Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары 2 Тілдік пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшем шарттары



Дата25.03.2022
өлшемі13,87 Kb.
#28730

Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары 8.2 Тілдік пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшем шарттары

Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз. Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың әртүрлі формада (ауызша сауалнама, жазба жұмысы, тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, жоба, тест және т. б.) жүзеге асырылады және жиынтық бағалау өткізгенге дейін мұғалім мен білім алушыға оқу процесін түзетуге, ықтимал болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Тоқсан бойы жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалауда жұмысты ұйымдастырудың білім алушыға оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарына жету үшін көмек беруге мүмкіндік беретін жеке, жұптық және топтық формалары пайдаланылады.

Қалыптастырушы бағалауда білім алушылар пәндер бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарына жетеді.

Кері байланыс – бұл оқу қызметі, студенттердің жетістіктеріне және оқытылуына бірталай әсер ететін, сонымен қатар бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Айтарлықтай, кері байланыс оқушылардың бағалауына үлкен әсер етеді және қуаныш сезімін қозғайды.

Әдеттегідей, тиімді кері байланыс:

- Оқушыларға керекті мәліметтерді пайдалану қабілеттілігін жақсарту, болашақта дәл осындай жұмыста немесе жағдайда өзін-өзі бағалауды өткізе алуға мүмкіндік береді;

- Оқушылардың өзінің жасалған жұмысын жақсарту және де басқаша тәсілмен жұмыс жасау;

- Жұмыста кеткен қателерді түзету;

Кері байланыс қалыптастырғанда, мұғалімнен оқушының жұмысына мақтанышты, яғни сапалы түсініктемелердің жазылуы маңызды. Көбінесе, оқытудың сапасы кері байланыстың сапасымен тепе-тең болып келеді, себебі мұғалімдер оқыту процесін қаншалықты сапалы жүргізсе, соншалықты кері байланыс та болады. Кері байланыс оқыту процесін жақсартуға және қателердің қайталануын болдырмауға көмектеседі. Оқушылардың көбісі кері байланысты қажет етеді және де мұғалімдер олардың ой-пікірімен келіспеушіліктің пайда болуы дұрыс болып табылады, себебі ол оқушының оқытуды жалғастыруға деген қабілеттілігін көрсетеді.



Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі болып табылады. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Мұнда оқушылар сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және белсенді түрде бағалауға қатысуы керек.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет