Ой салатын әңгімелер
[ 97 ]
рихты
айтпай-ақ қояйын, қазіргі дамыған елдерді
жарқын болашаққа жетелеп бара жатқандарға бір
көз салыңызшы – бәрі өзіне сенімді тұлғалар. Біз де
солардың жолын қуғымыз келсе, өзімізге сенімімізді
арттырып, құндылықтарымызды қайта қарауымыз
керек. Мүмкіндіктерді сырттан іздемей, өзіміз
қалыптастыра алатын жағдайға жетуіміз қажет.
Өзің жасаған әрбір мүмкіндік –
табыс көзі, еліңнің
дамуының кепілі.
Ондай жағдайға тек білімің көп болғанда ғана
жетесің. Ал білім кітапта жатыр.
Мақтаншақтықтан арыла алмайтын жайымыз бар
екен, онда бұл қасиетті конструктивті арнаға бұрып,
жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағыттайық.
Олай болса, кітап оқу «понты» етек алсын.
Тағы бір қайталайын: кітап оқу білімге жол ашады,
біліміңіз көп болған сайын мүмкіндіктерді сырттан
іздемей, оларды өзіңіз көре бастайсыз, өзіңіз жасай
аласыз, соның арқасында шыңдаласыз, оны табысқа
айналдырасыз, елдің дамуына үлес қосасыз.
КІТАП ОҚУДЫҢ ТАҒЫ БІР БЕРЕРІ
Бір қызық нәрсе байқадым.
Кітап оқыған сайын
дүниетанымың кеңейіп, жасай алатын мүмкіндіктерің
артып, өзіңе, отбасыңа, еліңе берерің көбейеді екен.
Уақытты бағалай бастайсың, жаңа бастамаларды
қолға аласың. «Ойдағы жобаларымды жүзеге асы-
рып, мақсатыма жетуге үлгермей қаламын-ау» де-
ген үрей пайда болады. Соның арқасында өз ортаң
да дұрыс қалыптасады, өз уақытын бағаламай, босқа
өткізетін таныстарыңнан арылып,
өнегелі адамдар-
ға жақындайсың, жаман әдеттеріңді қалдырасың,
дұрыс тамақтану қағидаларын ұстанып, дәрігерге
дер кезінде қаралатын боласың. Көлікпен жүргенде
ережені сақтап отырасың,
артық жылдамдықпен
жүрудің не екенін ұмытасың. Шылым шекпесең,
бастамайсың, шегіп жүрсең – тастайсың. Кете береді.
Бір сөзбен айтқанда, кітап оқитын адамның өмірге де-
ген құштарлығы да артады.
[ 100 ]
КІТАП ЖАЗУҒА АЛҒАШҚЫ ТАЛПЫНЫС
Өзін «Ресейдің №1 менеджері» деп таныстыратын
кітап шығарушы Игорь Манн «Номер 1» еңбегінде:
«Кәсібиліктің ең жоғары көрсеткіші – ол өзіңнің
кітабыңды жазып шығару», – дейді. Біз бұл нәрсені
менеджердің кітабы шықпақ түгілі, оның есімі
көпшілікке әлі беймәлім кезде түсінген едік.
Ең бірінші кітап жазуға талпыныс алтыншы сынып
оқып жүрген кезімде пайда болды.
Сол кезде әйгілі
тұлғалар, тарихи оқиғалар, ғылыми жаңалықтар тура-
лы ресейлік «100 великих» кітаптар топтамасы таны-
мал болатын. Бірде неге біз осы «100 ұлы ойын» кіта-
бын шығармаймыз деген ой келді. Бұл кітапта дүние-
жүзі бойынша танымал ойындармен қатар өзіміздің
ұлттық ойындарымызды қамтуға болушы еді. Мен осы
идеямды Төрехан досыма айттым. Екеуміз де ол кезде
он 12–13 жастағы баламыз. Ол да бірден қолдай кетті.
Кітаптың құрылымын жасап, мазмұнын жазып,
ойындардың тізімін топтадық. Жұмысты бөліп алып,
материал жинау жағы менің мойнымда болса, досым
шығару амалдарын іздестіретін болды. Бұл кезде
бізде компьютер болмады, бәрін қолмен жазып, біраз
дүниені топтадық. Ксерокс та жоқ,
қолмен көшіріп,
әбден қиналдық.
Әуежайдың мәдениет үйіндегі кітапханада біраз
уақытымызды өткіздік. Төрехан Алматыдағы Чехов