Тілдегі мағыналары бір -біріне қарама -қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ. Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді



бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі22,56 Kb.
#34867
1   2
Байланысты:
Антонимдердің жасалу жолдары мен түрлері омонимдер мен көпмағыналы сөздер

Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.


Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат – жұмыс көлігі;

  2. Ат – есім, атау;

  3. Ат – етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:

  1. қас – адамның қабағындағы қас;

  2. қас – дұшпан, жау;

  3. қас – бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

  4. қас – ердің қасы

Бұлар да – бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
Жасалу жолдары
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:[1]

  • 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;

  • 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.

  • 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;

  • 4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді

Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия (грек homonymiа – аттас атаулар) – тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.

  1. Жүз – жүз (сан есім).

  2. Жүз — өң, бет, әлпет (зат есім).

  3. Жүз – суда жүз (етістік).

Полисемия мен омонимдерді бір – бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір – бірінен ажырату мәселесі тіл білімінде өте–мөте күрделі мәселеле болып табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының қатарында қарастырылғанда, сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы пайда болған.2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған.3)Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады.4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады.Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым — қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жағдайда болуы мүмкін.Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы ықтымал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Метафора, сыртқы не ішкі белгілеріндегі(тұлғасындағы ,қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап,бір зат атаулының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет