ICILS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ICILS (Intemational Computer and information Literacy Study) зерттеуінің мақсаты – оқушылардың IT құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT құзыреттерін қалыптастырудың мектептегі білімге және балалардың IT дағдыларының дамуына әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
ICILS Компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуіоқушылардың IT-құзыреттерін бағалау мүмкіндігін ұсынатын бірегей жоба болып табылады. Бұл зерттеуді 2013 жылдан бастап әрбір 5 жыл сайын IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) - оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастық жүзеге асырады (www.iea.nl).
Зерттеудің мақсаты – 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық (КАС) деңгейін бағалау. Зерттеу «Оқушылардың IT-құзыреттерінің қалыптасуына мектепте оқу қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?» деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
ICILS халықаралық тексеруі 8-сынып оқушыларының IT-құзыреттерін басқа елдердегі құрдастарымен салыстыра отырып объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Алғашқы ICILS-2013 тесті 21 елден қатысқан 60 мың оқушының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының деңгейін бағалады. Бұл зерттеукөптеген елдерге АКТ-білім беру саясатын қайта қарау қажеттілігін көрсетті. Барлық қатысушылардың 2 %-ы ғана компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың орташа деңгейін көрсетті.