас ақындар айтысы, Оралдағы Мұхит
тойы, Торғайдағы Ақаң мен Жақаң күндері, т.б.
3) Тіл қүдіретін дәріптеу халықтың еанасын оятуға қатысты
деп түсінген «Қазақ тілі» қоғамы өзінің бірегей табысын өз
үні - «Ана тілі» газетінің оқырмандары арасында беделі осіп,
кеңінен тарауына да байланысты деп біледі. Тіл тағдырын ту
етіп көтеріп отырған бүл газетті кешегі Ахмет Байтүрсынов
шығарған «Қазақ» газетінің рухани жалғасы деп айтуға әбден
болады. «Жақсы дәстүр - жүғымды» дегендей, тіліміз тура-
лы баспасөз үні күн санап санамызды билеп, бүкіл қазақ да-
ласына кеңінен таралуда. Бүгінде жер-жердегі «Қазақ тілі»
қоғамы тарапынан 15-ке жуық облыстық, аудандық, қалалық
газет («Ақиқат» - Алматы обл., «Дауа» - Павлодар обл.,
«Аян» - Жезқазған обл, «Қараөткел» - Ақмола обл., «Дала
қоңырауы» - Қостанай обл., «Жібек жолы» - Шымкент обл...
«Оқжетпес» - Көкшетау обл., «Шұғыла» - Орал обл.. «Аза-
мат» - Алматы қаласы, т.б.) шығарылады. Бүл айтуға ғана оңай,
ал экономикалық қиындық пен қағаздың қаттығын ескерсек,
мүндай ерен іс бүрын-сонды болған емес.
4)Республикалық «Қазақтілі» қоғамыныңқүзырындағы «Тіл
тағылымы» деп аталатын халық университеттің игілікті істері
де тіл табиғатына қызығатын қауымның ілтипатына ие болыгі
отыр. Тілдің заңдылығын, тіл ғылымының табысын уағыздап,
қалың жүртшылықтың тіл мәдениетін, сауаттылығын көтеру
бұл университеттің және оның жер-жерде ашыла бастаған
бөлімшелерінің абыройлы міндеті болмақшы. Әттен, әзірше
экономикалық жағдай көтермейді ғой, әйтпесе унивсрситет
дәрістерін кітапша етіп, мыңдаған бастауыш үйымдарға тарат-
са, нақтылы істің бірі сол болар еді.
5) Халық үстінен қаражаттанатын қоғам ендігі жерде өзінің
экономикалық жағдаиын көтеріп, жүртшылыққатиімді жәрдем
көрсету мақсатымен шеберхана, шағын мекемелер, студиялар,
78
қазақ тілінен сабақ беретін курстар, т.б. неше түрлі жәрдемші
«көздерін» үйымдастыра бастады. Бірақ «Ана тілі» жанынан
өз баспасын ашып, қалың қауымды анықтама методикалық
көрнекті қүралдармен, сөздік, тілашар, тілдескіш, оқулықтар-
мен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ілеспе аударма аппаратта-
рына, қазақ машинкаларына, т.б. техникаға деген қажеттілікті
өтеуге қазірше қоғамның қолы қысқа, қаражаты аз, қағаз жоқ,
жағдай жоқ.
Дегенмен, «ауызды қу шөппен сүрте бермей», барын бар-
ша айтсақ, осылардың өзі-ақ кейбіреулердің ойлайтынындай,
«коғам лап етіп жанып, лып етіп өшкен жоқ» екенін көрсетпей
ме? Қалай болғанда да бүгінде «Қазақ, тілі» қоғамымен тай-
таласатын республикада үміткер үйым не балама (альтер-
натива) жоқ. «Жүре түзеліп келе жатқан осынау бір салқар
көштің болашағына ел-жұрт үлкен сеніммен қарайды соған
орай оның қоғамдағы салмағы артып, іс ауқымы кеңейіп
келеді. Қазақстаннан тыс жерде жасайтын 3 миллионнан астам
туыстарымыздың тағдырын ойлайтын болсақ Қоғамды келе-
шекте халықаралық деңгейдегі үйымға айналдыру мәселесін
шешуіміз керек.
Айта берсе. «Қазақ тілі» қоғамы және тиісті министрліктер
мен мекемелер тарапынан істеліп жатқан осы тәрізді істер
баршылық. Бірақ, шынын айтсақ бүлардың бөрі ана тіліміздің
тағдырын шешуге ауадай қажет істелетін тоқсан тоғыз істің тек
бір тоғызы ғана. Сондықтан да біз бүгін Заң қабылданғанына 1
жыл 8 ай өткенін, оның заңды күшіне 1 жыл бүрын енгенін
ескере отырып, «оу, халайық, заң жүмыс істемей отыр!» деп
айғайлап айтуға міндеттіміз.
Әрқашанда ақыл айтып, кеңес беру, кемшілікті көрсетіп,
бетке басу, айыптау оңай да, іске нақтылы жәрдем беру, үлес
қосу киын. Осыған орай, енді біз орындалуға тиісті үлан-
ғайыр іс-шаралардың басты-басты, қадау-қадауларын са-
намалап етіп, оған тікелей жауап беретін, беруге міндетті
79
мекеме-ұйымдарды атағымыз келеді. Бұл жолы тіл Занңының
барысына баға беретін төрелігіне де, оның орындалуына қызу
ат салысатын қамқоршысы ретінде де мен жастардың өздерін
тартқым келеді.
I.
Тіл туралы Заңның 1-статьясында «Қазақ тілі Қазақ
ССР-інің мемлекеттік тілі болып саналады» дегенге жалғас
мынандай анықтама берілген: «Қазақ ССР-і қазақ тілінің
мемлекеттік тұрғыдан қорғалуын жүзеге асырады және оның
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда, халыққа
білім беру, мәдениет, ғылым мекемелерінде, қызмет көрсету,
бұқаралық информаңия салалары мен басқа да салаларда
белсенді түрде қолданылуына қамқорлык жасап отырады»
(Заңның 6-бетінде).
Көріп отырсыздар, мемлекеттік тілге байланысты Заңда
көрсетілген тамаша талапгар
өткен уақыттың ішінде
орындалған жоқ. Мемлекеттік тілімізді «белсенді түрде
қолдану» деген сөз қазірше тек қағаз жүзінде ғана. Мәселен,
ғылым саласында Заң шыққанға дейін ғылыми еңбектердің
90%-і орыс тілінде, 10%-і қазақ тілінде жазылып келсе, биылғы
жылы «қазақша ғылым» 10%-тен де азайып кетті. Мекемелер-
де орыс тілінде карым-қатынас жасау, іс қағаздарын жүргізу
сияқты қалыптасқан «дәстүрлердің» әлі мұрты да бұзылған
жоқ, баз баяғы қалпы. Үкімет тарапынан тілге көрсетіліп
жатқан нақтылы қамқорлықты айту қиын. Заңның орындалу-
ын қажетті кадр, материалдық-техникалық (ілеспе аударма ап-
параты, жазу машинкасы, т.б.), финанс және оқу-методикалық
жағынан қамтамасыз ету мәселесі мардымды шешілген жоқ.
Тілге байланысты азаматтардың қүқығын қорғау Заңның 32
және 33-статьяларында арнайы айтылса да, бұл қағиданы әлі
күнге дейін бүзушыларды ешкім айыптап, жазалап көрген
емес. Мәселен, орысша жақсы білмейтін қүрылысшы қазақ
қызын басшылардың орысша арыз жаздырып, көпшілік ал-
Достарыңызбен бөлісу: |