Тілдің шығуы және пайда болуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыдан өзіне аударып келген. Олар бұл мәселе туралы түрлі түрлі пікірлер мен жорамалдар жасады



Дата31.12.2021
өлшемі16,09 Kb.
#21464
Байланысты:
3бөжкейс.лингвистика


  1. Тілдің шығуы және пайда болуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыдан өзіне аударып келген . Олар бұл мәселе туралы түрлі - түрлі пікірлер мен жорамалдар жасады . Сондай жорамалдардың бірі – дыбысқа еліктеу теориясы . Бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады . Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды . Мұның өкілі — неміс философы Г.Лейбниц. Аталған теория тілдің шығуын былайша түсіндіреді : Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын , құстың сайрауын , судың сылдырын , желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған . Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып , олар заттардың атауына айналды , дейді. Тілдің шығуы туралы екінші теория — эмоциональдық теория . Бұл теория 18-19 ғасырларда кең тараған . Оның жақтаушысы – Ж.Ж.Руссо. Ол " бір нәрсеге құштарлық алғашқы сөздерді шығарды " , - деп жазды . Ж.Ж.Руссоның " эмоциональдық теориясы " одағай теориясына келіп ұласты . Одағай теориясы бойынша , алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар арқылы , яғни одағайлар арқылы білдірген . Сол эмоцияны білдіретін әр түрлі еріксіз шығарылған дыбыстар әлгі заттардың атауларына айналып , осыдан келіп тіл пайда болған. Тілдің шығуы туралы теориялардың тағы бірі — қоғамдық шарттасу теориясы . Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып шарттасып жасаған . Осыдан келіп тіл пайда болған дейді . Тіл туралы келісу , шарттасу үшін , ол адамдардың бұрыннан тілі болуы керек қой . Олай болса , бұл теория ешбір дәлелсіз . Тілдің шығуы туралы бесінші теория – еңбек айқайы теориясы деп аталады ( Мәселен , ауыр нәрсені көтергенде " ауп " дейміз ) . Ол 19 ғ - да шықты . Оны жасаушы — Людвиг Нуаре деген философ . Аталған теория бойынша , тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған . Бұл теория да қате . Өйткені , тіл – қатынас құралы ретінде ғана жасалады.



  1. Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады . Олар : " Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды " , - дейді.
    Ұжымда бірлесе еңбек ету әрекеті өзара қатынас жасасу қажеттілігін тудырды . Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады , тіл мен ой пайда болады . Тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамдар ұжымынан бөліп қарауға болмайды . Тіл еңбекпен бірге ұжымда туды . Тілдің пайда болуы ойлаудың пайда болуымен , тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланыста болады .


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет