Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Досқан Жолжақсынов, 
кино және театр актері, кинорежиссер, 
халық әртісі
* * *
Интернет пен ақпараттық технологиялардың қар-
қынды дамыған ғасырында дәстүрлі кітап оқу интер-
нет-сайттарды оқумен және әлеуметтік желілерде пікір 
алысумен алмасуда. Бірақ бұл мүлдем тең мәндегі ал-
масу емес. Жақсы кітаптар – жүйелі білімнің бірден-бір 
көзі, жалпы адами кемеңгерлікті бір ұрпақтан келесі 
ұрпаққа жеткізудің ғасырлар бойғы тексерілген құралы 
болып қала береді. Интернет және ақпараттар алудың 
алуандығы ғасырында жақсы кітаптардың құндылығы 
артады, себебі тек солар ғана сапалы білім бере алады. 
Кітап оқымайтын адамдар зияткерлік тұрғыдан да-
муын тоқтатады. Ал бұл – надандық пен рухани құл-
дырауға апаратын тура жол. Осы ретте Бақытжанның 
жаңа кітабы жас ұрпақ үшін өте маңызды месседждерді 
қамтиды деп санаймын. Автор жастар ортасында кітап 
оқуды дәріптеуге бағытталған идеяларды қолжетімді 
түрде және қызықты нысанда алға тартады. Көптеген 
жастарға осы ой қозғайтын әрі парасатты кітапты оқу 
өте пайдалы болатынына сенімдімін.
Мәулен Әшімбаев
,
 
саясаткер


[ 152 ]
Күміс кітап
* * *
Бүгінде, әлеуметтік желі мен Интернет өміріміздің 
ажырамас бөлігіне айналған тұста, түрлі адамдардың 
жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығының 
бара-бара төмендеп жатқандығы жайлы пікірлерін 
естуімізге және оқуымызға тура келіп жатыр. Бұл мә-
селе қазіргі өміріміздегі кітаптың рөлі жайлы маңыз-
ды талқылауларға ұласуда. Тіпті саясаткерлердің өзі 
жас ұрпақтың жылдам әрі мобильді ақпарат алуы 
үшін ғаламторға көбірек қызығатындығына алаң-
даулы. Сол үшін де кітаптың маңыздылығы жайлы 
қайта-қайта айтылуы өте орынды.
Бақытжан Бұқарбайдың кітабы осы талқылауға 
қосылған салмақты үлес болып саналады. Кітаптың 
жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылуы автордың өз ой-
ларын қалың аудиторияға жеткізе алуына мүмкіндік 
береді. Аталмыш кітап біреуге ақыл үйрету үшін 
жазылған әңгімелер жинағы емес, керісінше, ол – 
әрекетке итермелейтін месседж. Автор тек бүгінгі 
мәселер туралы ғана ойландырып қоймайды, оның 
осы еңбегін оқып болған соң қолыңа келесі бір кітап-
ты алғың келіп тұрады. 
Бақытжанның осындай тақырыпты алғандығы 
үшін алғыс айтқым келеді. Осы кітап арқылы оның 
жастармен кездесіп, соларға тікелей жүгініп, мәде-
ниет, сөз және ой құндылықтарымен таныстыра тү-
седі деп үміттенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет