Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 8-сынып


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата03.12.2022
өлшемі4,16 Mb.
#54555
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
sbornik timss 8 kaz final

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 

 
91
ҚБ8_37
 
Қазіргі керіктер алғаш пайда болғанда қысқа мойынды болған. Бүгінгі күні керіктердің 
мойны ұзын. 
Осыған байланысты мына түсіндірмелердің қайсысы дұрыс? 

Ерте заманда керіктер ағаштың төмен орналасқан жапырақтарына ғана
жете алатын. Ол жапырақтар біткенде, керіктер жоғары орналасқан
жапырақтарға жету үшін, мойындарын созған. Ол керіктер төлінің мойындары 
ұзын болған.

Қорек көп болғандықтан жас керіктер тез өсіп, олардың мойындары ұзын
болған. Ол керіктер төлінің мойындары ұзын болған. 

Ғасырлар бойы керіктерді қолда ұстап өсірген, олардың тек ұзын
мойындылары ғана көбейтілген. Содан соң олардың төлдерін еркіндікке 
жіберген.

Көп уақыт бұрын керіктер популяциясында кейбір мойыны ұзын керіктер 
болған. Бұл керіктер биік орналасқан жапырақтармен қоректене алғандықтан 
тірі қалып, одан әрі көбейген. Ол керіктердің де төлінің мойындары ұзын 
болған. 
ҚБ8_38
 
Бүркіт секілді қанатты жыртқыштар өсімдіксіз қоршаған 
ортада өмір сүре алмайды. Неге олай екендігін түсіндіріңіз.
_____________________________________ 
ҚБ8_36
 
Вакцина егу тұмау секілді аурулардың алдын қалай алады? 
A вакцина егу қоректі заттардың сіңуін жақсартады

вакцина егу қан айналымын жақсартады 

вакцина егу антиденелердің бөлінуін арттырады 
D вакцина егу дәрілердің әсерін күшейтеді 


92

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
ҚБ8_40
 
Құстар суықта қауырсындарын үрпитеді. Мұндай әрекет құстарға қалай көмектеседі? 
A бұл жылудың бөлінуін арттырады 

бұл теріні құрғаудан сақтайды 

бұл жылудың жоғалуын азайтады 
D бұл қауырсындарды зақымдалудан сақтайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет