Тілім менің тірлігімнің айғағы Туған тілім тірлігімнің айғағы



Дата16.09.2023
өлшемі15,82 Kb.
#108032
Байланысты:
Тілім менің - тірлігімнің айғағы


Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,


Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін!
Әбілдә Тәжібаев
Иә, қай елде, қай жерде болмасын тілден қастерлі, тілден құдіретті дүние жоқ. Тіл – ынтымақ, береке-бірліктің бастауы. Ананың ақ сүтімен дарыған туған тіліміз арқылы тамыры терең тарихымызды танып білеміз, өткеніміз бен өшкенімізді жаңғыртып, болашақты бағдарлаймыз. Жарық дүние есігін ашып, былдырлай бастағанда алғашқы сөзіміз «ана» деп шығады. Ұлттық болмысымыз бен ұлттық құндылығымызды, қайсар рухымызды осы ана тіліміз арқылы көрсетеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырға қонып, егеменді еліміздің іргесі бекіп, көк туымыз көкте шалқыған шақта тіліміз мемлекеттік статус алып, Ата Заңымызбен бекітілді. Ел мен тіл егіз ұғым. Бұл сөзімізге тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы айқын дәлел бола алады. «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында Елбасы қазақ тілі туралы кең көлемдегі ойын еліне, жеріне жеткізіп айтты. Ел мен тіл – егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жаткан мәңгі өлмейтін қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік Елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Біздің мәңгілік, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен құжаттары да мемлекеттік тілде болуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені өркениетті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек – деді. Бүгінде Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясы мұқым ел мен бүтін ұрпақты бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналды.
Қазақ тілі – еліміздің айнасы халқымыздың жүрегі. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Қазақ халқында «ауруын жасырған өледі» деген мағынасы терең нақыл сөз бар. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанға дейін өз тіліміз өз жерінде өгейлік көргенін жасыра алмаймыз. Азаттықтың ақ таңы атқанына 30 жылдан аса уақыт өтсе де тілімізді шұбарлап сөйлеушілердің қатары кемімей, көбейіп келеді. Елім деп соққан жүрегі бар еңселі азаматтан еңбектеген кәріге дейін тіліміздің шұрайын мен шырайын кіргізіп, саф алтындай тазалығын сақтауы тиіс. Тілге, халыққа қызмет ету мемлекетіміздегі әр азаматтың ар алдындағы борышы. Мен білім ошағында ұстаздық қызмет атқарамын. Ұстаз болашақты тәрбиелеуші қоғамның қозғаушы күші, барлық мамандық атаулының анасы десем артық айтқандық емес. Шәкірттерімнің тіл тазалығын сақтап сөйлеуіне қатты мән беремін. Өйткені бүгін алдымызда отырған оқушы, ертең ел тізгінін ұстайтын азаматтар мен қазақтың ұрпағын көбейтетін болашақ аналар. Ұлттық құндылығымызды ұлықтайтын, ұмытпайтын ұрпақты тәрбиелеу ұстаздардың еншісінде. Алаштың көсемі, азаматтың көркемі Алихан Бөкейханұлы «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дейді. Халықтың рухани дамып, кемелденуіне, күретамырына қан жүгіртуге өршіл рухты мінез бен намыс қажет. Олай болса бастысқа еліктеп, әлеуметтік желіге желімше жабысқан жастардың есіне ата-баба аманатын арқалаған, береке-бірлігі тарқамаған, жерінің шұрайы кеппеген, тілінің шырайы кетпеген, жетім-жесірін жылатпаған, байлық тұрақтаған, дұшпаны рухын көріп жырақтаған қырандай тегеурінді, текті, өр халықтың ұрпағы екенін әр кез салып отырайық!
Ордалы ой мен орамды сөзімнің түйінін ақын Қадыр Мырза Әлінің бүгінде ұранға айналып үлгерген мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет