Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Кітап оқудан кітап жазуға
[ 101 ]
атындағы орталық қалалық кітапханадан керекті 
әдебиетті іздеп тауып келетін. Ойымыздағы кітапты 
жазып жүріп, аяқтауға таяп қалғанға дейін досым 
бірнеше баспаның табалдырығын тоздырды.
Біздің қоғам қызық қой. Бір бала келіп тұрса, «он 
үштегі баланың қолынан не келеді?» деген оймен 
сеніңкіремей қарайды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» де-
ген даналығымыз тек сөз жүзінде ғана қалып қояды. 
Көмектесіп, демеп жіберейін дейтін ешкім табыл-
майды. Көпшілік бұл қағиданы ұстанбайды. Ал ба-
тыс елдерінде «ана баланың жобасын қолдапты, 
мына баланың идеясына демеу болыпты» дегенді 
жиі естиміз. 
Баспалардың көбі досымның бетін қайтарды. 
Соңында заңға қатысты әдебиеттер шығаратын «Жеті 
жарғы» баспасына барыпты. Ол кезде баспаның редак-
торы болған бір әйел кісі (есімін ұмытып отырмын) 
идеямызға қызығып таңғалды. Өйткені баспаларға 
өз идеясы бар, кітап шығаруға қызығушылығы бар 
жас балалар бара бермейді ғой. Досым екеуміз барып 
әлгі кісімен кездестік. Қолымызда көзіміздің майын 
тауысқан қолжазбамыз бар. Ол кісі бізге: «Сендер 
кішкентай баласыңдар. Мен сендерді кері қайтарып 
жібере алмаймын. Біз заң әдебиетін шығарамыз. 
Сендердің жазғандарың біздің бағытқа келмей тұр-
ғанымен, балалардың еңбектеніп жүргенінің өзі үл-
кен дүние», – деп, қолжазбамызды алып қалды. Біз-
дің қуанғанымыз сондай – жақындарымызға хабар-
лап та үлгердік.
Өстіп жүргенде, ол кісі жұмыстан кетіп, орны-
на басқа бір кісі келді. Ал жаңа басшы біздің жазба-
ларымызға қызыққан жоқ. Ақыры сол баспада қалған 


[ 102 ]
Төртінші тарау
қолжазбамыз жоғалып кетті. Баспаға бір-екі рет ба-
рып таба алмадық. 
Төрехан досым 2012 жылы қайтыс болды. Ол 
кітапты көп оқитын. Мектеп қабырғасында жүргенде 
компьютердің тілін алғашқы болып игеріп, өз бетін-
ше бірнеше тілді меңгерді. Латын тілі өлі тіл саналса 
да, сол тілде жазылған кітаптарды іздеп тауып, үлкен 
қызығушылықпен оқитын. Екеуміздің арманымыз 
іске аспаса да, талпынысымыз өмірлік естелік болып 
қалды.
ТОЛСТОЙ ЕМЕССІҢ...
Меніңше, өлең жазбайтын қазақ жоқ. Мектепте 
жүргенде өлең де, әңгімелер де жазатынмын. Сынып-
тастарымды үйге ертіп келіп оқып беретінмін, оларға 
ұнайтын. Қолмен жазылған шатпақтарымды әдемілеп 
кітап қылып түптеп қоятынмын. Күндердің күнінде 
нағыз кітап болып шығып, оқырмандардың жүрегіне 
жол табады деген үміт те болды. Оныншы сынып оқып 
жүргенімде болу керек, «Полигимния» деген хикаят 
жазып, достарымның жақсы пікірлерінен кейін тілін 
білетіндерге ұсынып көрейін деп шештім. Сөйтіп, 
Жазушылар одағына алып бардым. Ешкімді таны-
маймын, бір кабинетке кірдім. Ішінде үлкен жастағы 
бір кісі отыр екен. Бала болған соң ұялып тұрмын. 
Жазбамды қалдырып тұрып шала-пұла түсіндірдім 
де, кетіп қалдым. Бір аптадан соң қайтып келдім. 
Қолжазбамның сау жерін қалдырмай сызып, шимай-
лап тастапты. Тез көз жүгіртіп шықтым: «Біздің елде 
бұлай болуы мүмкін емес», «Авторы қиял қуалап 


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 103 ]
кетіпті», «Образын аша білмейді» сынды пікірлерін 
жазыпты. Қолжазбамды қайтарды да, әлгі кісі: «Се-
нен дым шықпайды, адам жазғысы келсе, Толстойдың 
деңгейінде жазу керек, сен Толстой емессің!» – деп 
бетімді қайтарып тастады. «Әрине, Толстой емеспін. 
Толстой да бірден Толстой болмаған шығар», – деп 
іштей ренжідім де, кетіп қалдым. 
Біздің адам бір ауыздан баланы өмірінде тек бір 
рет – ол тәй-тәй басып жүре бастағанда ғана қолдайды 
екен. Кез келген кейінгі тәй-тәйін, әдетте, басып тас-
тайды. Осының кесірінен мәдениетіміз талай жазу-
шыдан, ғылымымыз талай ғалымнан, әрбір сала-
мыз нағыз мамандардан айырылып қалып жүрген 
сияқты.
АЛҒАШ ШЫҚҚАН КІТАБЫМ ТУРАЛЫ
Алғашқы кітабым жиырма үш жасымда жарық 
көрді.
Студент кезімде, саясаттануды оқи жүріп артық 
болмас деп жарты жыл журналистика мектебіне бар-
дым. Содан бері менің журналистика саласындағы 
жолым басталды десе де болады. Қай сала болмасын, 
әлі атың шықпай, тәжірибең жеткіліксіз болған кезде 
жұмысты өзің жүріп іздейсің.
Оқуға бара жатқанда автобус аялдамасындағы га-
зет дүңгіршіктеріндегі басылымдарды қарап тұра-
тыным бар еді. Бір күні жаңадан шыққан «Дайджест»
газетіне көзім түсті. Сатып алып, мұқият таны-
сып шықтым. Ол жерде қазақ газеттерінде шыққан 
мақалаларды орысшаға аударып салады екен. Мен 


[ 104 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет