Timss халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының Үлгілері



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата20.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#69526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
timss

 
Элемент 
 
 
Атомдардың саны 
Сутегі 
Күкірт 
Оттегі 
7-
тапсырма. 
Бейметалдардың көбіне келесі қасиеттердің қайсысы тән? 
А. Электр тогын нашар өткізуі 
В. Бөлме температурасындағы қатты күйі
С. Жоғары қайнау нүктесі 
D
. Сым болып созылу қасиеті 


8-
тапсырма. 
Төменде көрсетілген суретте сутегі атомдары ақ дөңгелектермен 
көрсетілген, ал оттегі атомдары қара дөңгелектермен көрсетілген. 
Суреттердің қайсысы судың құрылысын жақсырақ көрсетеді? 
9-
тапсырма

Сіз бақылаған химиялық реакция кезіндегі энергия бөлінуінің бір 
процессін жазыңыз. 
10-
тапсырма. 
Бауыржан температураның қанттың судағы еруіне әсерін зерттеу 
үшін 1 литр суда қантты әр түрлі температурада еріту арқылы 
эксперимент жасады. Содан соң ол өзінің қорытындыларын графикке 
түсірді. 
Төмендегі графиктің қайсысы Бауыржанның қорытындыларын 
дұрыс көрсетеді? 


ГЕОГРАФИЯ 
1-
тапсырма. 
Күн жүйесіндегі ғаламшар мен серіктердің арасындағы ең басты 
айырмашылық қандай? 
А. Барлық ғаламшарда тіршілік бар, серіктерде жоқ 
В. Барлық ғаламшарда атмосфералық ауа бар, серіктерде жоқ. 
С. Барлық ғаламшарлар Күннің орбитасында айналады, ал 
серіктері ғаламшарлар орбитасымен айналады. 
D
. Барлық ғаламшарлар барлық серіктерге қарағанда үлкенірек. 
2-
тапсырма. 
Жоғарыдағы суретте басыңқы желдің бағыты, жауын-шашынның 
түсуі және таудың екі жағындағы әр түрлі атмосферадағы ауаның 
орташа температурасы көрсетілген. Қай позицияда джунглиді көре 
аламыз? 
А. 1 позиция 
В. 2 позиция 


С. 3 позиция 
D
. 4 позиция 
3-
тапсырма. 
Суретте қазба қалдықтары бар жартастың геологиялық қабаттары 
көрсетілген. F қабаты ең үстіңгі, ал А қабаты ең төменгі. 
Қазба 
қалдықтарының 
жасы 
туралы 
пайымдаулардың 
қайсысының дұрыс болу ықтималдығы жоғары? 
А. А қабатындағы қазба қалдықтарының жасы ең үлкен, өйткені 
олар ең төменгі қабатта жатыр. 
В. С қабатындағы қазба қалдықтарының жасы ең кіші, өйткені олар 
тіршілік етіп жатқан ағзаларға ұқсас. 
С. D қабатындағы қазба қалдықтарының жасы A қабатындағы 
қазба қалдықтарының жасына қарағанда үлкен, өйткені D қабатындағы 
қалдықтар ірілеу. 
D. 
Е қабатындағы қазба қалдықтары мен F қабатындағы қазба 
қалдықтарының жасы бірдей, өйткені олар бірдей болып көрінеді. 


4-
тапсырма. 
Кейбір жанараулық тау жыныстарында тесіктер көп болады. 
Бұл тесіктер қалай пайда болды? 
А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оны жәндіктер қазып 
тастаған. 
В. Тау жынысы суып жатқан кезде, онда газ көпіршіктері болған. 
С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары 
тамған. 
D
. Тау жынысы суып жатқан кезде, одан кішкентай тастар түсіп 
қалған. 
5-
тапсырма. 
Екі материктің арасы сумен бөлінген. 
Геологтар осы екі материктің бір кездері бірігіп жатқанына 
дәлелдер іздеуде. 
Қазба қалдықтарына байланысты қандай фактілер осы болжамды 
дәлелдейді? 
6-
тапсырма. 
Суретте сатылау әдісімен өңделген беткейдегі алқап бейнеленген.


Ауыл шаруашылығында суретте көрсетілген әдісті қолданудың бір 
артықшылығын жазыңыз. 
7-
тапсырма. 
Сөнбеген жанартаулар көбінесе қайда кездесуі мүмкін? 
А. Өзендер пайда болатын жерлерде. 
В. Тектоникалық плиталардың соқтығысқан жерінде. 
С. Мұхиттардың терең жерлерінде. 
D
. Жер мен судың түйіскен жерінде. 
8-
тапсырма. 
Төмендегілердің қайсысы судың көтерілуі мен қайтуына себепші? 
А. Күннің әсерінен мұхиттардың жылынуы 
В. Айдың гравитациялық өрісі 
С. Мұхит асты жер сілкіністері 
D
. Жел бағытының өзгеруі 


9-
тапсырма. 
Жоғарыда суретте Жолбарыс аралының топографиялық картасы 
көрсетілген. Картадағы сызықтар – бір қыраттың басын біріктіретін 
контур сызықтары болып табылады. Ұсынылған қыраттар метрмен 
берілген. 
А. Х нүктесінде қандай географиялық қасиет табылған? 
_______________________________________ 
В. Өзен бастауы мен олардың қалай ағатынын еске түсіріңіз. Ал 
енді Х нүктесі мен Куб айлағы арасындағы өзен ағысының бағытын 
сызыңыз. Картадағы өзен ағысының бағытын нұсқау үшін бағдаршаны 
қолданыңыз. 
10-
тапсырма. 
Әлемде табиғат қорларын бірлесіп қолданатын 6 миллиард адам 
бар. Төменде берілген кестеде екі ойдан шығарылған мемлекеттер 
жайлы мәліметтер берілген (1 және 2). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет