Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Летальды гендер, ағзаны өлімге душар ететін гендер.
Сублетальды гендер – ағзаның көбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің төмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер.
Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендерДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік жүйелер болады. Ол учаскелерде
нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған көшірмелері кездеседі. Бұл көшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бөлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі
оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке)
полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз өнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.