Тілеубай С. Ш. Ақпаратты қорғау


Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі



бет5/16
Дата19.09.2023
өлшемі6,55 Mb.
#108609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ақпаратты қорғау Оқу құралы (1)

Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді (1.1 – сурет).
Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:
А) «Ұстаушы вирустар» - программалық құралдар кешендегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзеті кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зиянды әрекеттері бар вирус.
Ә) «Логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін «бомбалар») – қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады.
Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн – ай мерзімінде немесе уақытта программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі






  1. «Құрттар» - жүйелік программалаушылардың информациялық – есептеу бос тұрғын ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр енгізіп қояды немесе қажетті мәліметтерді баспаға шығарады және т.с.с.

  2. «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды «басқа жаққа» жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:

  1. «Бейсаут» (гуманды) – онша қатты зиян тигізбейтін вирустар.

  2. «Шантаж жасаушы» - мысалы, белгілі төлемақы вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».

  3. «Насихатшы» - «өзін көрсету» мақсатында жасалған.

  4. «Мағынасыз» - атынан – ақ әсері түсінікті.

Бізде кең тараған антивирустік программалардың авторы Д. Лозинскийдің ұсынысы бойынша вирустардың көлеміне қарай жеті топқа жетуге болатыны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет