Тілді функционалдық ТҰРҒыда зерттеудің Қазіргі ұстанымдары


функционалды-коммуникативтік өріс



бет3/3
Дата15.04.2023
өлшемі85,25 Kb.
#82748
1   2   3
функционалды-коммуникативтік өріс тұрғысынан қарастырсақ 146, 81-89, тіл зерттеуінің негізгі мақсаты орындалмақ.
Е.И.Шендельс пен Е.В.Гулыга бастап зерттеген алты категория неміс тілі бойынша жасалған алғашқы қадамдар ретінде пайымдалады 126. Функционалды грамматиканың осы ғалымдар, проф А.П.Комаров және А.В.Бондарко дамытқан теориясына негізделіп, неміс тілінің семантикалық категориялары зерттеле бастады. Бұл ғалымдар зерделеген функционалды грамматика теориясының «грамматика-лексикалық өрістер», «реляциялық өрістер», «функционалды-семантикалық өрістер» деп түрліше аталғанына қарамастан, түп негізі бірдей. Функционалды грамматиканың Петербург мектебі дамытып келген үлгісі бойынша орыс тілінің негізгі категориялары біршама терең де жүйелі түрде зерттелген болса, осы аймақта және біздің өңірде зерттелген неміс тілі категорияларының ауқымы шағын. Н.В. Коростелева неміс тілінің тәуелдік есімдігі негізінде тәуелділіктің лексика-грамматикалық өрісін 147, В.С.Рябенко талап-тілек семантикасын білдіретін тілдік бірліктердің функционалды-семантикалық өрісін 148, В.М.Кулгавая айқын ете көптіктің неміс тілінде берілу жүйесін 149, Л.П.Кургут шарттылық-салдарлықтың функционалды категориясын 150, Озеров неміс тіліндегі пассив өрісін 151, Қ.Т.Рсалдинов неміс тіліндегі белгінің интенсивтілік категориясын 152, Б.Ж.Қуанбаева неміс тілінің сандық категориясын 153, Ю.В.Никишенкова неміс тілінің шамалау семантикасының тілдік көрінісін 154, В.А.Михайлова эвиденциалдық семантикасының неміс тілінің қалау райы шеңберіндегі сипатын 155, В.П.Шадеко неміс тіліндегі диминутивтік және аугментативтіктің тілдік көрінісін [156] функционалды грамматика өресінде зерттеген. А.Шарипов неміс тілінің сапа белгісінің функционалды-семантикалық өрісін зерделеді [157].
Осы келтірілген зерттеулер неміс тілінің функционалды грамматикасының қаншалықты өріс алғанын көрсете отырып, оның алғашқы жасалған қадамдар екенін айғақтайды. Профессор А.В.Бондарко бастаған орыс ғалымдарының зерттеулеріндей функционалды зерттеу неміс тілі ауқымында бір жүйеге түсе алған жоқ. Әр зерттеуші өз қалауынша белгілі бір семантикалық категорияны біреуі Е.И.Шендельс пен Е.В.Гулыга үлгісінде, екіншісі А.В.Бондарконың функционалды грамматикасының үлгісінде зерттеген. Олардың барлығына ортақ жері – жалпытілдік семантикалық категория негізінде түрлі деңгейлер бірліктерінің өзара қарым-қатынасында зерттеу ұстанымы.
Қазақ тілін функционалды-семантикалық тұрғыдан зерттеу жоғарыда айтқанымыздай белгілі ғалым М.М.Копыленко мен профессор З.Қ.Ахметжанова еңбектерінен бастау алады. Қазақ тілінің сандық, тәуелділік, аспектілік, компаративтік категорияларын аталған ғалымдар орыс тілімен салғастыра отырып, осы теория негізінде зерделеді. Профессор М.М.Копыленко сандық категориясын алдымен орыс және қазақ тілдерінде жеке-жеке зерттеп, сипаттып алып, оның екі тілдегі жалпытілдік тұлғасын салғастыруды мақсат еткен. Осы тұрғыдағы зерттеуге үлгі боларлық жері – автордың сандық ұғымдық категориясын өз ішіндегі семантикалық жіктелуін, саралануын аса бір ыждағаттықпен зерделеуі. Профессор З.Қ.Ахметжанова қазақ тілінің тәуелділік, аспектілік, компаративтік категорияларын функционалды-семантикалық өріс дәрежесінде қазақ тіл білімінде бірінші болып зерттеп, олардың дәстүрлі грамматикадағы тұлғасының көзден таса қалған жаңа қырларын ашып сипаттады [129]. Функционалдық бағытта профессор С.С.Құнанбаева қазақ тіліндегі темпоралдық категорияның көркем әдеби мәтіндегі сипатын ғылыми тұрғыдан негіздеді [158]. Қазақ тілінінің болжалдық категориясын басқа түрік тілдерімен салғастыра отырып, оның тілдік категория ретіндегі функционалды-семантикалық тұлғасын Г.А.Медетова зерттеді [163]. Бұйрық рай категориясының функционалды семантикалық қырларын Л.С.Дүйсембекова талдады [160]. Қазақ тілінің мүмкінділік модалдылық категориясын функционалды-семантикалық өріс тұлғасында С.Құлманов зерттеді [161]. А.М.Ерімбетова ұқсастық пен қарама-қарсылықтың тілдік сипатының екі тілде салғастыра негіздеді [132]. Г.К.Шайрахметова дәстүрлі грамматикада жеке категория ретінде қарастырылмаған таксис категориясын неміс тілімен салғастыра зерттеді [162]. Отандасымыз М.Б.Нұртазина таксис семантикасының функционалды-коммуникативтік сипаттамасын жасап, оның сөйлеу әрекетіндегі маңызды қырларын зерделеді [163]. Бұл жұмыстар таксис категориясын қазақ тілінде тереңірек зерттелуіне ықпал етті.
Қазақ тілінің барлық категорияларын функционалды грамматика теориясы негізінде зерттеу қазіргі қазақ тіл білімінің ең бір өзекті мәселесі болып, күн тәртібінде тұр. Қазіргі тіл білімінің даму үдерісінде негізінен тілдің танымдық қызметін тереңінен зерделеп, дүние-болмыстың тілдік бейнесін, оның ұлттық табиғатын ашуға ден қоя отырып, тілдің коммуникативтік-прагматикалық қызметін сонымен астастыра зерттеу өзекті болып отыр. Сондықтан да функционалды грамматиканың басты мақсаты ретінде қай тілде болмасын, алдымен оның негізгі тілдік категорияларын функционалды-коммуникативтік өрістер тұлғасында жеке-жеке сипаттап алып, барлық тілдік категорияларды мейлінше толық бір жүйеге топтастыра, бірімен бірінің ара қатынасын айқындай отырып зерттегенде ғана тіл табиғаты толық ашылмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет