Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Бесінші тарау
әрбір заттың толық сипаттамасы, сезімдердің әрбір 
реңкі мен жартылай тондарын қамтыған лепірмелі 
көркем тілді қазір кездестірмейсің. 
Мен кітапты 2015 жылдың 27 тамызында оқи бас-
тадым. Бір жылға жуық уақыт бойы мен Будденброк 
әулетінің төрт ұрпағының өмірін басымнан кешірдім, 
бірақ мен асықпадым, кейде керісінше уақыт созып, 
әсіресе қонақтарды қабылдаған кездегі атмосфера-
ны, кейіпкерлердің мінезін олардың қылықтарын, 
әдеттерін, сөз саптауларын суреттегені арқылы 
ерекше ынтамен сезінгім келді. Томас Манн музы-
каны (кішкентай Ганноның пианинода ойнағанын, 
оның елірген сезімдерін) айрықша сипаттайды. Оқу 
барысында кітаптың шетіне белгілеп, бетбелгілер 
қалдырып, дәйексөздерді өзіме көшіріп алдым. Томас 
Манн маған әдемі неміс тілін үйретті, үйретіп те жа-
тыр. Неміс тілі оқытушыма дәйексөздерді көрсетіп 
оқып бергенімде, ол мәз-мейрам болып: «Сен СӨЗДІҢ 
қадірін біледі екенсің», – деді. Бұл оған қатты ұнады, 
итальян тілін өзі олай оқымағандықтан, маған 
қызғанышпен қарайтынын айтты, бірақ мен оны ын-
таландырдым.
P.S. Бүгін зиялылық ырқыма көнбей тұр. Мені 
ақтайтын жалғыз нәрсе – Хорхе Луис Борхестің «Кей-
біреулер жазған кітабымен мақтанса, мен оқыған 
кітабыммен мақтануды жақсы көремін» деген 
сөздері.
Мен әрдайым бірнеше кітапты қатар оқимын, бі-
реуі ғылыми кітап, екіншісі – әдетте, журнал көсем-
сөзі және үшіншісі – көңілге арқау болатын кітаптар. 
Сіздің кітабыңыз көңіліме арқау болды».


Оқырманды қалыптастыру
[ 139 ]
ҚЫРҒЫЗДАР ШЫҒАРҒАН КІТАП 
КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Қазақ тілін дамытуға үлесін қосып жүрген Қанат
Тасыбеков ағамыз «Ситуативный казахский» кіта-
бының үшінші томын жазу барысында өткен жолғы-
дай менің көмегімді сұрады. Соңғы томы сөздік фор-
матында шығады деп жоспарлануда, яғни қазақша 
тіркес не қанатты сөздің орыс тіліндегі баламасы 
беріледі. Бұл жақсы идея, қазақ тілін үйренушілердің 
сөздік қорын байытатыны сөзсіз.
Менің ол кісіге осы жолғы көмегім Қырғызстанда 
жарық көріп, осы әдісті қамтыған кітапты та-
уып бергенім болды. Ол кітапта қырғыз мақал-
мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі бала-
малары келтірілген.
2010 жылы Одессаға сапар шегіп, халықаралық 
жастар симпозиумына қатысқанымда, көрші жат-
қан бауырлас елден келген Арыстанбек деген 
жігітпен танысқан едім. Бұл кітапты қырғыз ба-
уырымнан көріп қалдым, жолда оқып жүр екен. 
Мұқабасы жасыл кітап. Сол кезден бері есімде 
қалып қалған ғой. 
Қанат ағаның былтыр кітабының үшінші томын 
жазып жатқанын естігенде, ойланбастан Арыстанбек-
ке хабарласып, әлгі кітап жайында сұрастырдым. Ол 
еш қиналмастан оны сканерлеп, Интернет арқылы 
поштама жолдады. Сосын мен оны Қанат ағама апа-
рып бердім. Ол да қатты риза болып қалды. Осылай 
көмек қолын беріп жүру, негізі, жақсы әдет.


[ 140 ]
Бесінші тарау
ҚАЗІРГІ АҚЫНДАР ПиццА ЖЕТКІЗУШІДЕЙ 
БОЛУЫ КЕРЕК
Оқырмандармен кездесу барысында жиі еститін 
сұрақтарымның бірі: «Отандық жас ақын, жазушы-
лардан кімді оқисыз?» Басында біртүрлі ыңғай-
сызданып қысылушы едім, бірақ кейінірек «ешкімді» 
деп жауап беретін болдым. Ащы болса да, шындық. 
Мен бұл үшін ұялмаймын және надандығым деп 
ойламаймын. Жас ақындар қай заманда өмір сүріп 
жатқанымен есептескені дұрыс. 
Бірде шенеуніктің қатысуымен өткен жас ақын-
дардың жиынында болдым. Сонда тәуелсіз жылдары 
қалыптасқан өлең шеберлерінің сөздері мен ойлауы-
ның кеңес кезіндегі ақындардан еш айырмашылығы 
жоқ екенін көрдім. Шенеуніктен өлеңдерін шығарып 
беруге қаражат сұрайды, кітаптарын басып беруді 
өтінеді. Бұған дейін бір жинақтары мемлекет 
қолдауымен басылып шығыпты, соған мәз. 
Ал, жарайды, басылған екен. Шенеунік қолдаса, 
тағы басылады. Бірақ басты мақсаты кітаптарын 
кітап қылып шығарып, достарының алдында мақтану 
ма, әлде шығармаларының шынымен де оқырманның 
жүрегіне жеткені ме? Ол кітаптардың басылып 
шыққанын кім біліп жатыр? Сонда өлеңді өз заман-
дасына жазбағанда кімге жазып жүр? «Болашақта 
дүниеге келетін оқырманым үшін жазамын», – десе, 
қаржыландыруды содан барып сұрасын.
Бізде ақын көп. Өлең жазбайтын қазақты әлі 
кездестірмедім. Неге олар бір-бірімен бәсекелестікке 
түспейді? Неге шығармалары бәсекелестіктен топ жа-
рып, оқырманға жол тартпайды? Мен тұтынушы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет