93
емес. Айтылып жүрген сындар мен талап-тілектердің көбісі-ақ
Д Ү Р ы с ,
әділетті. Үлкен істің бірден төрт аяғынан тік түра қалуы
қиын деп ақталып жатудың да реті жоқ. Кемшіліктің болуы,
әрине, заңды қүбылыс. Бірақ мәселе сол кемшіліктерді дүрыс
айқындап, оны жөндеудің жолдарын іздеуде ғой. Қүдай-ау, жер-
жүзінде бірінші социалистік ел болып дүркіреген бүрынғы
КСРО-ның көз алдымызда күйреуін көрген бүгінгі үрпақты
қандай жаңалық таңғалдыруы мүмкін. Оның жанында тіл
қоғамының проблемасы әлде қайда оңай деп ойлаймыз.
Дегенмен, «Қазақ тілі» қоғамы туралы қалың бүқараның,
қазақ зиялыларының, республика үкіметінің, қоғамдық
үйымдар мен партиялардың пікірін, көзқарасын, талап-тілегін,
ақыл-кеңесін айқындап алудың дәл бүгін реті келіп түрған
сияқты. Бүл әңгімеге түрткі болып отырған себептер де жоқ
емес. Оның бір шеті мақаланың атынан орай, «Қазақ тілі»
қоғамының дүниеге келмей жатып, бойына дари бастаған
кейбір дерттеріне байланысты.
Қоғам ісіне сын көзбен қарасақ, оның бойында, мынадай
кемшіліктер бар көрінеді: а) кезінде қалың көпшіліктің қызу
қолдауымен қүрылған қоғамға елдің көңілі суый бастады,
өйткені ол күткен үмітті ақтай алмай отыр дегенді естиміз, бүл
пікірге дау айтуға да болады: біріншіден, қоғамнан кімнің не
күткенін біз білмейміз; қоғамды қүрушылар о бастан-ақ өзінің
ісш қоғамдық сананы оятудан бастауды, Заңды орындауға
жәрдемдесуді мақсат еткен болатын; Тіл туралы заңды іс
жүзінде асыруды оны мекемелерден ресми талап етуді,
қадағалауды, елге мойындатуды, бойүсынбағандарды жазалау-
ды ол өз мойнына алған емес, алуы да мүмкін емес еді, өйткені
ол өз мәртебесі, Жарғысы мен Бағдарламасы бойынша ондай
қүқықтан мақүрым болатын, қоғамнан көңілі қалып, күдер
үзетіндер осы бір жайтты ескермейтін сияқты; сондықтан да,
егер ана ті лімізді ң тағдырына гек қоғамдық әрекетпен ғана шек-
телмей, мемлекеттік түрғыдан қарағымыз келсе, онда коптен
94
бері айтылып жүрген Мемлекеттік тіл комитетін күруымыз
қажет, ә) Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы жер-жерде
қүрылған қоғамдық үйымдарға дүрыс басшылық ете алмай,
барлық бастамаларға мүрындық болып, жүмысын үйлестіріп
отырудың үддесінен шыға алмай отыр деген де пікір айтылып
ЖҮР’
ісімізге сын көзбен қарасақ, бүл пікірдің дүрыс жерлері
бар сияқты; шынында да бүкіл республика бойынша кең етек
жайып, өрістей бастаған жер-жердегі жүздеген қоғамдық
үйымдардың тіршілік-тынысын түгел бақылап, тап басып,
гал дап-талқы лап, бидік айтуға, нүсқау беріп, бір түтас организм-
ге айналдыруда республикалық қоғамдағы он шақты адамның
мүршасы мен шақты келмей жүргенін мойындағанымыз жөн;
б) үйымдастыру, үйлестіру мәселесінде байқалып ж үрген кейбір
кемшіліктер, сайып келгенде, о баста қабылдаған Жарғының
кемшін жақтарына байланысты екенін бәріміз де байқап отыр-
мыз. Бүл айтылғандардың бөрі Жарғының қайта қарауды, екі
жылдық тәжірибені, үсыныс-талаптарды ескере отырып, оны
жетілдіре түсуді талап етеді.
Айта берсе, мүндай кемшіліктер әлі де табылады.
Олардың біразы, сөз жоқ, президент - менің өзімнен бас-
тап, республикалық қоғам мен жер-жерлердегі қоғамдық
үйымдарды басқаратын ондаған, жүздеген адамдардың «ана
тілі — арым бұл» деп бастаған үлы мақсатына берік те бекем
болуына, іскерлік қабілеті мен адамдық парасатына, сөзімен
емес, ісімен атқаратын өз борышына адал болуына байланысты.
Қазақ тілі қоғамында істеуге бағышталған арнайы мамандық
болған емес, болмайды да. Сондықтан да бұл іске жан-жақтан
жиналып, бел байлаушының біреуі білімді де білгір, енді біреуі
өмір тәжірибесі мол жандар, ал тағы біреулері нар төуекелге
басатын қарадүрсіндер. Көпті көрген дегендердің кейбіреулері
кейде көкмылжың болып шығады, кресло мен машинадан ерте
айрылған мансанқүмар, гіартократия әулеті, немесе айғайға ат-
тан қосып жүретін алақұйын араңдатушы экстремист болып
95
шығады. Қысқасы, «Қазақ тілі» қоғамының бір кінараты болса,
ол осы сияқты мамандардың басшылық етуіне байланысты.
Бұл мәселеге біз төменде тағы ораламыз.
Солай бола тұрса да, «Қазақ тілі» қоғамы (бұл арада мен
республикалық қоғамды ғана емес,- оның құзырындағы
республикалық барша қоғамдық ұйымдарды айтып отыр-
мын) өткен екі жылдың ішінде азды-көпті біраз игілікті іс
тындырғанын айтпауға болмайды. Осыған орай, ең алдымен
ескертетінім: көкпардың дүрмегіне ілесіп, додасына бойлап
кіре алмай жүрген кейбір жандардың «түк жоқ» деп, мұрнын
шүйіруіне, «көрмес түйені де көрмес» дегендей, көрініп
тұрғанды көргісі келмей, біліп тұрғанын айтқысы келмей
«аузын қу шөппен сүртуіне» мән бермесек. Өмір әрқашанда
өзінікін дәлелдейді, мойындатады. Ондай пенделермен даула-
сып, тәжікелесіп жатудың дәл қазір реті жоқ. Құдайға шүкір,
қазағымызға тән бұл қасиетті біз де жақсы білеміз, білгендіктен
де оған кешірімдікпен қараймыз.
Қоғамның барша табыстарын түгел қамтып, санамалап ай-
тып шығу бір мақала көлемінде мүмкін емес. Ол арнайы жазы-
латын есепті баяндама болмаса, біздің әңгімеміз үшін міндетті
де емес. Дегенмен, игілікті істердің басты-бастыларын атап
өтуге болады:
: <
а) «Қазақ тілі» бүгінде республикаға ғана емес, қазақтар
жасайтын одан тыс аймақтарда да белгілі, өз тетелестерінің
ішінде абыройлы да беделді қоғам болып саналады.
ә) Тілге және тілге қатысты қоғамдық қүбылыстарға қызу
араласуына байланысты «Қазақ тілі» қоғамы белсенді де іргесі
берік қоғамдардың санатына енді. Осыған орай ол Қазақстан
Республикасының халық сайлаған бірінші Президенті Нүр-
сүлтан Назарбаев гарапынан жоғары бағаланып отыр.
Қоғам
аудандарында
өз ұйымдарын құрып, 1 миллионға тарта тілдің жанашырла-
96
рын өз төңірегіне топтап отыр. Осының арқасында «Қазақ тілі»
қоғамы ел ішіне кең тараған қалың бұқаралық ерікті ұйым
болып танылады.
в) Қоғамның жалпы бағыт-бағдарын анықтап, мақсатын
айқындап, отырған, жылы жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай
қаулап өскен республикадағы жүздеген жаңа ұйымдардың ба-
сын қосып, бір мүддеге жұмылдырып отырған оның айбын-
ды үні - «Ана тілі» газетінің шығуын мәдени өміріміздегі
үлкен құбылыс деп есептеуге болады. Ол барлық жағынан
кешегі Ахмет Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газетінің ру-
хани Мұрагері болып саналады. «Қазақ тілі» қоғамының жер-
жердегі ұйымдары тарапынан қазірдің өзінде республикада 2
журнал, 18 газет жарық көріп отыр. Бүл тәрізді игілікті істерді
де біреулер байқамауы, байқаса да мән бермеуі мүмкін.
г) Қоғамның жанынан ашылған «Тіл тағылымы» деп атала-
тын халық университеті тілтанымы және басқа да қоғамдық
ғылымдар саласынан дәріс өткізіп, халық арасына білім тара-
тушы бірден-бір орталыққа айналып отыр. Бұл университеттің
өнеге үлгісін ел арасына, қоғамдық үиымдарға кеңінен таратуға
қағазға деген мұқтаждық тосалғы болып отыр.
ғ) Республикалық қоғам да және оның облыстарындағы
ұйымдарының қаржы мәселесін шешуге байланысты істеп
жатқан әрекеттері де аз емес.
д)
Қоғам ана тілімізді төл проблемаларына да қызу ат салы-
суда. Тіл туралы заңның өзінен бастап, 2000 жылға дейінгі тіл
дамуы туралы бағдарламаның жасалуына, терминологияның,
жер-су,
географиялық
объектілердің
реттелуіне,
жазу
мәселесіне, қазақ тілін үйрету, оның әдістемелік қүралдарын
жасатып, бастырып, таратуға, тіл мәдениетін көтеруге, т.б. осы
сияқты мәселелерді шешуге қоғам тікелеи араласып келеді.
Әрине, қоғамның мүндай игілікті істерін термелеп, санама-
лап айта берсе, коп орын алатыны сөзсіз. Шынайы жағдайды
дүрыс түсінгісі келетін жанғаосы айтылғанның өзі де аз дүние
97
емес. Бірақ біз осыны айта отыра, әсте де габысқа мастанын,
жайбарақат күй кешкіміз келмейді. Қоғамның агына айтылып
жатқан артық-кем сынға да біз осы түрғыдан қараймыз.
Дегенмен, сынның да сыны бар, сыңаржақ сындардан
өз кезінде тиісті қорытынды шығарып, өз бағасын беріи
отырмасақ, әлі де бойы есіп, бүғанасы қата қоймаған «Қазақ
тілі» қоғамының болашағына олар зиянын тигізуі мүмкін.
Менің өз ойым: қоғам туралы қоғамдық пікір тудырғысы
келетін адам ең алдымен сол қоғамның мақсат-мүддесіне терең
түсінуі керек. Ал түсіну үшін осы қоғамның қазанында біраз
қайнау керек. Екі жылдан бері тіліміздің зарын зарлап, мүңын
мүндап болғанбыз. Сондықтан бүгінгі тіл қоғамына қарадүрсін
айғайшы емес, тіл табиғатын түсіне білетін ақыл-кемел, пара-
сатты жан керек. Қолынан іс келетін, салқын қанды, жүрегі
ыстық, қолы таза салауатты адам керек. Қоғам жүмсақ крес-
ло, мінер келік іздейтін мансапқорлардың да жылы орны емес,
қоғам көлденең жүрген көк аттының да бір соғып өтер түрағы
емес... Сондықтан да біздің қоғам біле білгенге қасиетті,
білмеске қасіретті, сыры мол дүние. Олай болса, қоғамды сы-
найтын халайықтың өз басына біз де сын көзбен қарағанымыз
жөн. Өйткені бүгінгі қоғам қалыптасу дәуірінің қасіреті мен
өсу процесінің қиыңдығын басынан кешіріп отыр. Ол тез
өсіп келе жатыр. Оны сыншылар ескеру керек. Ал аяқ-қолы
балғадай болып, тез өсіп келе жатқан балаң жігіттен үміт үзбеу
керек. Қайта оның өсуіне, балағатқа жетуіне жәрдемдесуі ке-
рек. Оның өктем-талабына, сүранысына, қажетіне төтеп бере
алмасақ, қоғам қүрған біздерге сын, қауымның сенімін ақтай
алмаса, қоғамның өзіне сын. Демек, қоғамның осіп жетілуіне
уақыт керек, уақыт қана емес-ау, қамқоршы, ақылгөй ұстаз,
шынайы жанашыр қажет.
Қоғам қамын ойлаушыларға да, кейбір сыңар жақты
сыншыларға да айтатын бір сыр: о баста «Қазақ тіді» қоғамын
құрғанда көп нәрсені алдын-ала байқай алмадық. Ол кезде дәл
98
бүгшгідей өрісі биік, өресі кең шеру тартқан қалың бүқаралық
қозғалысқа айналып кететінін пайымдау мүмкін емес еді.
Сөйтіп кезінде ізгі мақсат, үшқыр сезімнің қанатындағайыптап
дүниеге қелген бүгінгі қоғамдық перзентке күйіне де, сүйіне
де қарағың келеді. Қоғам тағдырына шынайы жанашырлықпен
айтылар сын осыны да ескеруі қажет сияқты. Өйткені кейбір
кемшілік жоғарыда айтқан өсу процесінің қиындығына да бай-
ланысты, бастапқы Жарғының кемшіліктерін бүгін өзіміз де
сезініп отырмыз.
Осыларды айта келе, біраз алшақтап кетсем де, мен мақала-
ның тақырыбына қайта соққым келіп отыр. Енді «Қазақтың
казақтан басқа жауы жоқ» деген сөзді «Қазақ тілі» қоғамының
оз басына, оның бойына дерт болып жабысқан бір кінәратқа
байланысты тағы да жандандырғым келеді.
Біз жоғарыда жер-жерде қүрылып жатқан «Қазақ тілі»
қоғамының басын үстап, үрдісін анықтайтын игі-жақсы
қауымның арасыңда ара-түра кбздейсок адамдардың да кезде-
сіп калатынын ескертіп, оның кейбір себептерін де бажайлаған
едік. Шынында да бүл дерт бүгінде «Қазақ тілінің шынайы жа-
нашыры» деп аяқ-қолын жерге тигізбей, онды-солды мақтап-
марапаттап жүрген қазақ ағайындардын өз бойынан табылып
отыр. Оны көргенде «сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді...»
дегің келеді. Бүл дерттің диагнозы - жалпы түрде айтқанда
«қазақ ауру» да, оның симптомы мен себебі екі топтан түрады:
1) баяғы сол бақталастық пен бақастық, күншілдік пен көре
алмаушылық, мансапқорлық пен өзімшілдік; 2) істің мәнін жете
білместік, бейхабарлық, саяздық, қарадүрсін, кеудемсоқтық,
нар тәуекел, көзжүмбайлық, т.б. ал аурудың көрінісі: өсек-аяң,
көз тасалай беріп айтылатын ғайбат, бірінің үстінен бірі арыз
жазу, ырың-жырың, өзара келіспеушілік, бірінің тілін бірі ал-
мау, бүра тарту, айтыс-тартыс, т.т.
Қоғамның әлі де жас балғын денесіне дендеп бара жаткан
осы бір дерт әрине, сол қоғамның президенті ретінде ең ал-
99
дымен менің арқама аяздай батып, жанымды жаралаиды.
Жұмысымызда кемшілік жоқ деп айта алмаймыз.
Қоғам денесіне дарыған «ауру» барған сайын асқынып
бара жатқан сияқты. Сондықтан да «ауруын жасырғанды өлім
әшкере етеді» дегендей, өз дертімізді ашық айтып, өзіміз емде-
месек, қоғамның дамуына нұқсан келтірері сөзсіз.
Біреуді айыптау үшін емес, бойымызды арылту үшін атал-
мыш «Қазақ ауруының» көзге ұрып түрған түрлерін санамалаи
айтқым келеді.
1.
Қоғам бастықтарының арасында бас билікке таласу,
бақталастық, мансапқорлық сияқты пендешілік байқала ба-
стады. Бұл көбінесе облыстық, қалалық, аудандық ұйымның
төрағалары мен олардың орынбасарлары арасында байқалып
жүр. Жарғы бойынша, төраға қоғамнан жалақы алмайтын
қоғамдық негіздегі басшы. Ол бастапқы идея бойынша қоғам
ісіне игілікті ықпал жасап отыратын, ел ішінде бедел-абыройы
зор, көргені мен көңілге түйгені мол, білімді де білікті жан,
қоғам басшыларына ақыл-кеңес беріп, отыратын ақылгөй
адам. Оның орынбасары күш-жігері мол, алғыр да іскер,
білімді, мінезді бойында ұлттық қаны бар, ана тілі алдындағы
азаматтық борышын, перзенттік парызын ерекше сезінетін
кісілігі мол жастардың болса игі еді деп тілеймін. Көп жерде-ақ
осылайша үйлесімін тапқан жандар тізе қоса отырып, игілікті
іс тындырып жүргенін де айтуға болады.
Бірақ мүндай «ауызбірлік» барлық жерде бірдей байқалмай-
ды. Кикілжіңді бастайтын, әдетте, пысықайлау орынбасарлар.
Ең алдымен оларға төраға тақиясына тар келе бастайды, «отыр-
са - опақ, түрса - сопақ» «Креслода сол отырады, телефонның
қүлағы соның қолында, мінетін көлік те соның астында;
қоғамның абырой-аташ бәрі соған төлінеді, ал жұмысты істейтін
- мен, орынбасар...» деген күңкіл шыға бастайды. Күнкіл бол-
са бір сәрі ғой, мүның аяғы үлкен күндестікке, бақталастық-
қа соғып, дау-дамайға айналып жүргені де белгілі. Тіпті, он-
100
даи төрағаны орынан ығыстырып тастап, өзі жалақы алатын
төраға болып алған азаматтарымыз да бар. Мүмкін, қоғам
басқарудың дәл осы түрі дүрыс та шығар. Өмір соны дәлелдеп
жатса, несіне қарсы боламыз. Бірақ бұл қоғамға төн имандылық
пен инабаттылықтан аттау емес пе? Мұның кімге қандай үлгі,
қандай өнеге боларын да кім білсін! Соңдықтан болу керек бүл
тағылым басқа жерлерде де шаң бере бастады. «Даудың басы -
Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, осындай бақталастықтың
арты үлкен дау-дамайға айналып жүргенін бүдан әрі жасыруға
болмайды.
Басшы ағайындар! «Балық басынан шірімесін». Бүлақ басы-
нан ылайланбаса екен деймін. Басшылардың барша әрекетін
калт жібермей бақылап отырған қалың жүртшылық бар. Екі
басшы өз ара ғана айтысса бір сәрі, бірақ олар ел ішінде топ
қүрып, тобыр сайлатып, жұртты дүрліктірсе, оларды қүдай ал-
дында да кешіруге болмайды.
2.
Дерттің енді бір түрі - менмендік, кеудемсоқтық (амби-
ция), өзім білемдік. Бірақ мұндайлардың көкейінде де есек
дәме мәнсапкорлық пиғыл жатады. Ондай пенделер коғамның
әртүрлі буындарында-ақ байқалып жүр. Бүлардың пиғылын бір
сөзбен айтқанда: өзінше бастық болу, үй ішінен үй тігіп, өзінше
түтін түтету. Бір кезде «Қазақ тіл і» қоғамынын құзырында ұйым
құрып, шаңырақ көтерсе де, сол арқылы ел ішінде азды-көпті
абыройға ие бола бастаған, әсіресе, аудан, қала көлеміндегі
кейбір ұйым бастықгары ымыраға келіп, сатылы байланыс
(субординация сақтап) жасап, қасиетті тіліміздің мүддесін
қорғаудың орнына, іргесін елден аулақ салып, дербестікті аңсап,
өзінше от оттап, су ішкісі келетін көрінеді. Бұл не? «Өзі болған
қыз төркінін танымайдының», өлде «Жаман атқа жал бітсе, жа-
нына торсық байлатпастың» кері ме? Ондай азаматтар қоғам
құрғысы болса, не өздері бұрын құрып алмады? Бірақ қалай
болғанда да, қалың бұқаралық ерікті қоғамың тағдырын бір
адам шешуі мүмкін емес. Олай болса, біздің таңғалатынымыз:
101
бүйректен сирақ шығарып жүрген тентек басшыны тезге сала-
тын ел-жүрт, саналы азаматтарда неге үн жок?! Неге қалың ел
болып көтерген «Қазақ тілі» деген қасиетті Қара шаңырақтың
шырқын бүзуға жол беріп огырмыз?!
Осыған орай айтаныным: ағайындар, біз қай облыста, қай
қалада, қай ауданда қоғам қүрмалық, ол бір-ақ қоғам, бір-ақ ізгі
мақсат-мүдденің төңірегінде топтасқан қауым. Қандай қоғам
және қапша қоғам қүрсаңыздар да өз ықтиярларың. Бірақ «Қазақ
тілі» қоғамын басқа бір мақсатқа итаршы қыла көрмеңіздер!
3.
«Қазақ тілі» қоғамына қатысты дерттің тағы бір тобы,
орысшалап айтқанда популизм, қазақшасы - әуегейлік, даңғаза-
даралық, кеудемсоқтық, экстремизм, әпербақан, үрдажықтық
тәрізді хасистер. Рас, бүгінгі аумалы-төкпелі заманда қайткен
күнде де (өзіне емес) біреуге, келсе де, келмесе де үқсап бағу
тенденциясы етек жайып отыр. Жайбарақатты жақсы мінезімен
ғана белгілі жанның аяқ астынан нілдей бүзылып, тобырды
бастап, аттанға айғай косып, атой салып, жүрттың алдына
шығушы әуегей, әпербақан жандарды жиі көретін болдық. Кей-
де батылдықтың да, батырлықтың да, әрине, керегі бар. Соны
ескеріп, кейде «Інісі содырлының - ағасы қадірлі» дегенді
ойлап, үндемей қалатын жайларымыз да болады. Бірақ «ана
тіліміз - арымыз» деп ту етіп отырғанда соның атын саудаға
салып, соның жоғын жоқтап, зарын зарлаған болып, жеке
басының беделін көтеруге, абыройын арттыруға үрынатын
жандарды көргенде де жанын жабырқайды. Тіл үшін істеген
болмашы ғана ісін бүлдап, айда аспаннан шығарғандай әлемге
жар салып жүретін азаматтар да арамыздан көріне бастады.
Бүларға не деуге болады?
Популизм деген бүгінде жандүниені билеп алатын,
қоғамдық дертке айналып бара жатыр. Ол - көбінесе көпшілік
психологиясының бір көрінісі, ал копшілік пен жеке адам-
ды билеп алатын соқыр сезім, әуегейліктің алды - соқпақ,
арты -ж ар.
•
102
Қасиетті қазақ тілінің бүгін де, ертең де, болашақта да жа-
нынан табылатын шынайы жанашыр, жанкүйерлерінің арасын-
да ондай әуегейлердің болмағаны абзал. Өйткені тіл қаншама
наркескендей өткір, мөлдір судай таза, жарға соққан толқындай
екпінді болса, соншама нәзік дүние ғой. Оны қорғаймын деп
жүріп, әуегейлер жанын жаралап алмаса екен! деп ойлаймын.
4. Бүл тәжірибесіздіктен, өсу проңесінің қиындығынан
туындайтын дерт болуы ықтимал. Жер-жерде қүрылған
қоғамдардың үлкені бар, кішісі бар өзінен жоғары түрған
ұйымдардан жәрдем күту, нұсқау күту әдетіміз бар. Әрине,
ондай жәрдем керек ақ. Бірақ Жарғы, Бағдарлама тұрғысынан
өзінше жол тауып, жаңалык бастауға болмай ма? Ондай үлгілі,
өнегелі ұйымдар бізде аз емес.
Бұл мәселенің бір жағы, оны біз «инңиативасыздық» деп
атаған болар едік. Мәселенің екінші жағы - бұрын бастық бо-
лып көрмеген адамдардың кылығы. Ол бір жақсы іс тындырған
екен - қоғам атынан оған рахмет. Бірақ осыдап кейін өлгіндей
бастық өзінше кыр көрсетіп шыға келеді. «Мұны істеген мен!»,
«Бұл біздің ісіміз!» «Ал республикалық, облыстық қоғамдар,
осы сендер не тындырып жүрсіңдер?!» деп өзінше бүйірін тая-
нып, шіреніп шыға келеді.
Ау, ағайын, істеліп жатқан істің бәрі қоғамның ортақ игілігі
емес пе? «Ала қойды беле қырықпай-ақ», Ана тіліміздің ал-
дында міндет қылмай-ақ қойсақ қайтеді?!
5. Енді бір дерт - «пендешілік». Бұл қазақ түсінігінде - өте
кең ұғым. Дегенмен, оның бір-екі түрі қазақ тілі маңында да
байқалады. «Қазақ тілі» қоғамы қүрылғаннан кейін оның
төңірегінде «ақылгөйлер», «қамқоршылар» , сыншылар көбейе
түсуде. Мейлі ғой, жаңа басталған тірлік, кем-кетіктерінің бо-
луы ықтимал, ағайынның жанашырлық, жақса лебізінің, ақыл-
кеңесінің артықтығы жоқ.
Бірақ ақылшы болып көлгірсігеннің көмегі көбінесе сыз-
даған құр уағыз болып шығады; әділқазы дегеніміз кейде «бар
103
болса, коре алмайтын жоқ болса, бере алмайтын» іші тар ту-
ыстай әділетсіз болып шығады; сенген сыншымыз сыныққа
сылгау, тырнақ астынан кір іздейтін, сыңаржақ болып келеді,
олардың қоғам жайында әр жерде айтып, газет-журналдарда
жазып жүргендерін көргенде, опырай, «көрмес түйені де
көрмес» деген осы екен-ау, әйтпесе, кейбіреулердей қоғамды
«жылт етіп жанып, жалп етіп өшкен» қара шыраққа үқсатпаған
болар еді («Халық кеңесі»).
Немесе тағы бір ініміздің қоғамның мықты бір бастығы
бола түрып, түймедейді түйедей етіп, қалың жүрт көріп-біліп
отырған қоғамның бір тіршілігіне мүрнын шүйіре қарап, «ой-
бай, өйтіп жатыр, бүйтіп жатыр, масқара-ай үят-ай» деп байба-
лам салуын, «Саптыаяққа ас қүйып сабынан қарауыл қарап»,
өзінің төл ісіне сырттап сын айтуын өз басым парасаттылықтың
нышаны деп танымаймын. «Қойшыны қүдай үрайын десе, Шо-
пан атаға тілі тиеді» дегендей, кім болсақ та бейпіл сөйлеуден
сақ болайық.
Бәріміз де сөздің мәнін түсінетін қазақтың баласымыз ғой,
бүгінгі үлы бетбүрыс, үрдістің үстінде, егеменді тіл болып,
еркімізді қолға алған, тілімізге мәртебе алған заманда береке-
бірлік, ынтымақ сақтайық, қасиетті Қазақ тілі қара шаңыраған
сыилаиық, қүрметті халаиық.
6.
Жүмыр басты гіендеде кемшілік, кетістік болмай түрмай ды.
Қайта кемшілік жібермейтін адам қауіпті. Сол сияқты бүгінде
«Қазақ тілі» деп аталатын қоғамның төңірегінде ана тіліміздің
күйін күйттеп жүрген азын-аулақ жандардын бәрі де, оның
ішінде өзім де бар, ет пен сүйектен жаратылған адамдармыз.
Ісіміз жаңа бастама болғандықтан бірден тап басып жол табу да
оңай емес.
Дегенмен, «Қазақ тілі» қоғамынын ғайыптан қүрып, оның
түренін сүйреу үшін өз еркімен мойынтүраққа алғаш рет мой-
нын үсынған жанның біреуі мен де, екіншісі Ө. Айтбаев бола-
Қалың
104
бір белеске жеткізіп тастауға бел байлап отырмыз. Бірақ біз
бойын дерт басқан, көңілінде күдігі мол кекесінді пенделердің
емес, шынайы жанашырлардың жәрдеміне ділгірміз. Ана
тіліміздің әлі де қарауытып тұрған аспанын ашуға мың шырақ
та аз, миллиондаған шырақ қатар жанғанда ғана ол жарқырай
түседі. Сондықтан, халайық, біріміз жаның, біріміз өшіп,
біріміз бықсымайық. Ана тіліміздің аспаны жарқырап ашыл-
са, ол арыла алмай келе жатқан «дертке» де сол дауа болуы
М үМ КІН.
Дана Абай мен абзал ағаны ң «Қазақтың қазақтан басқа жау ы
жоқ» деген сөзі исі қазақтың есінде жүргені жөн.
105
ҒЫЛЫМ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕР МЕ?
Еңсе көтерген өрбір елдің күш-қуаты, байлық-бақыты
экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге
мәдени, рухани өрісімен де айқындалады. Ал мәдени өре, ру-
хани талғам дегендеріңіз сол елдің негізгі қолданыс қүралы -
тілге тікелей тәуелді. Мүның жоғарғы сатысы - әдеби тіл деи
білеміз. Ал, академик Ә.Т. Қайдаров айтпақшы, қазақ әдеби
тілшщ жон арқасы - ғылым тілі десе, ғылым плінщ жон
арқасы - терминология екені даусыз. Ендеше ғылым тілі әдеби
тіліміздің бір негізгі көрсеткіші болып есептеледі. Міне, ендігі
өңгіме тіліміздің осы ғылым тілінің бүгінгі жайы және сол
ғылымның негізгі тірегі - қазақ терминологиясының қазіргі
жай-күйі жөнінде.
Жалпы қазақ терминологиясының қалыптасу тарихын
парақтасақ, қүбылмалы қоғам дамуының өріміне орай әрқилы
сәттерді бастан кешіріп отырғанын байқаймыз. Сол әрбір сәттің
ту үстаушысы, қозғаушысы бар. Ғылым, мәдениет тарихының
өшпес, өлмес ізін қалдырған түлғалар бар.
Ғасырымыздың басында әлденеше оқулықтар мен «Тіл
қүралдарын» жазу арқылы қазақ тілінің терминдену сипатын
қалыптастырған Ахмет Байтүрсынүлы сондай ерен түлғаның
бірі. Ол оныншы, жиырмасыншы жылдары өуелі қазақ тілі мен
әдебиетінің, сосын жалпы мөдениетіміздің қолданыс қажетіне
жараған қыруар терминдерді жасап, қалыптастырды. Ол
жасаған терминдердің тілімізге сщіп, кірігіп кеткендіп сон-
шама, бүл күндері олардың қолдан жасалған арнайы лексика
екенінде де шүбө келтіре алмайсыз. Осы үлгі белгілі себептер-
мен кейін өзінің жалғасын таппай, үзіліп қалды. Алпыс-жетпіс
жылды артқа тастап барып қайта табысқан осы мүраның өзін
өжетімізге жаратуда өлі де салақтығымыз байқалады. Термин
жасамныңтарихи жолдары мен негізін көрсеткен Байтүрсынүлы
үлгісі өлі де ескерілмей отырғаны өкінішті. Терминологтар
106
үшін осы Байтүрсынүлы үлгісін оқып-үйренудің артықтығы
жоқ сияқты. Тіпті семинар сабақ өткізіп отырса да болар еді.
Қазақ тілінің түңғыш профессоры ретінде кейінгілер
түтынатын тамаша ғылыми туындылар жазып қалдырған
Қ.Жүбанүлының да қазақ терминологиясын қалыптастырудағы
орны бөлек. Ол - терминжасамның түңғыш ғылыми
принңиптерін түзеген жан. Сонымен бірге термин жасамның ар-
найы мөселелерін әнгіме еткен Н. Сауранбаевтың, С. Бәйішев-
тің, М. Жанғалиннің, М. Балақаевтың, Қ. Сағындықовтың,
Қ.Шәріповтың, I. Жарылғаповтың, Ә. Сатыбалдиевтың,
А. Абдрахмановтың, Ә.Қайдаровтың да еңбектері бар.
Мақсат -қоз-ғалып отырған мәселе түрасыңдағы еңбектерді
талдау емес, әрине. Бүларды еске алудағы ойымыз, қанша де-
генмен қазақ терминологиясының өзіндік тарихы барын, онда
терминжасамның мол тәжірибесі жинақталғанын еске сала
отырып, бүл тәжірибелерді күнделікті практикалық істе өте
салғырт пайдаланатындығымызға назар аудару.
Алайда тілдің даму тарихы мен қалыптасуы жайына
үңіліңкіресек, тіл заңын үнемі бүзумен келгеніміз мәлім. Бүзу
емей немене, орыс тілі арқылы сатылап бізге жеткен бөгде
сөздерді, яғни интертерминдерді, кеңестік үғымдар арқалаған
русизмдерді Қүран сөзіндей кие түтып, сол күйінде бүлжытпай
алу ауруына шалдықтық. Бүған етіміздің үйренгендігі соншама
һәм кеңестік тіл тәрбиесінің өтіп кеткендігі соншама, мүны біз
әлі күнге тіл байытудың ең тиімді де өнімді тәсілі деп жүрміз.
Миды жаулап ала бастаған алгі терминдердің дөп түсетін бала-
малары барын айта бастасаң болды, дөл бір шиқанынатиіп кет-
кендей байбалам салатындар да бар. Ондайларға «оу, ағайын,
қазақтың тілін мейлінше меңгерген кешегі кемелдер - Ахмет,
Халел, Міржақыптардың өзі айтып кеткен ғой!» деп үқтыра
алмайсың. Тіл заңдылығы талабы түрғысынан да жөні осындай
деп айтқанына қүлақ аса қоймайды.
107
Шынында, ойсыз-күйсіз жан ауыртпай даярға үмтылу сал-
дарынан тіліміздің шырқын 70 жыл бойы бүзып келгенімізді
ашып айтар кез келді. Сонау 30 жылдардың орта шенінен бас
алған тіл бүзар зиянкестік әлі күнге жалғасып келеді. Міне,
сондықтан біз соңғы бес-он жылдың барысында баспасөз
бетінде көрініс тауып жатқан ізденістерді тілдің ішкі
мүмкіндіктерін сарқа пайдалану бағытындағы әрекетгер
деп бағалап, қолдаймыз да қуаттаймыз. Ал олардың дүрыс-
бүрыстығы екінші мәселе.
Тарихқа жүгінсек, өзін және өз тілін қүрметтейтін бірде бір
ел өзге тілдердің сөздерін сол күйінде өзгертпей қабылдағаны
жоқ екен.
Зер салыңыз, А. Байтүрсынүлы: «Біз сияқты мәдениет
жемісіне жаңа аузы тиген жүрт, өз тілінде жоқ деп мәдени
жүрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыш гап, ана тілі мен жаг
тілдің сөздерін алмастыра-алмастыра, ақырында ана тілінің
қайда екенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан,
мәдени жүрттардыңтілікдегі әдебиегтерін, ғылыми кітаптарын
қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің (герминдердің - Ө.А.)
даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз та-
буымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болады.
(А.Байт. Ақжол. Алматы. 1991, 350, 351).
Ал X. Досмүхамедүлы жат сөздерді қабылдау жөнінде былай
дейді: «Тілге кірген жат сөздер сіңу үшін, гілге - «өзілік» болуы
үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек
Бүйтпесе жат сөздер бүралқы болып тілдің шырқын бүзады,
тілге зиян келтіреді. Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің
заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөздерді
өзгертпей, бүлжыгпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса
да болады».
Ана
тіліміздің
ішкі
заңдылығын
мейлінше
терең
гүсінетін Ахаң, Жақаңдар пікіріне қүлақ асудың орнына
тілімізді орыстандырудың өралуан тиімді гәсілдеріне сөздік
108
қорымыздың қақпасын аиқара ашып тастадық. Осындай
талғамсыз да талапсыздығымыздың нәтижесінде, біз тілімізге
интертерминдерді көбінесе саралаусыз қаптатып қабылдадық.
Бұл бір қарағанда ана тілге жасалған қиянат, тіпті шапқыңшы-
лық сияқты еді. Неге десеңіз, жат дыбыстардың жалынан
ұстаған арнайы жасақ сияқты бөгде сөздер саны қазір тіл
бай лығымыздың 70-80% шамасын құрайды. Сөйтіп осының сал-
дарынан барған сайын дамып, кең қанат жаюға тиісті деген тел
байлығымыздын тынысы күннен күнге тарыла түсіпті. Қазақ
тілінің қадірінің кете бастауының бір себебі осыдан да болар
ма екен деген ойға қаласың.
Дайын терминдерді сол күйіңде қабылдау, біріншіден,
еді ізденгіш, еңбекшіл қабілетінен айырады, екіншіден, ана
тілінен безінуге бастайтын қиял жол осы. Тіл байлығының
көбі жат сөздер болып отырса, онда өзге түгілі жаппай орысша
сауаттанған қазаққа қазақ тілінің қажеті қанша?
Баз біреулер ғылым тілі дамымай отыр десе, енді біреулер
әлгі қаптаған интертерминдерді меңзеп «ойбай, несін айтасың,
ғылым тілі бізде әлдеқашан қалыптасқан» деп өрепкиді.
Біріншілері, ғылыми ұғымдарға негіз болар байлықты өз
тілімізден тауып, соны қолданысқа қоса алмай отырғанын
айтқысы келсе, екіншілері әлгі 70-80%-ті мақтан етеді. Ол 80
проңенттің өзі де әлі ғылыми оралымға өнбей, іске жаратыл-
май отырғанымен жұмысы жоқ. Ал қазақша жазыла қалған
жаратыластану ғылым саласындағы еңбектің кей бірін оқып
көріңіз. Одан қазақ тілінің таза байлығын емес, оның әбден
шұбарланған сиқын байқап қынжыласыз. Міне, ғылым тілінің
бүгінгі жайы осы.
Әрине,
бұл
айтылғандардан қазақ терминологиясын
қалыптастыруда жаратымды ештеңе жасалмаған екен деген
қорытынды тумаса керек. Отызыншы, кейін 50-60-70 жылда-
ры әлденеше сөздіктер түзіліп, жүздеген терминдер мемтер-
минком аркылы қолданысқа енді. Терминжасам ісімен арнайы
109
айналысқан авторлар болды. Осы шаруаның басы-қасында
болған I. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, I. Жарылғапов,
К. Сағындықов, О. Жәутіков, Бірімжанов, Қ. Шәріпов, Ә. Сагы-
балдиев, Ә.Әбдірахманов, Ә. Қайдаров, Ө. Жолдасбековтердің
еңбегі зор екені даусыз.
Алайда бүгінгі күнғе дейін толассыз жүргізіліп келе
жатқан бүл ісіміздің негізінен қате принциптерді үсганғанын
байқаймыз. Байқаймыз да, қазақ тілінің орыстануына тікелей
өзіміз себепші болғанымызға күйінуге тура келеді. Неге
десеңіз, сонау 1935 жылдан бастап қазақ тілінде термин жасау
қазақ тілінің емес, орыс тілінің заңдылығын сақтау принципін
көздеумен келген екен. Яғни орыс тілінен және орыс тілі
арқылы келген интертерминдердің бәрін «мүртын бүзбай»,
қаз-қалпында қабылдап келіппіз. Бүған мысал келтіріп
жатудың қажеті бола қоймас. Өйткені қай сөздікті қарасаңыз
да интертерминнен аяқ алып жүре алмайсыз. Және олар түп
негізін, түрін сақтай отырып, қазақ тілі сөздік қорының заңды
жүйесіне орасан зор нүқсан келтірді. Олармен бірге қазақ тіліне
мүлде керексіз әріптер келіп енді. Сонымен бірге тіліміздің ай-
тылу, жазылу нормасы бүзыла бастады. Мүның бәріне себепші
болған үш түрлі қүжаттан үш үзінді келтірсек жеткілікті
болар.
Қараңыз: 1. «Халықаралық терминдер орысша қалай алын-
са, қазақша да солай алынады» (1935 ж., 23 шілде, Қазақстан
Халық Комиссарлар Советінің 812 қаулысы). 2. «...қазақ тілінде
баламасы жоқ шетелдік және орыс терминдерді аударыл-
май алынатын болсын, бүлардың жазылуы орысша болсын»
(ЦК(б)П Орталық Комитетінің В.И. Ленин мен И.В. Сталин
шығармаларын қазақ тіліне аударуға байланысты 1947 жылғы
арнайы қаулысы); Сондай-ақ, 3. 1983 жылы біраз өзгертудер
мен толықтырулар енгізілген «Қазақ тіді орфографиясы негізгі
ережелері» 18 параграфында «орыс тілінен енген атау сөздердің
түлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша, өзгертілмей
110
жазылады» деп заңдастыра түскен екенбіз. Сонда біз емле
ережелерін қай тілдің қамын ойлап түзіп отырмыз деген ой
келмей ме?
Сөйтіп термин жасауда жіберілген кемшіліктерден күні
бүгінге дейін арыла алмай отырмыз. Бүдан айығудың амалда-
ры бар ма дегенде осыдан бірер жыл бүрын «Егемен Қазақстан»
газетінде жарияланған академик Ә.Т. Қайдаровтың «Қазақ
тілі терминологиясына жаңаша көзқарас» деген мақаласына
иек артамыз. Бір өкініштісі, содан бері де біраз уақыт өткенмен,
бүл жөнінде селт етіп, үн қосқан пікірдің мүлде сендірлігі.
Біздің ойымызша, бүл назар аудармауға болмайтын бүгінгі
күннін зәру мәселесін аумағымен алып қарастырған қүнды
еңбек, Автор терминжасам принңиптерін түбірімен түгел
қайта қараудың кажет екенін айта келе, нақты өз үстанымын
үсынады. Пікірсайысына шақыратын да түстары бар. Біз про-
фессор Ә. Қайдаровтың бүл «...жанаша көзқарасын» негізінен
қуаттай отырып, қайсыбір түстардағы өзіміздік топшылаула-
рымызды ортаға сала кеткенді жөн көріп отырмыз.
Автор терминжасам «шаруашылығына» байланысты ойла-
рын баяндай келе, оны он бір принңип негізінде түйіндейді.
Бүлардың біразы Қ. Жүбановта да, Н. Сауранбаевта, М. Жан-
ғалин мен Қ. Сағындықов пайымдауларында да кездесетін.
Алайда автор бүлардың бөрін ой елегінен өткізе отырып,
мүлде жаңа баптар енгізеді. Міне осыларды сарапқа сала келе,
біз қазақ тілінде термин жасаудың он бір емес, негізінен бес
принцигіі бой көрсетеді деп шамаладық. Тілдік материалдар
ары кеткенде алты, жеті принцип шеңберінен шығармайтын
тәрізді. Шындығында әңііме бұл принциптердің санында емес,
мөнінде ғой.
1.
Қыскасы, бірінші жөне ең негізгі принцип ретінде біз
қазақ тілі сөз байлығын барынша сарқа пайдалану деп білеміз.
Бұл үнемі айтылып келгенмен, осы принципке өлі күнге жете
111
мән берілмей келгенін несін жасырамыз. Мұны ұстану —
басты
парызымыз.
2. Терминжасамда тіл байлығын сарқа пайдалану принцииі
сарқылған кезде екінші бір қазынаның көзі ашылады. Ол түп
негізі бір түркі тілдерінің сөз байлығы. Біз күні бұгінге дейін
бұл байлығымызды да ескермей келдік. Ендеше түркі тілдері
сөз байлығын сарқа пайдалану принципін естен шығаруға
мүлде болмайды.
3. Қазақ тілі арнайы лексикалық құрамын байыта түсуге
тиісті үшінші бір принцип, ол интернационалдық термин-
дерге байланысты мәселеден туындайды. Өрескел қателіктер
осы интертерминдер негізінде орын алып келгені мәлім.
Мүны игерудің, тілге ендірудің, қабылдаудың, біздіңше, үш
түрлі жолы бар сияқты. Ол, біріншіден, интертерминдердің
мағынасын дәл беретін балама табу; екіншіден, оларды
созбе-сөз аудару, калькалау; үшіншіден, мұның ешқайсысына
конбеген интертерминдердің түлғасын озгертпей, түрпатын
қазақ тілінің заңдылығына бағындыра қабылдау.
4. Қысқарған термин жасау принцииі. Мүнда да негізінен
оз байлығымызды сарқа пайдалана отырып, өзге терминдерді
өзіндік етіп алудың жолдары қатты қарастырылып отырылуы
керек.
5. Академик Ә. Қайдаров арнайы атап көрсетіп отырған
шарттылық принципі. Соз жоқ бүл терминжасам ісінде өзіндік
орны бар принцип. Термин негізінде белгілі бір қалыпқа түсіп,
соны қатып ұстайтын арнайы лексикалық қабатты құрайтын
болғандықтан да шарттылық болмай түрмайды.
Ал мынатөмендегі екі мәселе әлі принципретінде айқындала
қоймағанмен, назар аударуға тура келеді.
6. Терминдер, сондай-ақ жазу принциптеріне қарай
бейімделетінболғандықтан, олардыңтағдыры емле ережелеріне
де байланысты. Яғни бүдан терминдерді жазу принципі
шығады. Бұл салада да шалағайлықтарымыз жетіп жатыр.
112
7.
Бүл шараның бәрінде де мемлекет тарапынан үздіксіз
камқорлық қажет-ақ. Мүны, Әбдуөли Туғанбайүлы көрсеткен-
дей, негізгі гіринциптер қатарына қосса да қоспаса да болады
деп есептейміз.
Міне, қазақ терминологиясын тіліміздің ішкі болмысына
орай жасап қалыптастырамыз десек, осы айтылған принцип-
тер негізіненде қыруар жүмыс істеуге тура келеді. Өйткені
тіліміз әлі қалыптасу, даму кезеңін бастан өткеріп біткен жоқ.
Мүмкіндігі сарқылар да түрі жоқ, сарқылмайды да.
Осылардың
бәрін
баяндай
келгенде,
терминология
шаруашылығымызды жөнге келтіру үшін не істеу керек деген
сүрақ туындайды. Біздің ойымызша, мынадай шараларды же-
дел түрде қолға алу қажет.
1.
Терминология - ғылым мен техника тілін дамытатын
лексиканың бірден-бір күрделі қабаты. Бүған иелік жасайтын
бір мекеме болса, ол - Үлттық Ғылым академиясы болу ке-
рек. Түзілген, түзіліп жатқан, енді түзілетін терминологиялық
сөздіктер материалының ғылыми негіздерін қарастыратын
ғалымдар болмағанда кімдер болу керек. Ендеше осы игі ша-
руаны қолға алып, қадағалап отыратын Ғылым Министрлігі
- Ғылым академиясы Төралқасының жаньшан тікелей
президенттің өзі басқаратын барлық терминолог ғалымдардың
күшін бір жерге түйістіретін Ғылыми Орталық қүрған жөн.
Бүл Орталық мемлекеттік терминология комиссиясымен
тығыз байланыс жасай отырып, ең әуелі терминжасамның
ғылым принциптерін айқыңдауы тиіс. Сол негізде бүкіл
бүрынғы жарияланған сөздіктер мен оқулықтарды қайта түзіп,
ғылыми сараптан өткізіп, лек-легімен баспадан шығаруды рет-
теу керек. Сондай-ақ дау туғызып келе жатқан терминдерді топ-
тобымен іріктеп алып, оларды алдымен газет арқылы көпшілік
талқысына үсынып, сосын мемтерминком мөжілісінде үздіксіз
бекітіп отыруды дағдыға айналдыру қажет. Ал бекітілген
113
терминдерді бұдан әрі алып қашып, әрқилы қолдануға заң
жүзіңде тиым салу жайын қарастырған жөн.
2. Мемтерминком жұмысына айрықша мән берілуі тиіс.
Ғылыми Орталықты да, мемтерминкомды да қаржыландыру,
мамандарды ынталандыру жайын ойластырмаса, істе нәтиже
шамалы болмақ.
и-
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жақсылы-жаманды
жұмыс істеп, жүздеген терминдердің қолданысқа еніп
тұрақтануына себепші боп келген Мемлекеттік терминоло-
гия комиссиясының жұмысын мүлде қайтадан қарап, түбірлі
өзгерістер еңгізу қажет... «Күштілерім сөз айтса, бас изеймін
шыбындап» деген принцип негізінде жұмыс істеп келген бұл
комиссия жұмысын жандандыру жолдарын қарастыру керек-
ақ. Ол үшін, бәлкім, арнайы конференция шақырып, өз алдына
бөлек ақылға салған жөн болар және ол комиссияның мемлекет
атынан сөйлейтін құқы болуы тиіс. Ең бастысы бұл мемлекеттік
мәні бар істі мемлекет қамқорлығына алмаса болмайды.
3. Қазақ тілі терминологиясын жазу емле ережелеріне
тікелей тәуелді. Яғни термин сөздер үшін болек емле жасал-
майды, ол ортақ ережеге бағынады. Ендеше емле ережемізде
термин сөздерді жасау, қабылдау жөнінде жіберілген өрескел
қатені түзеу қажет.
4. Әу бастан-ақ қазақ тілінде терминденудің ғылыми
принциптерінің негіздері жасалған. Бірақ, әсіресе орыс және
интернационалдық терминдер жөнінде тіліміздің табиғатына
мүлде жат бағыт үстанып келгеніміз өкінішті. Бұл жөніндегі
үш түрлі құжатты еске салып өттік. Оларды үлгі ретінде
қолдануды тоқтату керек.
5. Терминжасамның жаңа үлгілерін баспасөзде жариялай
отырып, соның негізінде жыл сайын пікірсайысын өгкізіп
отыралық.
6. Терминолог кадр дайындау мәселесі мүлде жолға
қойылмаған. Соның түрлі жолдары қарастырылып, мамандар-
114
ды шетелге төжірибе алмасуға дейін жіберу жайы ойластырыл-
са, құба құп болар еді.
7.
Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері жонінде
ізденіп, радио-телехабарларын жүргізіп, екі жылда бір ғылыми
практикалық конференция өткізіп отыруды рәсімге айналдыру
қажет.
8.
Бүкіл түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жа-
сау ісімен шұғылдану кезеңі келді. Ол үшін, ең алдымен, біз
жазуымызды жөнге қоюымыз қажет. Яғни гүркі тілдерінің
көбі көше басгаған латын әліппесі жөніндегі Ә.Қайдаровтың
ұсынысы бүгінгі күн сүранысынан туындап отырғанын түсінер
уақыт жетті.
Болашағы зор тілдің қай-қайсысы да үнемі қалыптасу, даму
үстінде болады. Бір шүкіршілігі сол, қазақ тілі де өзінің осын-
дай өміршеңдігін жоғалтпай, қайта оршітіп отырған мұра.
Соңғы жеті он жылда оның қолданыс өрісі үнемі тұмшаланумен
келеді десек те, жанды организм есебінде ол тыныс-тіршілігін,
іштей өсу орісін, қозғалысын тоқтатпайды. Ягни ол әлі
қалыптасу, даму үстінде. Осы процесс барысындағы жаңа
құбылыстардан үркудің жөні жоқ. Өйткені «орыс тілі әлі
қалыптаса қойған жоқ, құдайдан тілейтінім - әлі де қалыптасу
жолы ұзара түссе екен. Себебі орыс тілінің қалыптасу жолы
неғұрлым ұзақ болса, соғүрлым келісіп, кемелдене түседі» деп
В.Г. Белинский айтқандай, қазақ тілінің де бүгінгі таңда осы
күйді басынан кешіріп отырғаны мөлім.
Мұны біз, әсіресе соңғы кездегі қоғам дамуына орай туын-
дап жатқан сансыз жаңа ұғымдар мен атаулар тасқынын беру-
ге жаратылып жатқан терминологиялық жүйеден аңғарамыз.
Мұны ғылым тілінде терминологиялық тасқын немесе жаңа
қолданыстар мен жаңа үғымдардың нақтылануы дер едік. Мына
мысалдарғазер салыңыз: бағдарлама, жарғы, қүжат, айқындама,
гүжырымдама, ұшақ, әуежай, жекешелендіру, қауымдастық,
егемендік, бірлестік, құзыр, уағдаластық, кешен, кешенді,
115
ғимарат, демеуші, ақпарат, елтаңба, жариялық, зейнетақы,
мәртебе, өтем, (компенсация), пікірсайыс (дискуссия), сый-ақы
(премия), тұғырнама (платформа), таралым (тираж), таисырыс
(заказ), шаруашылық есеп (хозрасчет), шығармашылық, шаруа
кожалығы (крест.хозя-ва) ілеспе аударма т.т.
Ана тіліміздің ғылыми өрісін айқындайтын айрықша
белгісі, онын, терминологиялық жүйесінің қаншалықты өріс
алып, қалыптасуына тікелей қатысты. Осы ретте белгілі сурет-
тер Константин Паустовскийдің мына бір пікірін қайталағың
келеді. Ол: «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына
қарап, оның мәдени деңгейіне ғана емес, сонымен бірге
азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады.
Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаб-
батсыз болуы мүмкін емес. Өз ана тіліне немқүрайдылықпен
қарайтын адам хайуанмен бірдей. Оның ана тіліне деген
немкеттілігі өз халқының өткеніне, қазіргісі мен келешегіне
деген немкеттілікпен сабақтасып жатады, сондықтан ондайлар
зиянды».
Ендеше осы немкеттіліктен арылып, ана тіліміздің абырой-
ын биіктете түсер ғылым гіліне, яғни оның терминологиялық
жүйесіне жаңаша бір көзқараспен үңіліп, байлығымызды,
қасиетпен түтынып, үрнағымызға саралап сан таза күйінде
жеткізелік!
116
ЖАҚСЫ - ТЕКШІЛ, ЖАМАН - КЕКШІЛ
«Қазақ тілі» қоғамының қазіргі жағдайы жөне
алдағы міндеттері туралы
Армысыз, ардақты халайық!
1985 жылдың сөуір желінен кейінгі қоғамдағы жариялылық
пен жаңаша бетбүрыстың тамаша табысы деп ең алдымен
санамыздың оянып, ойымыздың да, бойымыздың да серги
бастағанын айтқан болар едім.
Осынау бір рухани түлеу кезінде көптеген көкейтесті
проблемалардың ең бір маңыздысы да, мөндісі де ана тіліміздің
тағдыры екенін зиялы қауым, қалың жүрт оірден түсінді...
«Тіл тағдыры - ел тағдыры» деген үранмен ел болып, жүрт
болып тіл тағдырын ойластық, Тіл туралы Заң қабылдадық,
Қоғам қүрдық. Мемлекеттік программа жасадық...
О баста жеке бастағы идея түрінде елең беріп, одан соң маман-
дар арасында талқыланып, зиялы қауым, қалың жүртшылық
қалап, үкімет пен партиядан қолдау тауып, дүниеге кел-
ген «Қазақ тілі» қоғамы бүтінде шеру тартып, бет-бағдарын
анықтап алған үлкен салтанатты көшке, қозғаушы күшке ай-
налып отыр.
Ол апта сайын, ай сайын түзеліп, өспеттеніп, өсемдене
түсуде. Бірақ осы қияға тартып бара жатқан көш шеруінің ал-
дында небір бел-белестер, қиын асулар бар екенін біз жақсы
білеміз.
Қоғамның қүрылғанына (22 қазан, 1989) Қүрылтайдан есеп-
тегенде 9 ай, үкіметтің пөтиқасын алып (12 ақпан, 1990) ресми
тіркелуден есептегенде 5 айдай болып отыр.
Бүгінгі мақсат: қоғам көшінің көтерілген белесінен оның
басып өткен жолын, алдағы асуларын бағдарлау. Қол жеткен
табысымызды артық айтпай, өділ бағалау, кемшілігіміз болса,
жасырмай ашық айту.
117
Ал тіл туралы, Қоғам туралы бүгінп алқалы кеңесте,
қоғамның алғашқы пленумында айтылагын, ақылдасатын,
шешетін мәселелер көп-ақ.
Осыншама коп проблеманы бірнеше гопқа бөліп, онын қадау-
қадау мәселелеріне ғана, ұрымтал тұсгарына ғана тоқталғымыз
келеді.
г
ч
Достарыңызбен бөлісу: |