Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Үшінші тарау
нып, қорының үштен екісі және АҚШ-тың үшінші 
президенті Томас Джефферсоннан мұраға қалған 
кітаптардың басым бөлігі жанып кетеді. 
Бүгінгі күні Томас Джефферсонның бастапқы 
кітапханасынан қалған әдебиеттер жеке залда 
сақтаулы. Олар шеңбер бойымен пластик әйнектің 
ішінде орналасқан. Жанып кеткен кітаптардың 
біразын сол кезде сатып алып, орындарын толты-
рып қойған. Олар арнайы белгімен белгіленген. 
Ал қайта қалпына келтіре алмаған кітаптардың 
орнына солардың атауларын жазып, муляждар 
қойып қойыпты. Америкалықтардың өз тарихын 
қалай құрметтейтінін осыдан-ақ көруге болады. 
Джефферсонның кітапханасында бірқатар тілдегі 
әдебиеттер бар. Маған осындай кітапхананы өз 
көзіммен көргенім өте үлкен әсер берді. Біздің дала-
мызда да талай кітапханалар болғанын білеміз. Тарих-
та өткен ғұламаларымыздың қаншама кітаптарының 
сұрапыл жылдары із-түссіз жоғалғаны не құрдымға 
кеткені бір Құдайға ғана аян.
Мұхиттың ар жағындағы елдегі тағы бір ұнаған 
дәстүр – ол сондағы әрбір президенттің жеке кітап-
ханасын ашып, келешек ұрпаққа мұра ретінде қал-
дырып кетуі. Бұл дәстүр жиырмасыншы ғасырдың 
бірінші жартысында қалыптасқан. Бүгінде АҚШ-тың 
бірнеше қаласында президенттері негізін қалап кет-
кен сондай он үш кітапхана бар екен. 2016 жылы екін-
ші президенттік мерзімі аяқталған Барак Обаманың 
кітапханасының негізі енді қаланады. Дәстүр бойын-
ша әрбір президент өзінің туған штатында, нақтырақ 
айтқанда, саяси жолы өткен және президенттікке 
сайлауға түскен штатта кітапханасын салып кетеді.


Ой салатын әңгімелер
[ 85 ]
Ғаламтордағы ақпаратқа сенетін болсақ, бұл 
дәстүр 1939 жылы қалыптасқан екен. Сол кезде прези-
дент болған Франклин Рузвельт еліне жеке мұрағаты 
мен құжаттарын табыстап, оларды сақтау үшін өзінің 
жерін пайдалануға беріпті. Асылы, бұл өте жақсы 
дәстүр.
ӘДЕБи ТІЛДЕРДІҢ ҒАСЫРЫ ЕМЕС
Осы кітапты жазу барысында Юваль Ной Хараридің 
2011 жылы шыққан (ағылшынша алғаш 2014 жылы
жарық көрді) 
Sapiens:
A Brief History of Humankind 
еңбегін оқып жүрдім. Израиль тарихшысы кітабында 
адамзаттың тарихына терең талдау жасап, оны жеңіл 
әрі қызықты тілмен бейнелей отырып, көптеген тың 
қорытындыларға келеді. Солардың бірімен танысу 
өзімде жаңа ойдың туындауына жол ашты.
Біз мектеп бағдарламасында неандертальдар 
туралы оқыған болатынбыз және олардың тарих 
сахнасынан он мыңдаған жылдар бұрын жойы-
лып кеткенін білеміз. Ғалымдар әлі күнге дейін 
олардың жойылуының нақты себебін анықтай 
алмай келеді. Кезінде адамдардың кемінде алты 
түрі болғандығы белгілі. Бірақ бүгінгі күні тек 
жалғыз «гомо сапиенстің», яғни сіз бен біздің ғана 
дәуреніміз жүріп жатыр. 
Бала кезімде бір деректі фильмді қарадым. Сол 
жерде біздің арғы бабаларымыздың ауыз қуысы жа-
ңа дыбыстарды шығаруға икемделіп, неандерталь-
дар бұған ілесе алмай, ақпарат жинап, оны таратудан 
жеңілгендіктен, ақыр соңында жойылып кеткені ту-


[ 86 ]
Үшінші тарау
ралы айтылған болатын. Әрине, осы мәселеге қатыс-
ты көптеген гипотезалар айтылуда.
Харари: «Гомо сапиенс» бірегей құралы – тілдің 
арқасында әлемді бағындыра алды», – деп жаза-
ды. Оның айтуы бойынша, жетпіс мың жыл бұрын 
біздің арғы бабаларымыздың санасында когнитивтік 
төңкеріс орын алған. Яғни, олар жаңаша ойлап, бір-
бірімен басқаша тілдесе бастайды. Сөздерді қолдана 
бастап, сөздік қоры барған сайын молайып, оларды 
сан алуан жолмен қиыстыру мүмкіндігіне ие бол-
ды. Бұл «гомо сапиенстердің» адамдардың басқа 
түрлерінің алдындағы ең негізгі басымдығы еді. 
Мәселен, басқалары қауіп төнгенін сездіргісі келсе, 
«Қауіп! Арыстан!» дей алса, «гомо сапиенс» өкілдері 
таңертең өзеннің иреңі маңында бизондарды қуалап 
бара жатқан арыстанға қалай кезіккенін толық су-
реттеп бере алатын болған. Яғни, адам арыстанды 
нақты қайда, қай кезде көргенін жеткізіп, ол жерді 
қалай айналып өтуге болатынын сипаттай алған. Бұл 
ақпаратты естіген басқа адамдар ендігі қимылдары 
қандай болатынын талқылап, арыстаннан аулақ жүру 
керек пе, әлде оны қуып жіберіп, бизондарды өздері 
аулау қажет пе, міне, осыларды бір-бірімен ақылдаса 
алатын дәрежеде болды.
Ақпаратты тарататын тіл қалыптасты дейтін ги-
потезаны толықтыратын келесі бір гипотеза бар. Ол 
бойынша, адамның тілі оның өсекке құмарлығынан 
қалыптасқан екен. «Гомо сапиенс» қоғамдық «жануар» 
болғандықтан, оған тайпа ішінде оны кім жек көреді, 
кім кіммен жыныстық қатынасқа түсіп жүр, кімге се-
нуге болады және т.б. туралы ақпарат маңызды болды. 
Осының арқасында «сапиенстер» үлкенірек топтарға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет