Желмен таралатын өсімдіктердің тұқымы жеңіл, тұқым қабықшасының сыртында әр түрлі өсінділер: қанатша, үлпек, т.б. болады. Үлпектер гүл тостағаншасының өзгеруінен, қанатша жеміссерігінен түзіледі. Мысалы, бақбақ, мақта, көктерек, терек. Үйеңкі, шаған, қайың, қарағай жемістері мен тұқымдарында жұқа қанатшалар болады.
Көптеген өсімдіктердің тұқымдары өздігінен таралады.
Олардың жемісі қақырап, тұқымдары алысқа шашылуға бейім болады. Мысалы, құтырған қиярдың жемісі піскен кезде тұқымдары сірнелі сұйықтықпен сыртқа атылып, алысқа шашылады. Ал каштанның тұқымы аналық өсімдіктен алысқа кетпей, сол маңайға үзіліп түседі.