Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Кітап таңдап үйрену
[ 49 ]
ұшырағанда күйін нақты бағалауға әсер етіп, оған 
жағдайдан шығу үшін қуат береді екен.
Содан соң екі топтағы қатысушылардың шығар-
машылық қабілеттерін байқамақ болып ойын 
ұйымдастырады. Он алты минут ішінде олар психоло-
гия факультетінде оқытуды жақсартуға бағытталған 
неғұрлым көп ұсыныстар жасау керек болыпты. Ба-
сында болжағандай, ашуланған студенттер көбірек 
идеялар айтып, олардың ұсыныстары жаңашыл
басқалардың ұсыныстарымен ұқсастығы бір пайыз-
дан төмен көрсеткіш көрсетеді.
2010 жылы ғалымдар тәжірибе жасап, ашуды ба-
сып тастау (қазіргі сәнге айналған кітаптар осы тура-
лы айтпаушы ма еді?) жедел жүрек жеткіліксіздігінің 
ықтималдылығын үш есе арттырып, қан қысымының 
көтерілуіне әкелетінін дәлелдей алыпты.
Нью-Йорк университетіндегі Габриэль Оттинген 
қызметке кіріскен президенттердің сөздерін талдап
солардың ішіндегі позитивті сөздер ақырында сол пре-
зиденттер билікте отырғанда жұмыссыздықтың өсуі 
мен ЖІӨ азаюына әкеліп соқтыратынын анықтаған 
(кез келген сәйкестіктер кездейсоқ). 
Қысқасы, осылай екен. Егерде сіз күле бермейтін 
және күле білмейтін Күлмесхан болсаңыз, қам жеме-
ңіз. Жүрегіңіз жақсы соғады екен. Мен де жөндеп күле 
алмаймын, езулерім қатты созылмайды. 

Сайып келгенде, қазіргі таңда сән болып отырған 
кітаптар бір күндік қана.


[ 50 ]
Екінші тарау
МОТиВАцияЛЫҚ КІТАП АВТОРЛАРЫ ТУРАЛЫ 
НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жоғарыдағы әңгімеге тұздық болсын. Интер-
нетте рас-өтірігі белгісіз мынадай бір ақпарат жүр. 
АҚШ-та «Некені қалай сақтап қалу керек?» атты 
кітаптың авторы әйелін атып өлтіріп, фейсбукта 
мәйіттің суретін жариялапты-мыс. Ал Дейл Карнеги 
болса жалғыздықта дүние салса, Бенжамин Споктың 
ұлдары әкесін қарттар үйіне тапсырмақшы болып
Мария Монтессори ұлын бала асыраушы отбасыға 
тапсырыпты. Себебі, ол өзінің бұл дүниедегі 
мақсатын «өзін бөтен балаларға арнау» деп санапты-
мыс. «Қалай бақытты болу керек?» бестселлерінің 
авторы депрессиядан асылып қалыпты-мыс. Мо-
тивация туралы кітаптар, жекетұлғалық өсу 
тренингтері, сайып келгенде, заманымыздың өнімі, 
түлкінің боғы.
ФРАНКЛДІ ОҚЫСАҢЫЗ ЖЕТКІЛІКТІ
Осыған орай тағы бір айтарым, мотивацияңыз жет-
пей, оны жүздеген кітаптардан іздеуге бел бусаңыз
көп уақыт жоғалтпай, бір ғана кітапты оқып шықсаңыз 
жеткілікті. Бұл кітап – жиырмасыншы ғасырда өмір 
сүрген австриялық психолог Виктор Франклдің «Ска-
зать жизни «Да»: психолог в концлагере» атты еңбегі. 
Қалың кітап емес және пішіні де шағын, бар-жоғы 
екі жүз беттей ғана. Бұл кітапты оқыған кез келген 
адамның мотивация тақырыбында ешқандай сұрағы 
қалмайды деп ойлаймын. 


Кітап таңдап үйрену
[ 51 ]
Франкл нацистердің концентрациялық лагерьле-
рінің тұтқыны болған адам. Ол Венада еврей отба-
сында дүниеге келіп, жас кезінен психологияға 
қызығушылық таныта бастаған. Вена университе-
тінде медицинаны оқып, кейін неврология және пси-
хиатрия саласын таңдап, депрессия мен суицидтің 
психологиясын терең зерттейді. Он тоғыз жасын-
да Sozialistische Mittelschüler Österreich мектебінің 
президенті болып, студенттерге аттестат алу кезеңінде 
қолдау көрсету бойынша арнайы бағдарлама жасайды. 
Франкл осы қызметінде жүргенде Вена студенттерінің 
арасында бірде-бір рет суицид фактісі орын алмаған екен.
Австрияны нацистік Германия басып алар алдында 
психолог Венадағы клиникалардың бірінде өз-өзіне 
қол жұмсаудың алдын алу бөлімін басқарып жүреді. 
Сол жерде жүргенінде өз-өзіне қол жұмсау қаупі бар 
отыз мыңнан астам әйел ол емдеген науқастардың 
қатарында болады. Алайда 1938 жылы фашистер 
басып кіргенде, Франкл еврей болғандықтан, оған 
науқастарды емдеуге тыйым салады.
Аншлюс Австриядағы еврейлерге үлкен қауіп 
алып келді. Франклдің АҚШ-қа қоныс аударуына 
мүмкіндігі болады. Бірақ ол ойланбастан одан бас 
тартқан. Өйткені, Америкадан тек жалғыз өзіне ғана 
шақыру келеді. Әйтсе де ғалым тума-туыстарын, 
қартайған ата-анасын тастап кетуге бармайды. 
Австриядан кетіп қалғанда, он бес жыл бойы жүргіз-
ген зерттеулері нәтижесінде жазылып жатқан кіта-
бын аяқтауға мүмкіндігі бар еді.
Фашистер Франкл мен оның жақындарын 
1942 жылы қамауға алып, концлагерьлерге айдап 
жібереді. Он бес жыл көлеміндегі зерттеулерінің 


[ 52 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет