@dzhigitbek :
«Бір демде оқылатын кітап. Оқуға ке-
ңес берем. Авторға құрметім ерекше. Бәкенің әлеуметтік
желілерде жазғандарын бақылап оқып отырамын. «Заманауи
қазақ қандай болуы керек?» десе, осы кісіні көрсетер едім. Елге
қызмет етіп жүре беріңіз, Бақытжан аға!»
@miras_kk :
«Аты – күміс, мағынасы – алтын! Оқушы-
дан бастап, орнынан әзер тұратын қартқа дейін оқу керек».
@aset.s.e :
«Мен сияқты жаңадан кітап оқуды баста-
ғандарға және кітап сүйер қауымға арналған екен. Кітап оқуға
құмарлықты арттырады».
@alymbetova_ardak :
«Бұл кітап оқырманды жалық-
тырмайды, керісінше бір деммен тез оқып шығасыз».
@danabekturgan :
«Мектепті бітірген күннен бастап
кітап оқу жайына қалған еді. «Күміс кітапты» оқып шыққан
соң, қайтадан кітап оқимын деп шештім».
@isatai94 :
«Кітаптың тағы бір ерекше ұнаған тұсы –
дизайны. Мұқабасының ішін кітап жайлы даналық сөздермен
толтырғаны тіпті керемет».
@abaiqyzy :
«Күткен адамымның кептелісте тұрып
қалғанының арқасында мен сыйлыққа алған кітабымды
өзім бірінші оқып тастадым. Қазақ жастары мотивацияны
шетелдің псиxологтары, экономистері, миллионерлерінен ал-
май, өзіміздің Бақытжан аға секілді қазақтардан алғанда ғана
мотивация нәтижесін беретін сияқты».
@brakerhost :
«Ақшадан қысылсам да алып оқиын
деп шештім. Кітап өзінің шағын болғанына қарамастан,
әрбір бетінде пайдалы ақпар мен ұсыныстарды көп
сыйғызған. Оқи отырып оқуға деген ынта-ықылас әрі
қарай алға жылжыған секілді. Біраз жаңа ойларға байып
қалғандай болып отырмын. Еңбегіңіз үшін үлкен алғы-
сымды білдіремін».