10-есеп . Теңбүйірлі үшбұрыш.
Теңбүйірлі
үшбұрыштың
табанындағы
сыртқы
бұрыштарының
қосындысының мәні 318°.
1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы
мүмкін бе?
Жауабы: _______ .
22
2-сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең?
Жауабы: ________ .
11-есеп . Үшбұрыштың бұрыштары
АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен
сыбайлас бұрыш – 163°.
1-сұрақ . ВАС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ . АВС бұрышының шамасы қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ . Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық
өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ . Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық
өлшемі қанша?
Жауабы: ______ .
12-есеп . Фигураның ауданы
17-суретте фигура берілген.
17-сурет
1-сұрақ . Егер кіші дөңгелектің радиусы 2 см, үлкен дөңгелектің ауданы
кішісінен 5π-ге артық, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы 40см және ені
ұзындығынан 8 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ . Егер кіші дөңгелектің ауданы π см
2
, үлкен дөңгелектің радиусы
кішісінің радиусынан 3-ке артық, ал тіктөртбұрыштың ені 55см және ұзындығы
енінен 5 см-ге артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
13-есеп . Фигураның ауданы
18-суретте фигура берілген.
18-сурет
23
1-сұрақ . Егер дөңгелектің радиусы 2,5 см, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы
дөңгелектің радиусынан 0,5см және ені ұзындығынан 0,7 см-ге кем болса, онда
боялған фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ . Егер тіктөртбұрыштың ені 1,4см, ұзындығы енінен 3,8 см-ге
артық, ал дөңгелектің радиусы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 0,8 есе артық
болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .