Дауысты дыбыстар тарихы
Ғылымда «Орхон-Енисей» ескерткіштері дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілінде негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолдануында едәуір өзгерістер болғанын көреміз.
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а, е, ы, і, о, у, ө, ү. Бұлардан басқа Енисей ескерткіштерінде бірен-саран жабық қысаң дыбысталатын е дыбысы қолданылған деп есептейді Дания ғалымы В.Томсен.
8 дауысты дыбыс мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар: а, е, қысаң дауыстылар: ы, і, у, ү, жартылай ашық дауыстылар: о, ө.
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы. Жіңішке дауыстылар: е, ө, ү, і, ерін қатысына қарай езу дауыстылар: а, е, ы, і, ерін дауыстылары: о, ө, у, ү сияқты топтарға жіктелген.
Достарыңызбен бөлісу: |